Устойчивое развитие: язык, межкультурная коммуникация



Pdf көрінісі
бет49/238
Дата15.11.2022
өлшемі5,1 Mb.
#50154
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   238
Байланысты:
COLLECTION of Сonferences XXIV «Akhanov readings» 2021

Оқулық 
Zoom 
Окулык 
Оқулық 
ZOOM 
Аралас 
zoom 
Зум 
Zoom және оқулық 
Окулык 
Ватсап арқылы 
Bilimland 
Online түрде, Bilim lend арқылы және 
WhatsApp арқылы 
Оқулық 
Zoom,whats up 
ZOOM,окулык. 
Zoom, WatsApp 
Zoom-да отырып, кітап бойынша өтеміз 
Дәстүрлі 
Zoom, оқулықта 
Оқулық арқылы 
Zoom, оқулықпен 
Zoom 
Whatsap, оқулық 
Zoom және Оқулық 
Ватсап 
Онлайн 
Оқулық, ватсап арқылы 
What's app 
Оқулық және ватсап 
Вацап, билимленд,окулык 
Whatsapp 
Whatsapp, online mektep 
Барлығы 
Оқулық ,bilimland 
WhatsApp. Окулык 
Оқулық,whatsApp,bilim lend 
Оқулықпен өтіледі 
оқулық және т.б 


Екеуы де 
Zoom мен оқулық 
Оқулық және т.б 
Оқулық , OnlineMektep 
оқулық және онлайн мектеп 
Оқулық,Online mektep 
Көріп отырғандай, «Оқулық» порталы арқылы ағылшын тілі пәні 72 оқушыда 
жүргізіледі екен. "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығы болып саналады. 
Орталық қызметінің мақсаты - білім мазмұнын бағалау және оқулықтар мен оқу-әдістемелік 
кешендерді сараптау арқылы білім беру сапасын қамтамасыз етуге ықпал жасау.[5] 
3-сурет – 4-сұрақтың жауаптары. 
Бұл сұрақтың қойылуындағы негізгі мақсат оқушылардың қазіргі жағдайға 
байланысты онлайн оқу режиміндегі платформаларға баға беру болып табылады. Әр 
адамның өзі оқып жатқан ресурстарға баға беруге құқығы мен субъективті ойы бар.
119 оқушының ішінде: 
62,2% - яғни, 74 оқушы «жақсы» деген баға беріпті, 17,6% - яғни, 21 оқушы «өте 
жақсы», дәл осы сияқты 17,6%-бен 21 адам «қанағаттындырмайды» деген баға берген, ал, 
қалған 2,5%-бен 3 оқушы «өте нашар» деген баға беріпті.
Келесі сұрақ түрі мынадай болды:


4-сурет – 5-сұрақтың жауаптары 
Оқушылардың өз ойын толығымен, өздері жаза алатындай білу дұрыс болар, сондықтан 
келесі сұрақты 4-сұрақта жалғасы ретінде өз ойларын жазу талап етілді. Жауаптар 
сараланып, 3 категория бойынша бөлінді: 
1-категория. Онлайн форматты тиімді деп санайтындар. 
Бұл категориядағы студенттерге онлайн форматта оқыған ұнайды. Кейбіреулері 
себептерін де көрсетіп қойған. Онлайн форматын ыңғайлы, және ізденіп ғаламтор желісінен 
ақпарат іздеп үйреніп жатырмыз деген пікірлер де бар. Сонымен қатар, дәстүрлі форматта 
көп қолданыла бермейтін бейнематериалдар мен аудиоматериалдар тыңдай алатынын да 
ескерткен. Әрі оқушылардың сабақты өз бетінше үйреніп, ақпарат жинағаны да үлкен 
көмегін береді. Себебі адам көбінесе ақпаратты өз бетінше ізденіп, меңгерсе, тез қабылдап, 
ұзақ уақыт есінде қалады. Сонымен қатар, қазіргі елімізден болып жатқан жағдайларға 
байланысты көп оқушы онлайн форматта білім алғанды дұрыс деп есептейді. 
2-категория. Дәстүрлі форматты жақтайтындар немесе онлайн форматты сынайтындар: 
Онлайн оқығысы келмейтін оқушылар себептерін жазып көрсетіпті. Ең алдымен, 
оқушылардың көбісі сабақтарды «түсінбейміз» деп жауап берген. Яғни оқушылардың бұл 
жағдайда ойлары мүлдем басқа нәрсеге елеңдеп, сабақты түсінбей қалуымен байланысы бар 
болуы мүмкін. Негізі әр жағдай әр түрлі жағдайға байланысты. Көптеген оқушылар онлайн 
сабақтарға қажет жоғары жылдамдықпен жұмыс жасайтын Интернет байланысына ие емес, 
сондықтан сабақтарда қиыншылық сезінуі мүмкін.Ол оқушылар техникалық ақаулармен, 
сетьтың ұстамауына қобалжып, мотивациясыз қалуы мүмкін. Одан жаман жағдайда, 
мұғалімнің айтқанын бір естіп, бір естімей қалуы әбден мүмкін. Ал екінші бір білім 
алушылардың үйінде сабақ оқитын жағдайы болмауына байланысты қиындықтар сезінуі 
мүмкін. Яғни кейбір оқушылардың жеке бөлмесінің, гаджеттерінің болмауы бірталай 
қиындықтарға алып келеді. Бұл оқушылар тыныш жерде сабақ оқығанда ғана, тақырыпты 
толықтай түсініп, меңгере алады. Яғни оларға отбасы мүшелерінің сабақ үстінде оларға 
кедергі болғаны қатты кері әсерін беріп, сабақты түсінбеуіне алып келеді. Үшінші және ең 
танымал себептердің бірі, көбінесе оқушылар сабақ барысында ғаламтор желісіндегі басқа да 
әлеуметтік желілер, бейне материалдар, басқа да сабаққа қатысы жоқ элементтерге ойлары 
бөлініп, сабақты түсінбей қалады. Мысалы, бір оқушы сабақ үстінде ZOOM қосымшасы 
арқылы ағылшын тілі сабағында отыр делік, оған басқа әлеументтік желіден бір хабарлама 
келеді. Ол дереу сол хабарламаға кіріп, сабақты ұмытып кетуі мүмкін. Бұл жай мысал 
ретінде сырттан әсер етуші факторлар мен көңіл бөлетін қосымша элементтер көп екенін 
айқындайды. 
3-категория. Екі форматты да жақтайтын немесе қолдамайтын оқушылар: 
Бұл категориядағы стденттердің көбісі екі форматта да оқыған бірдей жақсы екенін 
айтты. Сонымен қатар, екеуі де оқитын, әр сабақты мұқият тыңдайтын және барлық 
жіберілген тапсырмаларды уақытылы жіберіп отыратын білім алушыларға екі форматта да 
оқығанда айырмашылық жоқ екенін айтты. Сонымен қатар, көп оқушылар онлайн оқу 
форматын қазіргі пандемия кезіндегі ең жақсы шешім екенін ескерді. 
Қорытындылай келе, оқушылардың басым бөлігі дәстүрлі оқытуды ең тиімді формат 
деп санайды. Оған бірнеше себептерін де көрсеткен. Соның бірі онлайнн оқытудағы қажетті 
техникалық жабдықтардың болмауы, интернет жұмысының баяу болуы, сонымен қатар, 
дәстүрлі әдісте үздік білім беріп жүрген білікті мұғалімдердің жаңа технологияларды дұрыс 
пайдаланбауы немесе толыққанды әрі қызық форматта онлайн сабақтарды өткізбеуі 
оқушылардың мотивациясы мен оқуға деген ынтасын қашыруда. Онлайн оқытуды тиімді ету 
үшін келесі факторларға байланысты жұмыстар жүргізілуі керек:
1) қашықтықтан оқыту оқушылардың мотивациясы мен мәдениетінің жоғары деңгейін 
қамтамасыз ету; 
2) қазіргі заманға сай тиісті деңгейде ақпараттық-компьютерлік базаның болуы; 


3) интернет жұмысының үздіксіздігі мен интернет провайдерінің жоғары 
жылдамдықпен жұмыс істеуі; 
4) онлайн-оқытуда қажетті және сапалы оқу материалдарымен, электрондық 
оқулықтармен және оқу курстарымен қамтамасыз ету; 
5) білімді, білікті және тәжірибелі оқытушыларды жаңа педагогикалық 
технологияларға тарту; 
6) жаңа педагогикалық технологияларға жүйелі оқыту. 
Ақпараттық технологияларға негізделген жаңа онлайн оқытудың тиімділігін арттыру 
көбінесе педагогикалық бағдарламалық жасақтаманың құрылған және қолданылатын 
құралдарының-оқу бағдарламаларының, электронды оқулықтардың, автоматтандырылған 
оқу курстарының және т. б. мазмұны мен сапасына байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   238




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет