Ключевые слова: онлайн-обучение, традиционное образование, новые технологии обучения,
трудности дистанционного обучения, важность формата обучения.
Summary: The development of new technologies has begun to open many opportunities for the
humanity. Including distance learning. With the gradual improvement of innovation, teachers began to use
online strategy as one of the learning tools. Online learning is one of the most effective ways not only to
expand the coverage of education and reduce its costs, but also to open new opportunities to improve the
quality of teaching. Especially since 2020, due to the global pandemic, many countries, including
Kazakhstan, are introducing this new method into the training base. Both formats are important in teaching
English. On the one hand, classes are conducted on various platforms with the help of modern online
learning techniques, and on the other hand, conducted in the classroom by face-to-face education.
Key words: online learning, traditional education, new learning technologies, difficulties of distance
learning, the importance of the learning format.
Қазіргі заманғы оқыту әдісі соңғы 100 жыл ішінде үлкен өзгерістерге ұшырады, бірақ
классикалық дәстүрлі оқыту немесе бетпе-бет оқыту форматы әлі күнге дейін өз құндылығын
жоғалтқан жоқ.
Оқытудың дәстүрлі әдісі деп ең алдымен XVII ғасырда дидактика принциптерінде
қалыптасқан, Я.А. Коменский негізін қалаған және қазіргі күнге дейін әлемнің сан алуан
мектептерінде пайдаланатын оқытуды сынып – сабақтық жүйесі. Сынып – сабақ жүйесі
педагогикалық процестің одан әрі жетіліп ұйымдастырылған дайындау қажеттілігіне
байланысты пайда болған, себебі сол ғасырдың ортасында оқуға келушілердің санының
көбейе түсуіне байланысты шамамен бір жастағы балаларды оқу топтарына жинақтай
бастады.[1]
Соңғы жүз жылдықта дәстүрлі әдісті одан әрі дамытуға бағытталған бірнеше
зерттеулер жүргізу үстінде. Дәстүрлі сыныптағы немесе бетпе – бет оқыту тарихи түрғыдан
мұғалімдерге бағытталған процесс болды, студенттер мұғалімдермен тікелей қарым –
қатынас жасау арқылы – мұғалімдер мен студенттердің жеке қарым-қатынасы арқылы
немесе жанама түрде-оқушылар мен мазмұн арасындағы қарым қатынас, негізінен мазмұнды
түсіндіруге және пайымдауға бағытталған. Дәстүрлі білім берудің басты міндеті-Мұғалімдер
келесі ұрпақтың материалдық және әлеуметтік жетістігі үшін қажет деп санайтын моральдық
және әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын, фактілері мен нормаларын келесі ұрпаққа беру.
Тарихи тұрғыдан алғанда, дәстүрлі білім берудің негізгі әдісі қарапайым ауызша
жаттау болды. Ал ендеше, дәстүрлі білім берудің артықшылықтары мен кемшіліктерін бөліп
қарастырып шығайық:
Ең алдымен көпшілдік пен ынтымақтастық сезімі жайлы сөз қозғаған жөн: дәстүрлі
білім оқушыны жалғыздық сезімінен арылуға ықпалын тигізеді. Студент өзін академиялық
қиындықтарға тап болмағандай сезінуі мүмкін және тіпті өздеріне деген сенімділікті арттыра
алады.
Екіншіден, топтарда жұмыс істей білу: дәстүрлі білім, жалпы топтық жобалар мен
оқушылардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Нәтижесінде олар бір-бірінен үйреніп,
күмән мен уайыммен бөлісе алады. Бұл әлеуметтік байланыстар жаңа идеялар ұсынуға және
шығармашылықты ынталандыруға көмектеседі.
Үшіншіден, бетпе-бет алынатын білім тұрақты және берік жоспар жасайды: өз уақытын
басқара алмаған студенттер тұрақтылықты ұсынатын және орындауға оңай болатын оқу
жоспарын бағалайды. Дәстүрлі білім беру оқушыны сабаққа қатысуға және қажет болған
жағдайда оқуға мәжбүр етеді. Яғни уақытты үнемді пайдалануға, күнтізбесін құрастыруға
әсерін тигізеді.
Төртіншіден, дәстүрлі оқыту студенттер үшін салауатты бәсекелестік ортаны
қамтамасыз етеді. Бұл сыныптағы жақсы қарым-қатынасты жеңілдетеді және ұғымдарды
оңай түсінуге көмектеседі. Яғни бетпе-бет жүргізілген сабақта назар көбінесе тек мұғалімде
болады. Сыртқы әсер етуші факторлар болғанымен, олар тез сейіліп қалады.
Дәстүрлі білім көптеген мәдениеттерде қазір қолайлы болып көрінгеннен гөрі күштірек
мәжбүрлеу элементтерімен байланысты. Кейде оған мыналар кірді: сыныпта тәртіпті сақтау
немесе қателіктер үшін жаза ретінде дене жазасын қолдану; үстем дін мен тілді тәрбиелеу;
оқушыларды жынысы, нәсілі және әлеуметтік класы бойынша бөлу, сонымен қатар қыздар
мен ұлдарға әртүрлі пәндерді оқыту. Бұл оқушының оқуға деген ынтасын қашырып,
мотивациясын жоюы мүмкін.
Соңғы жылдары ақпараттық технологияны қолдануды немесе электронды енгізу оқу
процесін білім алушыларға шоғырландыруға мүмкіндік берді, бұл барлық – студенттер,
оқытушылар және курс әзірлеушілері, білім алушылар, мазмұн, интерфейстер,әкімшілік
қызметкерлер, код, орта және т. б. арасындағы бірнеше өзара әрекеттесуді қамтамасыз етті.
Қашықтықтан білім беру өмір салты, орналасқан жері немесе уақыт шектеулері күндізгі оқу
бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік бермейтін көптеген адамдар үшін балама ретінде
басталды.
Ал ендеше, онлайн оқудың артықшылықтарын қарастрып көрейік.
Ең алдымен, интернет арқылы оқу көптеген кедергілерді жояды, өйткені ол білімнің
өркендеуіне кеңістік жасайды. Яғни әлемнің кез келген бұрышынан мулдем басқа жердегі
мұғалімнен дәрістер алып, білім арттыруға болады. Бұл кеңістік үшін қаражат төлеуді қажет
етпейді. Яғни сабақ физикалық кабинетте емес, желіде өтілгендіктен, оған жету үшін де
уақыт немесе қаражат кетірудің қажеті жоқ. Бұл артықшылық ең алдымен мүмкіндігі
шектеулі жандарға үлкен көмек болып табылады. Әр білім алушы өзі қалаған жерінде желіге
кіретін гаджетін алып дәрістер тыңдап немесе алуан түрлі онлайн жаттығулармен өзін
дамыта алады. Сонымен қатар, қаражатқа нақтырақ келетін болсақ, ғаламторда белгілі бір
программаларды тегін орнату арқылы онлайн оқуға болатын көптеген мүмкіндіктер
ашылады.[2, 1-12]
Кейбір студенттер өз үйлерінен шыққысы келмейді, және олар үйден шығып сабаққа
барудың өзін бір қорқыныш көреді. Адамзат болғандықтан, әркімнің өз санасы мен
қалаулары бар. Яғни кейбір адамдар қоғам арасында болғысы келмейді немесе өздерін
көпшіліктің ішінде ыңғайсыз сезінеді. Соның әсерінен олар дәстүрлі сабақтарда сенімсіздік,
қобалжу және тағы да басқа факторлармен ойы бөлініп, негізгі сабақ тақырыбын, идеясын
түсінбей қалуы мүмкін. Осындай білім алушыларға онлайн оқу ең тиімді нұсқа болып келеді.
Олар компьютер алдында отырып негізгі ойы мұғалімнің беріп жатқан білімімен ауланып,
сыртқы әсер етуші факторларға алданбайды. Яғни бұл сабақты тиімдірек әрі тез қабылдауға
әкеледі.[3, 7-19]
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, өндірістің қарқынды дамуы, жаңа
технологиялар мен басқарудың әртүрлі формаларын енгізу жағдайында кәсіби дайындықтың
жоғары деңгейі бар болашақ мамандарға қажеттілік туындайды, олардың құрамдас
бөліктерінің бірі шет тілін кәсіби меңгеруі керек. Бірақ бұл мақсатқа жету үшін білім
алушының шет тілін үйренуге деген құлшынысы мен ынтасы болуы керек. [4, 1-7]
Яғни ағылшын тілін білу – социумның қажет ететін бір элементі. Онлайн форматта
ағылшын тілін үйрену көптеген жылдан бері үздіксіз дамып жатқан процесс. Бұл онлайн
форматта оқытылатын алғашқы пәндердің бірі болып табылады. Өйткені әлемдік тіл
болғандықтан, адамдар бір-бірімен тілдесіп, сөйлесуіне ғаламтор желісі ең тиімді құрал
болып есептелінеді. Сонымен қатар, көптеген тіл үйренушілер сол тілді ана тілінде
сөйлеушілерден үйренгісі келеді. Осылайша, ғаламтор арқылы шет елдік мұғалімдерден
білім алушылар саны күннен күнге артуда.
Онлайн сабақтар мен дәстүрлі оқудың артықшылықтары мен кемшіліктерін мектеп
оқушылары жакқсырақ ажырата алады. Себебі қазіргі болып жатқан жағдайға байланысты
көптеген оқушылар дәстүрлі оқу форматынан онлайн форматқа ауысқан болытын. Зерттеу
нысаны ретінде 7-ші мен 10-шы сынып аралығындағы мектеп оқушыларынан сауалнама
жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде қойылған 7 сұраққа 122 мектеп оқушысы жауап
берді.Сауалнама Google Forms сайтында жасалынып, өткізілді. Жауаптарға қарап
оқушылардың онлайн және дәстүрлі оқуға деген көзқарастарын түрлі категорияларға
саралап, қарастырып көрейік.
1-сурет – 1-ші сұрақ статистикасы.
1-ші сұрақ жай қай сыныпта оқитындығы жайлы болды. Мектеп қабырғаснда оқитын
әр сынып оқушысының түсінігі әр түрлі. Бұл сауалнаманы 7-10 сынып аралығындағы
оқушылар арасында жүргізген ең басты себеп, 13 жастан асқан бала жасөспірім деп
есептеледі. Яғни, өзінің жеке пікірі мен ойы бар адам болып қалыптасып келе жатқан тұлға.
117 оқушының ішінде:
7- сынып – 17 оқушы
9- сынып – 74 оқушы
10- сынып – 20 оқушы
11- сынып – 3 оқушы
5- сынып – 3 оқушы
Негізінен, 5-сынып оқушыларына бұл сауалнама жіберілген жоқ, бірақ 3 оқушы жауап
берген делінген, соған қарағанда, сауалнамаға жауап берген жоғары сынып оқушылары
жіберуі мүмкін. Қай сынып оқушылары көбінесе қандай форматта оқығанды ұнататыны
жайлы білу мақсатында қойылды. Оның барлығы көрсетіліп, талқыланатын болады.
Сонымен, 2 – сұрақ мынадай болды:
2-ші сурет – 2-ші сұрақ: Қай оқу форматында білім алып жатсыз?
Бұл сұрақ ең маңызды сұрақтардың бірі. Қазіргі елімізде ғана емес, күллі әлемде болып
жатқан жағдайға байланысты, оқу форматы онлайн режиміне көшеді деп шешім қабылданған
болатын. Бірақ, кейбір мектептер дәстүрлі форматта оқу үстінде. Оның барлығы сыныпқа,
мектептегі ауырғандар санына және т.б факторларға байланысты шешіледі. Менің 2-
сұрағыма алған жауаптарым мынадай болды:
Оқушылардың 73,9%-ы, яғни 88 адам онлайн режимінде оқуда, 14,3%-ы яғни 17 адам
дәстүрлі оқу форматында, ал қалған 11,8%-ы, яғни 14 оқушы аралас форматта оқу үстінде.
Аралас формат дегеніміз – кей пәндер немесе арнайы сабақ тақырыптары бетпе-бет,
қалғандары онлайн режимінде оқытылу процессі.
3-ші сурет-Ағылшын тілін қай оқу формасында оқып жатсыз?
Бұл сұрақ зерттеудің негізгі бөлігі болып саналады. Мектепте ағылшын тілі пәні ең
маңызды пәндердің қатарына кіреді. Оқушылардың 79%-ы яғни 94 адам онлайн форматта,
16,8%-ы дәстүрлі, 20 адам, ал қалған 4,2%-бен 5 адам аралас форматта оқып жатыр екен.
3-ші сұрақ. Егер оқу формасы “онлайн” форматта болса, ағылшын тілі пәні қай
платформада жүргізіледі? (ZOOM, Оқулық және т.б)
113 оқушының жауаптары мынадай болды:
Достарыңызбен бөлісу: |