Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет17/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

ағаш, шиша, жылқы деген үш сөзді білдіреді. Ол мағыналарды ма сөзінің 
үш түрлі әнмен айтылуына қарап айырамыз. Олардың айтылулары: 
коңыр+ашшы; қоңыр+қоңыр; ашшы+қоңыр; ашшы+ашшы болып келеді. 
Біз ал деген сөзді сыбырлап айтсақ та, дауыстап айтсақ та бәрібір бір 
мағынада қолданамыз. Африкада Боспен (Бушмен) деген халықта составы 
(құрамы), дыбыстарының тәртібі де бірдей бір лебізді сыбырлап айтса бір 
мағынаны білдіреді; дауыстап айтса, екінші мағына береді. Демек, біз бұдан 
әр тілдің әнді пайдалануы да түрліше болатынын аңғарамыз». Ғалымның 


64 
еңбегінен келтірген бұл сөздер оның дыбыс табиғатын терең түйсік арқылы 
тани білген биік эрудициясын көрсетеді. 
Фонетиканың ең басты мәселесі – тілдің фонемалар жүйесін, 
фонемалар құрамын айқындау және оларға қатысты заңдылықтарды жүйеге 
түсіру. Осы талаптар Қ.Жұбанов зерттеулерінде де негізгі нысанаға 
алынғанын көреміз. Ол қазақ тілі дыбыстарын акустика-артикуляциялық 
ерекшеліктеріне қарай топтап, дыбыстың саны мен фонологиялық қызметін 
анықтауға көп көңіл бөлген.
Белгілі бір тілдегі дыбыстың фонемалық қасиеті екінші бір тілде 
өзгеше түрде, басқаша айтқанда, фонема бола алмайтын дәрежеде кездесуі 
мүмкін. Дауыссыз дыбыстар қазақ және орыс тілінде жуан-жіңішке болып екі 
топқа бөлінеді. Бірақ олардың жуан-жіңішкелігі функционалды жағынан 
бірдей емес. Орыс тілінде жуан дауыссыз – бір фонема, жіңішке дауыссыз –
екінші фонема. Мысалы: мел мель; мол моль сөздерінде 
[л]дыбыстарының жуан-жіңішкелігі сөздердің мағынасын ажыратып тұр. 
Қазақ тілінде дауыссыздың жуан-жіңішкелігі сөздердің мағынасын 
ажырата алмайды, себебі бұл дыбыстардың фонематикалық қасиеті жоқ, 
олар орайласып бір дыбыс типін құрайды да басқа фонемаларға қарама-
қарсы қойылады. Мысалы, [bol – b'öl']; [tol –t'öl'] деген сөздер
дауыссыздардың жуан-жіңішке айтылуы арқылы ажыратыла алмайды, олар 
сөз ыңғайына қарай, бірде жуан, бірде жіңішке болып, қасында тұрған 
дауысты дыбыстар әсерімен ажыратылады, сонымен дауыссызының екі 
вариацияда көрініс табуы көршілес дауыстыларға байланысты. Бұл 
дауыссыздардың жуан-жіңішкелігінің фонологиялық мәні жоқ. Орыс тілінде 
дауыссыздардың жуан-жіңішкелігі сөздердің мағынасын ажыратып, айырым 
белгі болып саналады, мысалы: [кон] (бір жол ойын), [кон'] (жылқы); және 
[тест], [тест'] деген сөздің де мағыналары жуан және жіңішке дауыссыздар 
арқылы ажыратылады.
Дауыссыздардың аталған қасиеттері Қ.Жұбановтың назарынан тыс 
қалмаған, осыған байланысты ғалымның пікірін келтірейік: «Жуан-
жіңішкелікті пайдалану да түрлі-түрлі болады. Мысалы, бірде жуан, бірде 
жіңішке болып келетін дыбыстар орыста да, бізде де, шуашта да бар, 
бірақ солардың өзі әр түрлі: орыстың жуан л дыбысынан біздің жуан л-мыз 
жуанырақ, орыстың жіңішке л дыбысынан біздің жіңішке л-мыз 
жіңішкерек. Біз жуан-жіңішкелікті былай белгілеп отырмыз: жуан 
естілетін л, жіңішке естілетін л». 
Қырғыз, якут, түрікмен тілдерін алсақ, мұнда дауыстылардың 
созылыңқылығы мен қысқалығы сөздердің мағынасын ажырататыны белгілі. 
Мысалы қырғыз тілінде: [mal] сөзі «мал» мағынасында айтылса, [ma:l] 
«мезгіл», «уақыт» мағынасында қолданылады. Сондай-ақ, якут тілінде: [ta:s] 
«тас» деген мағынаны білдірсе, [tas] – «сырт», «тыс» деген мағынаны 
көрсетеді. Қазақ тілінде созылыңқы мен қысқалықтың фонологиялық мәні 
жоқ. Қ.Жұбановтың бұл жөнінде де өз пікірі бар және ұзын-қысқа деген 
фонологиялық оппозиция жоқ екенін, оның фонеманы ажырата алмайтынын 


65 
да ғалым баса айтқан: «Біз дауыстының да, дауыссыздың да ұзындығын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет