Ергежейлі: Ергежейлінің елуі жиылып бір тоқтыны жыға алмапты (мақал).
Ергежейлі сөзі көне erngek – бармақ деген сөзден туған деп топшылаймыз. Erngek сөзі «
бармақ » мағынасында Махмуд Қашғаридың сөздігінен кездеседі. Beş erngek tüz ermes – бес
бармақ бірдей болмас (MK. A. I. 121). Бұл сөз erenek болып та айтылуы мүмкін (сонда, 104).
Erngeyü деп алты бармақты
адамды не өте қысқа бойлы, бойы
екі аршын адамды атаған
(сонда, 136). Сөйтіп,
ергежейлі сөзі көне erngek (ernek) – бармақ сөзінен шыққан
мағынасы
– « өте кішкентай, бармақтай ». Қазақ тіліне сай фонетикалық өзгерістің нәтижесінде ng-мен
дыбысталған көне дыбыс қазақ тілінде
г болып қалыпталған,
у (j) дыбысы ж-ға айналған да,
осының нәтижесінде аяғындағы ü дыбысы «
й » болып оған
сын есімдік қосымша -лі
жалғануы арқасында қазіргі қазақ тілінде бұл сөз
ергежейлі болып қалыптасқан тәрізді.
Çevirisi:
Достарыңызбен бөлісу: