Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет33/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72
Байланысты:
4 МР Үлгерім каз

Релеванттық (қолданылатын) оқыту жаңа білімдер мен дағдыларды 
хабарлауды ғана емес, оқу нәтижелерін өмірде практикалық қолдану деңгейін, 
сондай-ақ олардың әлеуметтік жарамдылығы деңгейін білдіреді.


79 
Оқыту, егер акцент: 
 төрт негізгі пәндерді (табиғаттану, технология, инжиниринг, 
математика) оқытуға; 
 каникул немесе демалыс кезінде оқытуға және тренингке; 
 бүкіл өмір бойы оқытуға; 
 бейресми оқытуға; 
 практикаға бейімделген оқытуға; 
біліктілік әдіске жасалса, релеванттық болып табылады. 
Мұғалімге барлық балаларды міндетті түрде оқумен қамту, мақтау, ең 
белсенді және тапқыр балаларды атап өту, әр балаға өз шешімін қорғауға 
мүмкіндік беру, оған оңтайлы жағдайларын табуы керек. Бұл өте маңызды сәт – 
өз пікірінде тұру немесе ең жақсы дәлелдермен келісу дағдылары қалыптасады. 
Балалардың ситуацияға енуі, олардың біреуді құтқару, біреуге көмектесу, 
біреуге кеңес беру керек кезі өте жақсы белсенділік ынта болып табылады. 
Мысал, физика сабағындағы есеп: қайнаған сумен стақанды тез (!) 
салқындату керек. Не істейміз? Шешім табуды талап етеді. 
Нақтылаңыз: 
- Есептің шартында не бар? Стақан, қайнаған су, сіз, асүй және асүйде 
бардың бәрі, - бұл есепті шығару үшін ресурс. Әдістерді қолданамыз: делдал + 
физикалық әсер (жылудың ыстық денеден суық денеге ауысуы). 
Білім алушылардың мүмкін жауаптары: 
1. Суық су, бұқтырылған шай немесе сүт қосу. 
2. табақшаға, сорпа тәрелкесіне, үлкен ыдысқа құю. 
3. Көп рет стақаннан стақанға оларды бір бірінен алыс ұстап құю. 
4. Көп тосап немесе қант қосу. 
5. Құйғыш арқылы құю. 
6. Суық қасықтар салу. 
7. Тоңазытқышқа, суық су құйылған ыдысқа, қарға қою, т.б.
Балалар өз идеяларын ұсынбай, бұрын айтылған идеяларды бірге 
қайталауы мүмкін. Ахуалды ушықтырмаңыз: «Ал өзіңнің қандай идеяңды 
ұсынасың?» – деп сұраңыз. Сұрақты баланың өзіне қайталаңыз. Балалар 
үндемеуі мүмкін. Бірде біреуіңде идея жоқ па? Жетелеуші сұрақтар қойыңыз, ең 
зерек және ең өткір балаға жүгініңіз. Оларды сергітіңіз. Егер генерациялау 
процесін орнату қолдан келмесе, демек ұсынылған тақырып балаларды 
шабыттандырмады, оларға қызықсыз немесе олар талқылауда қатысуға қорқады.
Ақылдылар сарабының әдісі кез келген білім саласында қолданылуы 
мүмкін. Бұл ретте жастық шектеулер жоқ. Мұғалім белгілі пәннің шегінде, солай 
сыныптан тыс бағдарлама үшін, оқуға іс-жүзінде кез келген тақырыпты таңдап 
алуы мүмкін.
Қазіргі кезде, бала балалық шағынан смартфонмен немесе планшетпен 
таныс, ойын арқылы оқыту жаңа, өлшемсіз үлкен импульс алды. Компьютерлік 
ойындар, фильмдер, мультфильмдер, телесериалдар балалар үшін негізгі 
мәдениет элементі болды. Бұдан басқа, YouTube қызықты ғылыми-көпшілік 
бағдарламалар мен ойын-сауық шоулар (жиі тәуелсіз авторлардың) баланың 
өмірінде маңызды роль ойнайды. Бағдарламалардың мазмұны әрқашан қажетті 


80 
талаптарға сәйкес келмейді, бірақ, осыған қарамастан, барлық бұл бағдарламалар 
бір мақсатты көздейді: бұл ретте бір кезде оқып, ойыннан максимум қанағат алу.
Оқу процессінде білім алушылар өздері байқап көре алатын көрсетілімдер, 
эксперименттер, қарапайым зерттеулер кеңінен пайдалануы тиіс. 
«Физика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы білім алушылардың оқу 
үрдісінде қалай білім алуды үйренуді білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы 
жоғары, сенімді, жауапты, анализ жасай алатын білім алушыны тәрбиелеу 
қағидасын ұстанады. 
Мұғалімдер білім алушылардың бойында осы қасиеттерді әртүрлі оқыту 
стратегиялары арқылы қалыптастырады және дамытады деп күтілуде. Олардың 
ішіне мыналар кіреді: 
- білім алушылардың жеке пікірін тыңдай білу, олардың алдында 
меңгерген білімдері мен түсініктерін дамыту үшін оны қолданудың 
маңыздылығын мойындау; 
- жүйелі түрде іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім 
алушыларды ынталандыру және ауқымды оқыту; 
- міндеттерді шешу әдіс - тәсілдерін білім алушыларға түсінікті жолмен 
құру және көрсету; 
- білім алушылардың білім алуын бағалау арқылы қолдау; 
- білім алушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және зерттеу әдіс-
тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуды марапаттау; 
- білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту; 
- сынып жұмысының жеке, топтық және жалпы сыныптық үйлесімді 
барлық жұмыс түрлерін ұйымдастыру. 
SMART технологиясына негізделген сабақтардың оқыту мaқсaттaры оның 
aнық, нaқты (Specific) күтілетін нәтижелері түрінде сипaттaлғaн, әрі мaқсaт 
қоюдың неғұрлым кеңінен тaнылғaн дәстүрлі жолы - мaқсaтты зерделенетін 
мaзмұн aрқылы aнықтaу қолдaнылғaн.
Жаңартылған білім беру бағдарламалары жағдайында SMART 
техникасының өлшемді (Measurable) деп аталатын критериіне қол жеткізу үшін 
қалыптастырушы 
бағалауға 
арналған 
тапсырмалар 
орындалады. 
Қалыптастырушы бағалауды өткізу кезінде білім алушыларға оқу мақсатын 
бағалайтын жетістік критерийлері ұсынылады.
Жaңa оқу бaғдaрлaмaлaрындaғы оқу мaқсaттaрының жүйесі дерлік қол 
жетерлік мaқсaттaр. SMART мaқсaттың қол жетімділік (Attainable) критериінің 
жүзеге aсуын педaгогикaлық әдіс-тәсілдер мен әр пәнге қaжетті құрaл-
жaбдықтaр мен мaтериaлдaр қaмтaмaсыз етеді. «Мaқсaтыңыз қолжетімсіз 
екеніне көзіңіз жеткен кезде мaқсaтыңызды емес, әдісіңізді aуыстырыңыз» - 
деген екен белгілі шығыс ойшылы Конфуций.
Оқу бaғдaрлaмaлaрындaғы оқу мaқсaттaрының жүйесі білім алушылaрдaн 
шынaйы (Realistic) проблемaлaрды aнықтaп зерттей білуді тaлaп етеді. Оқу 
мaқсaтында мен әр оқу мaқсaтынa aрнaп тaңдaлғaн тaбыс критерийлерінің тізімі 
ұсынылғaн.
SMART технологиясы мaқсaттың белгілі бір уaқыттық межемен (Timed) 
шектелуі білім беру сaлaлaры бойыншa күтілетін нәтижелердің ұзaқ мерзімді 


81 
және қысқa мерзімді сипaттaғы оқу мaқсaттaрының жүйесін құрaуымен 
сипaттaлaды.
Ұзaқ мерзімді жоспaр ортaқ тaқырып бойыншa оқу мaқсaттaрын бөлімдер 
бойыншa топтaйды; ортa мерзімді жоспaр тілдік дaғдылaрды (aйтылым және 
тыңдaлым, оқылым, жaзылым) жaқсaрту бойыншa тaлaптaрды aнықтaйды; қысқa 
мерзімді жоспaр білім алушымен оқу мaқсaтынa жету турaлы кері бaйлaнысты 
береді.
Жaңaртылғaн білім беру мaзмұны мен оқу мaқсaттaры жүйесі: 
- сыни тұрғыдaн ойлaу және туындaғaн мәселелерді шеше білу;
- ұжымдық жұмыс және көшбaсшылық қaсиеттері;
- икемділік және жaңa шaрттaрғa бейімделу қaбілеті;
- бaстaмaшылық және кәсіпкерлік дaғдылaр;
- өз ойын aуызшa дa, жaзбaшa дa сaуaтты және aнық білдіру қaбілеті;
- aқпaрaт іздеу және тaбу қaбілеті; 
- білімге құмaрлық және қиял aтты дaғдылaрдың дaмуын толық 
қaмтaмaсыз ететіні aнық.
Қысқы мерзімді жоспар жасалған кезде мұғалімдерден кейс сабақтың 
мақсаттарын тұжырымдау барысында SMART технологиясын қолдануды 
ұсынамыз.
Мысалы, «Радиоактивтілік» тақырыбында келесі оқу мақсаттарына білім 
алушының зерттеу тақырыбы тұрғысынан қайта оралу идеясын кейске салуға 
болады. 
11-сынып 
Тақырып: «Радиоактивтілік» 
Оқу мақсаттары 
11.8.2.1 - радиоактивті ыдырау заңы негізінде ядролық қалдықтармен 
аймақтың зақымдануының ұзаққа созылу себептерін түсіндіру; 
11.8.2.5 - ядролық синтездің және табиғи радиоактивтіліктің табиғатын 
түсіну 
11. 8.2.7 - α, β және γ сәулелерінің табиғатын, қасиеттерін және 
биологиялық әсерін түсіндіру 
Орта мерзімді жоспар үлгілерін тірек жоспары ретінде қолдану 
ұсынылады, педагог жоспарларды әрқашан қажетті кейстермен толықтырып, 
қажеттілігіне қарай бейімдей алады. 
Білім мазмұны кеңейе түседі, жаңа ақпараттармен толығады, басқа 
параметрлермен 
байланысы 
және 
оларға 
тәуелділігі 
анықталады, 
радиоактивтілік туралы түсініктері мен білімдері тереңдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет