297
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Дене шынықтыру» білім саласы бойынша «Дене шынықтыру»,
«Алғашқы әскери дайындық» пәндері оқытылады.
«Дене шынықтыру» оқу пәні
«Дене шынықтыру» оқу пәні ретінде жалпы
білім беретін мектепте
маңызды рӛль атқарады, жалпыадамзаттық мәдениет саласында белсенді
шығармашылық түрде ӛзін-ӛзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Оқыту мақсаты:
– ӛз денсаулығына ықтиярлықпен қарау, оны нығайту мен ұзақ мерзім
сақтай білу қажеттілігін тәрбиелеу;
– физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;
– салауатты ӛмір салтын ұйымдастыруда
дене тәрбиесі құралдарын
шығармашылықпен қолдану.
Оқыту міндеттері:
– денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және
негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;
– базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық іс-қимыл әдістерін
жетілдіру;
– денсаулығын ұзақ мерзім сақтау және нығайту қажеттілігіне, ӛз
денсаулығына ықтиярлықпен қарауға тәрбиелеу;
– дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы,
қазіргі дамуы
мен салауатты ӛмір салтын қалыптастырудағы рӛлі туралы білімдерін шыңдау;
– тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде
ұжымдық іс-қимыл мен ынтымақтастық межелерін сақтау.
Оқу бағдарламасы екі бӛлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім»
(ақпараттық компонент), «Дене бітімін жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік
компонент).
Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан
алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық
технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің
тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін,
мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру
қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын
жергілікті білім беру
мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.
Бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері
мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім ӛздігінен жеке
талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың ӛзіндік шкаласын
құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімін бағалауына
болады. Дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде
оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып,
сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын
298
дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады,
бұл мақсаттар оқылатын
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:
– мұғалім ӛз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс
дағдысына байланысты ұсынылып отырылған бағдарламаның кез келген
бӛлімін ӛзінің материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге)
құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талаптар жүзеге асыру барысында;
– мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес оқушылардың даярлығы
мен сабақтың нақты жағдайына қарай ӛз жұмысын ұйымдастырады;
– оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында
бақылау-сынақ алу сабақтары ӛткізілуі тиіс;
– дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша
бағаланады: жекелеген бақылау нормативтерінің нәтижелері; Президент
сынамалары нормативтерін орындау нәтижелері (мұғалімнің таңдауы
бойынша).
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары
бойынша сабақтарды толық
мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру
ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл
сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен
(ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.
Бұл бағдарламада мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке
тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі
нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында
біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты
оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын
кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
Дене шынықтыру пәні сабақтары гендерлік қағидат бойынша (қалалық
жерлерде – әр топта 8 ұл (қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ұл
(қыз) баладан кем емес болған жағдайда) ӛткізуде сыныпты екі топқа бӛліп
оқыту жүзеге асырылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бӛлу
барлық қажетті медициналық
құжаттардың ұсынуымен, медициналық
тексерістің нәтижесі кӛрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында
мерекеленетін мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және ӛткізу
мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік кӛмек кӛрсету мақсатында
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Ы.Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың
сайтына (
www.nnpcfk.kz
) және академия сайтына орналастырылған (
nao.kz).
Дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:
11-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.