Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет74/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

көсемше, қосымша, сызықша терминдерінің үлгісімен жасалған тұйықша 
термині тұйық етістіктің барлық қасиеті мен болмысын өте дәл ашып 
көрсетіп 
тұр. 
Кезінде 
орыс 
тілі 
грамматикасының 
үлгісімен 
(«неопределенное наклонение») алынған тұйық рай, тұйық етістік 
терминдерінен, өкінішке орай, қазақ грамматикасы әлі арыла алмай келе 
жатыр. 
Ғалымның қазақ тілінің синтаксисі саласында да қолдануға ұсынған 
бірнеше термин сөздері бар. Ол құрмалас сөйлемді «күрделі сөйлем» 
терминімен белгілейді. Синтаксис жүйесін зерттеуде Қ.Жұбанов дыбыс сазы 
терминін қолданады. Біз бұл қолданысты қазіргі интонация терминінің 
баламасы деп түсінеміз. 
Алайда, ғалым қолданған саз сөзі сөйлемнің семантикасын, 
функциясын, құрылымын ажырататын терминнің орнына алынып тұр. Демек, 
ғалым қолданған дыбыс сазы терминінің ауқымы бүгінгі біз қолданып 
жүрген интонация терминінен кеңірек болып шықты. Қ.Жұбанов «сөз 
тіркесі» ұғымын сөз қиыны терминімен белгілеуді ұсынады. Ғалымның сөз 
тіркесі саласындағы жетістігі – жетек сөз бен жетекші сөз терминдері. 
Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі синтаксисінде осы терминдер керек-ақ. 
Алайда оның ұсынған барлық терминдерін сәтті, ұтымды деп санауға 
болмайды. Мысалы, оның толықтауыш пен анықтауышты «айқындауыш 
мүшелер» деп алып, олардың қатарынан пысықтауыштың шығарылып 
тасталуын сәттілік деп санау артық болар.
Қ.Жұбанов айқындауыш мүшелерді формасына қарай екі түрге 
жіктейді: жалғаусыз түрі – анықтауыш, жалғаулы түрі – толықтауыш 
терминдерін иеленген. Қ.Жұбановтың бұл тұрғыдағы терминдерін 
қарапайым түрде былай түсінуге болады: сөйлемде баяндау қызметін 
атқарып тұрғандығына қарай, баяндауыш деп аталған сияқты, басқа 
мүшелерді айқындап тұратын мүше – айқындауыш мүше. Бұлжердегі 
анықтауыш, толықтауыш секілді сөйлем мүшелері сұраулар арқылы емес, 
формалық жағынан ажыратылады.
Айта кететін тағыбір жайт – айқындауыш деген термин қазіргі 
грамматикада да бар, бірақ ғалымныңтұрлаусыз мүшелерге берген атауы 
есебінде емес, өзінің анықтайтын сөзінен грамматикалық тең байланыста 
тұратын сөйлемің шартты бағыныңқы мүшесі болып саналатын сөйлемнің 


163 
тұрлаусыз мүшелерінің бірі анықтауыштың ерекше бір түрі ретінде саналады 
(78, 190-198).
Автор «Қазақ тілінің грамматикасы» еңбегінде бірде бұрынғы 
терминдердің орнына жаңа терминдер алынса, енді бір жерде кейбір 
терминдер бұрынғы мағынасында емес, басқа мағынада алынады. Мысалы, 
жұрнақ терминін үстеу терминімен ауыстыруын ғалым былайша 
түсіндіреді: «Жұрнақ деген қазақ тілінде ескіден қалған, ескі уақыттағы 
түгел бір нәрсенің сарқыншағы, қалдығы деген мағынада. Жұрнақтар
бұрынғы кезде түбір болған. Ол түбір сөздер түбір сөздердің
шылауында жүре-жүре тозып, мүжіліп, бұрынғы кейіптен айырылған. 
Сондықтан ол бұрынғы түбір мағынасында емес, сөзге қосымша болып, 
қосылып қана жүретін болған». 
Сол себептен жұрнақ дегенді бұрынғы түбір сөздің жұрнағы деген
ұғымда алып, қосымшаның белгілі бір түрін атаған болар деген байыпты 
түсіндірмелер бере отырып, «бұрынғы қазақ тілінің қосымшаларын тексеріп, 
олардың төркіні табылған жоқ еді», – дей келе, бұрынғы оқымыстылар 
жұрнақты түбірдің жұрнағы екендігі сипатында атағанына күмән келтіреді. 
Жоғарыдағыдай түбір сөздің қалдығына, жұрнағына айналған тек
жұрнақтар ғана емес, осы күнгі жалғаулықтар, шылаулар да бір кездері 
өз алдына сөз болған. 
Сондықтан бұл термин жұрнақтың өзгешелігін, өзге қосымшалардан 
басқалығын ашып бере алмайды деген байыпты байлам жасайды. Қ.Жұбанов 
мұндай қосымшалардың қызметі өзі жалғанған түбірге жаңа мағына
үстеу ғана болғандықтан, осы мағына үстейтіндігін көрсету үшін, 
үстеу терминімен атаған. Сонымен қатар, ғалым бұл жерде сөз формасына
тағыда назар аударады. Қосымшалардың екі түрінің егіздігін көрсету үшін 
олардың грамматикалық, морфологиялық жағынан формалануы біртүсті 
болғанын қолайлы көрген (жалға+у, үсте+у). Қ.Жұбанов бұрынғы 
үстеу құрамында болып келген сөздерге толық талдаулар жасай отырып,
олардың бірқатарын сөйлемге мүше бола алмайтын, тек басқа түбір сөзге 
қосылып қана жүретін сөздерді қосалқы терминімен атап, оларға аяқ қосалқы 
(сайын, таман, есе, арқылы) және дәйек қосалқы (ең, тым, нақ) деген жаңа 
термин берген. Дәйек қосалқылар бұрынғы грамматикада нықтаулық үстеу 
деген терминмен аталып үстеу табына жатқызылған (78, 190-198). 
Ал аяқ қосалқылар бірде үстеу, бірде жалғаулықтарға, бірде 
демеуліктерге 
қосылған. 
Сөйлемге 
мүше 
бола 
алмайтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет