160
«қотырсөз», стилистиканы «тіл қисыны», циркульді «жезбе» деп алып,
лексиканы «сөз кенін тексеру ғылымына» айналдырушылар қарасы көбейіп
тұрған тұста туған мұндай батылдыққа тәнті болмай тұра алмаймыз.
Міне осыдан былай қарай қазақ жазуында сәл де болса жүйелілік пен
сауаттылық негізі қалана бастады. Себебі бұл қағидаттар Қ.Жұбановтың
ойдан шығарған туындысы ғана емес, қазақ терминдерін жасауға себеп
болған негіздерден құралған заңды жалғастық болатын. Сөйтіп терминжасам
қағидатында ұстанатын негіз қаланды, халықаралық терминдер мен төл
терминдерді
іске жаратудың, дұрыс жазудың бірыңғай жүйесі жасалды.
Термин сөздерге жалғануға тиісті қосымшаларды, әсіресе орыс тілінен енген
қосымшаларды қолданудың тәртібі қалыптасты. Мұны сауаттылық
қарекетімізді өзгеше сапаға көтерген саналы әрекеттің бірі ретінде бағалауға
тиіспіз.
Қ.Жұбанов терминология мәселесін қарастыруда жоғарыда сөз болған
бірер мақаламен ғана шектеліп қалмаған. Қазақ тілінің қандай бір
проблемасын сөз етпесін, ол әрдайым терминология мәселесін назарында
ұстайды. Әсіресе әліпби мен орфография мәселесін тексергенде, пікіріне
термин сөздер табиғатын тірек етіп, бұларды байланыстыра біріне-бірін
ұштастыра қарайды. Мәселен, оның жоғарыда
көрсетілген орфография
мәселесіне арналған екі мақаласының екеуі де терминологияға тікелей
қатысты. Мұнда ол латын жазуына негізделген қазақ емлесінің кемшілігіне
байланысты аяқ алып жүруге болмайтын қателерге талдау жасайды. Әсіресе,
орыс және интернационалдық терминдерді жазу барысында бой көрсеткен
былықтардың сан түрін көрсетеді.
Panetijke, revolutsija, gymija тәрізді
терминдердің жазылуындағы өрескелдіктерді талдай келе, бұлардың өріс алу
себептерін іздестірді. Оның себебін табады да. Сөйтіп одан құтылудың, оны
болдырмаудың жолын қарастырады.
Аталған еңбектердегі өрбітілген ойлар мен қағидаға бергісіз
тұжырымдар Қ.Жұбановтың тілдің табиғи тыныс-тіршілігін, өріс-өзегін
мейлінше терең сезінген дарынды лингвист, білгір терминолог ғалым екенін
дәлелдейді. Мұның құндылығының тағы бір себебі –
терминология
мәселесінің ғылыми тұрғыда тұңғыш сөз болуында. Осыдан былай қарай
қазақ терминологиясы, үздік-создық болса да, ғылыми зерттеу объектісіне
айналды деп айта аламыз. Соның бастауында тұрған Қ.Жұбановтың
терминология саласындағы бұл еңбектерін қарастыру арқылы біз қазақ
тілінің терминологиялық жүйесінің жасалу, даму, қалыптасу іздерін,
жолдарын, тарихын дұрыс түсініп, дұрыс бағалай білеміз деп түюге болады.
XX ғасырдың басы қазақ тіл білімінің ерекше даму кезеңі
болды.Профессор Қ.Қ.Жұбановтың лингвистикалық мұрасын сан қырынан
алып
қарастырған кезде, оның ерекше назар аударатын бір саласы
лингвистика терминологиясы болып саналады. А.Байтұрсынұлы қазақ тілі
мен әдебиеті терминдерін жасап, қалыптастырушы болса, оны ғылыми
объектіге айналдырған Қ.Жұбанов болды. Яғни қазақ лингвистикасында
терминология
ғылымын
жасап,
оны
қалыптастыру
бағытындағы
161
Қ.Жұбановтың ізденістерін өз ішінде екі топқа бөліп қарауға болады: Оның
бірі – ғалымның А.Байтұрсынұлы енгізген терминдерді өзгертпестен
қабылдауы немесе оны жетілдіріп, дамытуы болса, екіншісі – Қ.Жұбановтың
өз үлесіне ғана тиісті терминдер болды.
Лингвистикалық терминдерді қолданудағы жоғарғы талапшылдық,
қолданылатын терминнің өзі белгілейтін категориялар
мен құрылымдарды
дәл ашып көрсетуі, лингвистикалық терминдердегі уәжділік, таңдап алынған
терминнің қысқа, қолданысқа оңтайлы болып келуі –осының барлығы
профессор Қ.Жұбанов пайдаланған лингвистикалық терминологияға тән
қасиеттер. Біз бұл еңбекте ғалымның өз пайымдауынан шыққан, өз
қаламынан туған терминдерге тоқталмақпыз.
Профессор
Қ.Жұбановтың
қолданған
терминдік
аппаратына
І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев былайша баға береді: «Алғыр ойлы қазақ
білімпазы Құдайберген қазақ тіл білімін зерттеймін деп жүріп, ғылым
тереңінде жатқан асыл ойды түптен тартып жарыққа шығарғаны айқын.
Оның қолданған термині де орынды. Біз осы күні
негізгі сөздік қор (основной
словарный фонд) дегенімізді Құдекең «ядро» дейді де, біздің «сөздік құрам»
(словарный состав) дегенімізді ол «инвертарь» дейді. Құдайбергеннің
түсіндіруі бойынша сөздік құрам – құрылыс материалы болғанда, әрі біріне
бірі қосылмай, цемент болып бірікпей,
кірпіш болып құйылмай, құр үюлі
жатқан құм, тас, топырақ емес. Бұл дайындалып, әзір тұрған керекті жерге
қалай қоятын
инвертарь деуі өте орынды айтылған қорытынды» (23). Иә,
әліпби, орфография, терминология мәселесін қалыпқа түсірмей, ешбір халық
сауатты бола алмайтынын түсінген профессор өзінің күш-жігерін осы салаға
да жұмсаған. Терминологияның даму арналары мен көздерін түгел көрсетіп,
бұл проблемаға аса біліктілікпен барған.
Ғалым «Қазақ тілінің грамматикасында» (1936) және алуан тақырыпта
жазылған теориялық еңбектерінде қазақ тіл білімінің кейбір терминдерін
түзіп, оларға талдау жасады. Лингвистикалық терминдердің жасалу
жолдарын, сөздің лингвистикалық және терминдік ұғымдары болатынын
дәлелдей отырып, қазақ тіл білімінде тұңғыш рет терминологияны салиқалы
ғылым деңгейіне көтерді.
Проф. Қ.Жұбанов тілімізде бұрыннан бар кейбір терминдерге жаңа мән
берді. Мысалы, қазіргі қазақ грамматикасындағы
хабар сазды сөйлем
(қазіргіше –
хабарлы сөйлем) терминін де алғаш енгізген Қ.Жұбанов
болатын. Бұл термин о баста
аңызды сөйлем түрінде қолданылған.
Аңыз
деген сирек
қолданылатын сөз болғандықтан,
аңызды сөйлем деп аталып
жүрген түрді
хабар сазды сөйлем терминімен ауыстырғандағы басты мақсат
ғалым «оңайына, ұғымдысына қашқандық» деп көрсетеді. Шындығында, бір
нәрсенің болғаны жайлы хабарлайтын немесе баяндайтын сөйлем түрінің
«
аңыз» сөзімен қабыспайтыны көрініп-ақ тұр. Оның үстіне
аңыз сөзінің
мағынасы жұрттың көбіне анық емес. Осы орайда ғалым термин жасаудың
бір ерекшелігі ретінде термин арнаудың мағынасы тек бір категорияны
екінші категориядан айыру ғана емес, нендей категория екенін де өзі айтып
162
тұратын қылу, категорияны түсінуге де атсалысу деген байлам жасайды (78,
190-198). Бұл терминді 1936 жылы жарық көрген оқулығында Қ.Жұбанов бұл
терминді
хабар сазды сөйлем түрінде алады. Осы қолданыс негізінде қазақ
грамматикасында
хабарлы сөйлем термині қалыптасты.
Ғалымның әрбір терминді пайдалану барысындағы терең теориялық
білімділігіне, жоғары сезімпаздығына таңданасың. Ол бүгінде түрлі
оқулықтар мен оқу құралдарында
тұйық етістік, тұйық рай, қимыл есімі
атауларымен беріліп жүрген, әлі күнге өзіндік дербес терминологияға ие бола
алмай келе жатқан етістіктің түрін
тұйықша терминімен белгілейді
. Есімше,
Достарыңызбен бөлісу: