Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет32/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Байланысты:
4 МР Үлгерім каз

Коллоборативті білім беру. Қазірде танымал коллоборативті білім беру 
– біреумен бірлескен оқыту. Басқа білім алушылармен өзара әрекеттесу, оқу 
мақсаттарына бірге жету коллаборативті білім беру деп аталады. Коллаборативті 
білім беру жеке оқу нысанына қарағанда көптеген топтық жұмыс нысандарын 
ұсынады: әлеуметтік медиа арқылы оқу, «аударылған сынып», дискуссия
жобалық оқу, өзара оқу және тағы басқалары.
Әлеуметтік медиа арқылы білім алу – бұл білім саласындағы заманауи әдіс, 
ортақ тақырыппен біріктірілген қатысушылар бірін-бірі қолдай, кеңесе отыра
интернетте ақпарат және материал іздейді. Сонымен қатар қатысушылар түрлі 
топта бола алады: білім алушы- білім алушы, білім алушы-мұғалім, мұғалім-ата-
ана және т.б. 
Әлеуметтік медиа дегеніміз блог, микроблог, әлеуметтік желілер
YouTube, Facebook, Twitter, Linkedin және тағы басқалары. Басқа әлеуметтік 
медиа топтарына лекцияларды, кітаптар, презентациялар, музыка, ток-шоу 
көріп, оқып, тыңдай алатын онлайн аудио-сайттар жатады.
Адаптивті білім берудің негізгі ойы оқыту тәсілдер мен әдістерді нақты 
білім алушыға бейімдеу жолымен компьютерлердің оқу үдерісі нәтижесін 
жақсарта алуында. 
Адаптивті жүйе әрбір білім алушыға оның табиғи қабілетіне сәйкес оның 
зияткерлі дамуы оңтайлы деңгейіне жетуге көмектеседі. 
Соңғы кезде аса үрейлі ахуал белгіленді: көптеген жастар ертеңгі сәтті 
өмірге деген сенімсіздікпен және кепілсіз мектептен өмірге аяқ басады. Бұл 
сенімсіздік жеке өмірлеріне, солай кәсіби салаларына да таралады. Тез өзгеретін 
цифрлық технологиялар әлемінде мектепте алынған білімдер мен дағдылар ұзақ 
қолдануға жетпейді.
Мектеп нақты әлеммен қатар жүруге тиіс – бүгінгі білім алушылар олармен 
алынған білімдер қаншалықты дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келеді және 
бұл білімдер мен дағдылар олардың келешек өмірінде қажетке жарай ма, 
білгілері келеді. білім алушылардың пікірі бойынша білім: біріншіден, олардың 
жеке қажеттіліктеріне сәйкес болуға, екіншіден, еңбек нарығында талап етілуге
үшіншіден, нақты өмірде қолданыс табуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет