234
адам. Сондықтан, біздің қазіргі өміріміз үшін «Диуани хикмәттің» сөзінің
ешбір керегі жоқ», – дегісі келеді. Негізінде бұның өзі дұрыс пікір емес. Бұл
Хожа Ахметті дұрыс танығандық болмайды. Сондай-ақ, бұл тек Хожа
Ахметті ғана дұрыс танымағандық болып қалмайды, сонымен бірге бұл
адам қоғамының өсіп, өну тарихын түсіне алмағандық та болып
табылады».
Проф. Қ.Жұбанов «Диуани хикмәттің» мазмұн құрылысын идеялық
жағынан бірнеше топтарға бөліп қарастырады. Мысалы, «
оның бірқатар
толғауларының таза діни сарындағы үгіт-насихат болуымен бірге,
кейбіреулері діни үгіт үшін қажетті тарихи уақиғалар болып келеді, тағы
біреулері адамгершілікті дәріптейтін насихат түріндегі толғаулар
санатына жатады. Кейбір толғаулар өз кезіндегі қоғамдық құрылысқа тән
әлеумет теңсіздігіне зарлану, әлеуметтік өмірге сай әділетті құрылысты
аңсау, арман ету болып отырады. Сонымен бірге, бірқатар толғаулары
бақсылардың сарынындай айқай-қиқулы сарынға негізделген болып келеді.
Қандай мазмұнды толғау болса да, оның келіп тоқтар жері – құдайға
ғашықтық, шындыққа ұмтылу, құдайға қолын жеткізу, соның арқасында
өзін, өзіне ерген қауымды сарқылмас дәулетке, бақытты тұрмысқа бастау
деген өршіл идеямен суарылып отырады.
Ахметтің бұндай асқақ идеясы –
фәни дүниедегі өзі жасаған дәуірдің әлеуметтік құрылысын жайлаған
теңсіздіктен жиренуден туып, дүниеде орнауы тиіс әлеуметтік теңдіктен
үміт үзгендігінің нәтижесі еді және ислам дінінің: «өлгеннен соң орнайтын
мәңгілік дүние бар»
деп иландырушы қияли-шындығының діни поэзиядағы
көрінісі болатын».
Автор Қ.А.Ясауидің өткір тілді ақын болғандығын, көп оқыған адам
екендігін, араб,
парсы тілдерін, бірқатар әдебиет, аңыздарды да білгендігін
шығарма деректері арқылы дәйектейді.
Қ.Жұбанов «Диуани хикмәтті» «
дін дәстүрлерін ғана емес, ақыл-нақыл
және жағымды әлеуметтік хұлық-мінездерді де үйреткен, өз кезіндегі ислам
дінін тұтынушы жалпы түрік елдеріне ардақты кітап болған» деген
қорытындыға келеді. Автор бұл кітаптың атауы («Диуани хикмәт») «Ақлият
сөздердің жинағы» деп оның негізгі мазмұны
сай қойылғандығын және
шығарманың 4400 жолдық жыр-толғау екендігін тұңғыш рет айтты.
Қай
мәселеге
де
байыппен
қарайтын
публицист
Ясауи
шығармасындағы Қожа Ахметтің «екінші дүниеге ынта қоюын» жоққа
шығармайды, мұндай құбылыстың сол кездегі заман әділетсіздігін,
әлеуметтік теңсіздікті көріп, оны жоюдың жолын таба алмай түңілген барлық
шығыс әдебиетіне, оның белгілі өкілдері Науаи, Физули, Сағди,
Хафиз
сияқты ақындарға тән екенін олардың шығармаларынан үзінді келтіре
отырып дәлелдейді. Қ.Жұбановтың атап көрсетуінше, «
Қожа Ахмет
Достарыңызбен бөлісу: