әдебиетінде өлең өлшеуі – араб-парсының ғаруз өлшеуі; Абай мұны ерте тастаған. 4) Абай сияқты төрт аяғы тең жорға ақын шағатайдың ғарузын сүйсінген болса, жазып алып сүйсінбей, басқа да бір қасиеттерін қосып ала жүрген болар еді. Абайдың қылуасында олармен әдеби оты ерелі жанатын халық жоқ. Абай шығыс үлгісін көрмей, білмей аман кеткен ақын емес, белшесінен кешіп барып, батпағына аунап барып одан шығып, тастап кеткен ақын».
Қазақтың жаңа жазба әдеби тілін жақсартудағы Абайдың тірек еткені –
халықтың сан ғасырлар бойындағы сұрыптап, жетілдіріп келе жатқан халық
тілі екенін Қ.Жұбанов дөп таниды. Ол ұлы ақынның әдебиет тіліндегі халық
үлгісінің басы артық нәрселерден арылтумен бірге қисынсыз араб-парсы
сөздерін аластап, қазақ тілінің бар байлығын сұрыптап, әдеби тіліміздің
іргесін қалаудағы ерен еңбегін айтады. Профессор кезінде ескерілмей жүрген
тағы бір ерекшелікті еске алады. Ол – Абайдың аударма арқылы көркем
аударманың, жаңа заман әдебиетіндегі бірқатар белгілі жанрлардың үлгісін
жасауы.
Қ.Жұбанов
Өзбекстан,
Түркіменстан,
Тәжікстан,
Қырғызстан,
Қарақалпақ елдерінің әдебиетіне үңіле келіп, «ХІХ ғасыр бойына аталған елдерде Абай шыққан биікке көтерілген ақын-жазушы болған жоқ», – дейді.
Ғалымның күншығыс ақындарынан алдымен ауызға алатыны – түрікменнің
Мақтымкүлиі. Оның өзгелерге қарағанда, «аз да болса, халық әдебиетінің үлгісіне жуыса жүргендігін» атайды. Бұл ретте ғалымның мына түйіндеуіне
назар аударуға тура келеді: «...тозған мұсылман күншығысының мәдени қалыбын бұзып, көнерген халық даналығының тар аумағынан шығып, әдебиет маңдайын жаңа арнаға қарай бұрған, жер жүзі әдебиетінің кеуде жеріне қарай жетелеген ақын-жазушы ол кезде, Орта Азия былай тұрсын, Ресей күншығысы ғана емес, мемлекетті ел – Түркияда да кем болған». Әрі
қарай ғалым Абайдың қазақтың өлең үлгілерін жаңартып, әдеби тілді
жетілдірудегі рөлін башқұрттың Шайқызада Бабичінен, татардың Маржаниі
мен Насириінен жоғары бағалайды. Осының өзінен-ақ профессордың
эрудициясының қаншалықты тереңге сілтейтіні байқалады. Тіпті неміс
прозасының негізін қалаған. М.Лютердің «Жаңа өсиетті» аударғанын тілге
сіңірген еңбек ретінде бағалаған Энгельс шығармаларын шола отырып,
Абайдың аударғаны Құран емес, Байрон, Пушкин, Лермонтов, Гете, Крылов
туындылары екенін, оның «бейнелі ақын ол кезде қазақты ғана емес, көрші елдерде де болып жарымағанын» тәптіштейді. «Қан сонарда бүркітші
шығады аңға» жазылғанда татардың жаңашыл ақыны Абдолла Тоқайдың әлі
дүниеге келмегенін де еске ала кетеді.
Ол Абайды «жағдайының жағдайсыздығы тудырған» жан ретінде танып,
оны өз ортасының Дантесі деп бағалайды. Сөйте тұра, Дантенің ескінің соңы,
жаңаның алды екенін, ал «Абайдың алды жоққа жуық та, арты ғана бар; ол
230
– соны дәуірдің басы, жаңалық желісінің шет бұршағы сияқты» деп біледі.
«Еленбеген ерекшелік» дегенде Қ.Жұбанов осыларға мән беруді көздеген
тәрізді.
Абайдың
ақындығын
философиялық
тұрғыдан
пайымдаған
Құдайберген Қуанұлының пікірлері сонылығымен баурап алды. Мәселен, ол
былайша толғанады: «Абайдағы тұтастық, түгелдік, гармония оны шалағайлыққа жібермеген. Абай – ойшыл ақын. Сондықтан да Абай өлеңінің мазмұны түрін көрсетіп тұрады да, түрі мазмұнын көрсетіп тұрады».
Абайдың ақындығын кең спектрде қарастырғандығына мына пікір дәлел бола
алады: «Абайдың тілінің сөздігі (лексикасы), грамматикасы, Абай өлеңінің өлшеуі, ырғағы, ұйқасымы, Абай суретінің бейнесі – бәрі бірге қосылып та,