216
бірі және бүгінде жалпыхалықтық қолданыста
жоқ кейбір байырғы сөздер
мен сөз тіркестерінің мағына-мәнін танытатын мәдени әрі тарихи ақпараттар
көзі. Олай болса, тәуелсіз еліміздің рухани-мәдени өміріндегі елеулі табыс
деп бағаланған онбестомдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» тілдік
деректердің уақыт пен кеңістікке сай қолданыстың мәдени-танымдық
коннотациясында «тасаланған» мән-мағыналардың архетиптік мазмұн межесі
мен ұлттық біртұтасымдылық сипаты ашылуын профессор Қ.Жұбанов
зерттеулерінен бастау алған ғылыми жалғастық деп қарауға болады.
Себебі этностың
көне дәуіріндегі тарихынан, мәдени өмірінен хабардар
ететін тілімізде мағынасы ұмыт болған немесе күңгірттенген сөздер мен сөз
тіркестері (этнографизмдер) бүгінгі ұрпаққа олардың сырын ашуды,
танытуды қажет етеді. Осы орайда қазақтың қара сөзін бағзы мәдениеттің
жетегінде тіл арқылы анықтап, келер ұрпақтың
санасына зор мақтанышпен
жеткізу – ана тіліміздің бай ырысын танытудың бір жолы. Міне, қазақ
лексикасындағы лингвокультуремалар ретіндегі этнографизмдер осында
ырысты байлықтың бір көзін құрайды. Қазірде бұл этноатаулар қоғамдық
қарым-қатынас кезінде белсенді қолданылмаса да,
бұл сөздердің дені
диалектілік лексикада, тұрақты сөзтіркестері мен мақал-мәтелдердің
құрамында, көркем шығарма тілінде, ауыз әдебиеті,
фольклор мен эпос
тілінде жиі кездеседі. Осы атаулардың ауыз әдебиетіндегі орны туралы проф.
Қ.Жұбанов былай дейді: «
Халық әдебиеті – халықпен құрдас, бірге жасасып
Достарыңызбен бөлісу: