Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Алғашқы әскери дайындық» оқу пәні



Pdf көрінісі
бет171/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

«Алғашқы әскери дайындық» оқу пәні 
«Алғашқы әскери дайындық» (бұдан әрі – АӘД) меншік түрі мен 
ведомствалық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім 
беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-
техникалық мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу 
жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып 
табылады. 
Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныпта «Алғашқы әскери дайындық» 
пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі 
№ 115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. 
Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды 
алғашқы әскери қызметке даярлау, ӛткізу және ұйымдастыру үшін негіз болып 
табылған құжаттар мыналар:
1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы. 
2) «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру және ӛткізу, 
сондай-ақ, алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-материал базасын құру 
ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 
ақпандағы №118 қаулысының және «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру 
және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру 
қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 
2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 бұйрығының күші жойылды, оны 
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 
347 бұйрығымен ауыстыру қажет (Қазақстан Республикасының Әділет 
министрлігінде 2017 жылғы 20 қыркүйекте № 15725 болып тіркелген). 
Алғашқы әскери дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске 
асырылады. Теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, 
техникалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып әңгімелеу 
және сұхбаттасу түрінде ӛткізіледі. Практикалық сабақтар қарулану және 
әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және ӛзге де жабдықтарды қолдана 
отырып оқу материалын игеруге бағытталған. 
Оқу пәнінің мақсаттары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде 
қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың 
білімдерін қалыптастыру, оқушылардың ӛмірлік қабілеттері мен дағдыларының 
дамуын қалыптастыруға ықпал ету.
Оқу пәнінің міндеттері: 
– оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету 
үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, 
практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау; 
– оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі 
туралы біртұтас түсінігінің ӛзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру. 
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын 
дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын 
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.


300 
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері 
бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен 
тұрады. Оқу орындарын қару және ӛзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу 
құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады. 
11-сынып оқушыларының АӘД пәні бойынша нормативтер мен 
практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының 
соңында 4 сағат кӛлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ) 
қарастырылған.
11-сыныпта оқушылар азаматтық қорғаныс және медициналық білім 
негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, 
ірі кӛлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі заманғы қырып-жою қаруларын 
қолданған кезде Қазақстан Республикасының халқын қорғау бойынша іске 
асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен қатар тӛтенше жағдайлар пайда 
болған аудандарда және зақымдану ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын 
жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік кӛмек кӛрсету 
ережелерімен танысады. 
Әрбір оқу орнында меншік түрі мен формасына қарамастан АӘД 
бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады: 
1) қамтамасыз ету табеліне сәйкес кӛрнекі құралдар, АӘД оқытудың 
кӛрнекілік, техникалық құралдарымен, стендтермен жабдықталған оқу бӛлмесі; 
2) алғашқы әскери дайындық, ӛмір қауіпсіздігінің негіздері және 
азаматтық қорғаныс, медициналық білім бойынша арнайы жабдықтарды 
сақтауға арналған бӛлме; 
3) саптық дайындық бойынша сабақ ӛткізу алаңы; 
4) рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін 
орын; 
5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын; 
6) тактикалық алаң
7) кедергілерден ӛту жолының кешені; 
8) жабдықталған ату тирі; 
9) әскери және еңбек даңқының бұрышы. 
Оқу орындарын қару және ӛзге де әскери-техникалық құралдар 
макеттерімен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске 
асырылады. 
Алғашқы әскери дайындықты оқытушы-ұйымдастырушы әскери іс 
негіздерін оқыту үдерісінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан 
Республикасының тәуелсіздігін қорғау қажеттілігіне деген сенімділік, әскери 
қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыру секілді тәрбиелеу мен 
оқытудың басты міндеттерін шешеді. Әр сабақ сайын жастардың әскери анттың 
рӛлі мен маңызын түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, 
оның дәстүрлері мен әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери 
мамандыққа деген қызығушылықтарын дамытып, жастардың әскери білім 
алуларына деген ұмтылыстарын ынталандыру керек. Сонымен қатар Қазақстан 
Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Әскери Күштердің тұрмыс-


301 
тіршіліктерін реттестіретін құжаттар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау 
– әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.
Саптық дайындық бойынша сабақтар арнайы алаңда (плацта) ӛткізіледі. 
Практикалық сабақтарды ӛткізу кезінде оқушыларды үйрету әдістемесіне 
(оқытушының саптық тәсілді тұтас және бӛлшектеп кӛрсетуі мен оқушылардың 
жаттығуы) баса назар аударылады. 
Оқушылардың бойында саптық дайындық элементтерін орындау 
дағдыларын шыңдау басқа пәндерді оқу кезінде, сондай-ақ алғашқы әскери 
дайындық бойынша сыныптан тыс іс-шаралар кезінде де жалғасады. 
«Ӛмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 10-11-
сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 25 сағаттық 
жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-
ұйымдастырушысы жүзеге асырады. 11-сыныпта оқушылар азаматтық 
қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және 
соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі кӛлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі 
заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының 
халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен 
қатар тӛтенше жағдайлар пайда болған аудандарда және зақымдану 
ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған 
адамдарға алғашқы дәрігерлік кӛмек кӛрсету ережелерімен танысады. 
Ӛмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып 
табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі. 
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік 
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 
«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды 
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында 
мерекеленетін мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады.
Оқушылардың алғашқы әскери дайындық бойынша қорытынды тексеру 
сынақтарын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып 
саналады, сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, спортқа, әскери 
істерге қызығушылықтарын қалыптастырады, дене шынықтыруды жетілдіреді. 
«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:
11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет