Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет77/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

Шетел тілі бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі: 
5-9-сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды. 
«Шетел тілі» пәнінен оқу жұмысын ұйымдастыруда келесі ұсынымдар 
беріледі: 
1. Білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған 
«Independent project» юнитына назар аудару қажет. Жоба жұмысы арқылы 
мұғалім мақсаттар мен сӛйлеу дағдыларының түрлеріне бағытталған 
қалыптастырушы бағалауды жүргізе алады. Жоба жұмысының түрі мен 
мазмұны (тақырыптық мазмұны, іс-әрекет түрлері, күтілетін нәтижесі, бағалау 
түрлері және т.б.) мектеп ішіндегі әдістемелік бірлестіктерде талқыланады.
2. «Reading for pleasure» бӛлімінде оқу дағдысын дамыту үшін әдістемелік 
нұсқауларды белсенді қолдану керек. Кӛркем және оқу әдебиет мәтіндерімен 
жұмыс жасау ағылшын тіліне оқытудың міндетті элементі болып табылады 
және білім алушылардың алған дағдыларын бекітуге мүмкіндік береді. 
Шетел тілі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің үлкен 
білімдік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар. Бұл жұмыс шетел тілі 
туралы білімді арттырып қана қоймай білім алушының мәдениеттану ой-ӛрісін, 
шығармашылық белсенділігін, эстетикалық талғамын тереңдетуге мүмкіндік 
береді, ӛзге елдің тілі мен мәдениетін үйренуге деген қызығушылығын 
арттырады. Міндетті курспен қатар толық практикалық, тәрбиелік, дамыту 
мақсаттарын жүзеге асыруға толық жағдай жасайды.
Шетел тілін сыныптан тыс оқытуды моделдеу іс-әрекетінің негізгі тәсілдері: 
• тақырыптық ойын кештері; 
• елтануға арналған үйірмелер; 
• шетел тілдері апталығы; 
• бейнеклубтар, тілдік орталықтар; 
• шетел тіліндегі театрландырылған қойылымдар және т.б.
Тілдік құзыреттілікті бағалауда ескерілетін жағдайлар: 
1. Білім алушылардың тілдік қателерін атап ӛту керек және олардың 
назарын жіберген қателеріне қарапайым тәсілмен аудару қажет, алайда егер 
білім алушы ӛз білімін кӛрсете алған болса, қателердің бағалауға әсері болмауы 
керек. Білім алушының ең басты мақсаты – ӛз ойын қарапайым сӛзбен бере 


132 
білуі, бұл жағдайда грамматикалық талаптар дұрыс сақталмауы мүмкін. Уақыт 
ӛте келе оның ӛзіндік сӛйлеу дағдысы қалыптасады, нақтыланады әрі 
дұрыстала түседі. 
2. Сұраққа жауап беру барысында білім алушылар бірінші тілді қолдана 
алады. Олардың шектеулі сӛздік қоры мен мақсатты тіл бойынша білімдерінің 
аздығы сӛз сӛйлеу мен жауап беру кезінде кедергі болуы мүмкін болғандықтан, 
оқудың бірінші сатысында (кем дегенде ішінара) бұл рұқсат етіледі. Сондықтан 
барлық білім алушылар мақсатты тілге қашан кӛшуге болатынын келісіп 
алғаны жӛн және келісілген уақыттан бастап бірінші тілді қолдану тоқтатылуы 
керек. 
3. Мұғалім ережеге сәйкес ауызекі сӛйлеу тілінде кеткен қателерді 
перифраз кӛмегімен дұрыстайды, бірақ білім алушыға дұрыс түрін қайталату 
міндетті емес, себебі ол айтқалы жатқан ойын үзіп және ӛзге тілде ӛз ойын 
сенімді жеткізе алмай қалуы мүмкін. 
4. Егер бір рет жіберілген қате тағы да қайталанса, сәйкес тақырыпты 
түсіндіру соңында мұғалім дұрыс үлгідегі сӛздерге мысалдар келтіреді және 
қажет болған жағдайда оның грамматикасына баса назар аударады. Бұдан ӛзге, 
сынып білім алушылары немесе мұғалім барлығы ынтымақтасқан іс-әрекет 
негізінде кейбір тақырыптарға байланысты лингвистикалық мазмұндағы 
сӛйлемдерге мысалдар келтіре алады. 
5. Жазба жұмысты тексеру барысында тілдік қателер ескерілмейді (егер 
білдіретін ойы мен мәтіні түсінікті болса), бірақ педагог оны ӛзінің 
түсініктемесінде кӛрсетеді. 
«Шетел тілі/Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бӛлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) 
және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. Тӛменде 45-
кестеде оқу пәнінен бӛлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің 
нақты саны кӛрсетілген. 
45-кесте. «Шетел тілі» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып 
Бӛлім бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
5-сынып 




6-сынып 




7-сынып 




8-сынып 




9-сынып 




«Шетел тілі/Ағылшын тілі» бойынша қорытынды аттестаттау 
Қорытынды аттестаттау білім беру стандарты мен оқу бағдарламасында 
белгіленген талаптар шегінде білім алушыларда оқылатын шетел тілінің 
практикалық меңгеру деңгейін бағалауға арналған. Білім алушыларды 
қорытынды аттестаттау объектісі коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру 
болып табылады. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты білім алушылардың 
негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 


133 
пән бойынша оқу бағдарламасының кӛлемін меңгеру дәрежесін анықтау болып 
табылады. 
Қорытынды аттестаттау «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен 
кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы 
бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды ӛткізудің үлгілік 
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығымен бекітілген 
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын 
іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне 
ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің 
үлгі қағидалары, сонымен қатар Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен 
ӛткізу бойынша Нұсқаулыққа сәйкес ӛткізіледі.
2019-2020 оқу жылында Шетел тілі мұғалімдерімен әдістемелік жұмысты 
жоспарлау 
кезінде 
педагогикалық 
қызметкерлердің 
мүдделері 
мен 
сұраныстарын, олардың кәсіби шеберлігі мен дағдыларын ескеру қажет. 
Шетел тілі мұғалімдерінің тамыздағы пәндік секцияларында тӛмендегі 
сұрақтарды талқылау ұсынылады:
1. Негізгі орта мектепте жаңартылған білім мазмұны аясында шетел тілін 
оқытудың ерекшеліктері.
2. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында шетел тілі пәнінен әдістемелік 
бірлестіктердің жұмысын жоспарлаудың ерекшеліктері.
3. 2019-2020 оқу жылында шетел тілін оқытуда мұғалімдердің тәжірибе 
алмасуы мен семинарларын жоспарлау.
Жаңа оқу жылында шетел тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік 
отырыстарында тӛмендегі сұрақтарды қарастыру ұсынылады:
- шетел тілі бойынша білім беру процесін ұйымдастыруда заманауи 
тәсілдерді іске асыру;
- қалыптастырушы бағалауды ӛткізу;
- шетел тілін оқытуда шығармашылық бастамаларды енгізу және сабақтан 
тыс қызметті ұйымдастыру;
- шетел тілі пәні бойынша бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға 
дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет