105
3-тарау
•
Эмиль
Дюркгейм
депрессия жағдайында болуы тиіс жайт. Дағдарыстан кейін зауыттың жабы-
луы және соның салдарынан реттеуші күштер тарапынан шарасыздық та ны-
тылуы адамдардың жұмыс орнын жоғалтуына әкелуі ықтимал. Осы немесе
басқа құрылымдардан (мысалы, отбасы, дін және мемлекет) адамның шет-
тетіліп қалуы оны аномиялық құбылыс алдында дәрменсіздікке ұрындыруы
мүмкін.
Экономикалық өрлеу кезінде мұндай жағдайды елестету қиындау. Бұл жағ-
дайда Дюркгейм тосыннан табысқа жеткен адамдар дәстүрлі құрылымдардан
алыстайды деп санайды. Соның нәтижесінде адамдар өз жұмысын тоқтатуы,
жаңа
қауымдастыққа көшуі, тіпті жаңа жұп табуы мүмкін. Осы өзгерістердің
барлығы бұрыннан бергі құрылымдардың реттеуші әсерін бұзады және эко но-
микалық өсу кезеңінде аномиялық қоғамдық бағыттарға қарсы тұруда адамды
қиындықпен бетпе-бет жеке қалдырады. Осындай жағдайда адамдардың әре-
кеті басқаруға келмей қалады, тіпті олардың армандары да шектелмейді. Эко-
номикалық өсу кезеңінде адамдар өздерін жарқын болашақ күтіп
тұрғандай
сезініп, кейін «күткен армандармен салыстырғанда шындық түкке тұрғысыз,
мәнсіз нәрсе болып көрінеді» (Durkheim, [1897] 1951:256).
Әлеуметтік өмір мемлекеттік реттеуден босатылған кезеңдерде аномиялық
суицидтің өсуі Дюркгеймнің индивидтердің сыртқы шектеуден толық боса ты-
лып, жеке құмарлыққа берілудің зиянды әсері туралы көзқарасына сәйкес ке-
леді. Осылайша, реттеуден босатылған адамдар
өз құмарлығының құлы болып,
нәтижесінде, Дюркгеймнің пікірі бойынша, көптеген жойқын әре кеттерге, тіпті
өздерін өлтіруге дейін барады.
Достарыңызбен бөлісу: