Әлемдік елдер арасындағы түрлі салалардағы байланыстардың нығаюы,
өмірдің
барлық салаларында мәдениетаралық байланыстардың қарқынды өсуі шетел тілдерін білуді
қажет етеді. Шет тілдерін білу - бұл әлеуметтік кеңістікте сәтті бейімделудің шарттарының
бірі, ол әр деңгейдегі әр түрлі елдердің мамандары арасындағы белсенді қарым-қатынасқа
ықпал етеді. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев ағылшын
тілінің әлемдік қоғамдағы ерекше рөлін атап өтіп, ағылшын тілін білу - бұл ғаламдық өмірге
жолдама, адамның жетістікке жету принципі деп атап өтті. Ағылшын тілін білу,
шетелдік
коммуникативтік дағдыларын дамытудың жоғары деңгейі, адамдардың басқа мәдениетті
тасымалдаушыларымен байланысқа түсуіне, олармен белсенді қарым-қатынас жасай алуына
ықпал етеді. Шетелдік коммуникативтік дағдыларын дамыту – орта мектеп оқушыларына
шет тілдерін оқытудың мақсаты болып табылады.
Оқушылардың коммуникативті
дағдыларын жетілдірудің тиімді құралдарының бірі әр түрлі мәселелерді шешу мақсатында
интерактивті сөйлеу әрекеті кезінде ойлармен және идеялармен алмасу болып табылады, бұл
өз кезегінде оқушылардың сөйлеуін дамытудың, ойлауды ынталандырудың ең тиімді әдісі
болып табылатын белсенділік. Мұны білім беру жағдайында
пікірталас арқылы, белгілі бір
тақырыпты немесе мәселені талқылау процесінде жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: