Әдебиеттануға кіріспе



Pdf көрінісі
бет18/50
Дата19.11.2022
өлшемі1,3 Mb.
#51227
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
заман"), енді бірде айтушы оқиғаның ортасында жүреді (Ғ.Мүсірепов, "Қазақ 
солдаты"). 
- Шығарманың белгілі бір формада баяндалуы, мысалы, естелік 
(Ғ.Мүстафин, "Көз көрген"), күнделік (Ә.Сәрсенбаев, "Офицер күнделігі"), Ф.М. 
Достоевский, "Бейшара жандар"), т.б. фабулалық тәсілдерді қолдану арқылы 
автор оқиғаның баяндауын бірде үдетіп, бірде бәсеңсітіп отырады, кейіпкер 
көңіл-күйінің қалтарыстарын ашып, образды жан-жақты ашады 
Сюжет – француз тілінде «зат» деген ұғымды білдіреді. Ол-эпикалық 
және драмалық, кейде лирикалық шығармаларда қозғалыс үстінде көрінетін 
оқиға барысы, әрекет дамуы. «Сюжет» терминін алғаш рет XVII ғасырда 
классицистер П.Корнель мен Н.Буало қолданды. Олар сюжет ұғымын 
Аристотель ізімен ежелгі дүние қаһармандарының өміріндегі оқиғалармен 
байланыстырды. Көбіне сюжет шығармадағы оқиғалар жүйесі ретінде көрінеді. 
Оның сыры сюжетті шығарманың басым бөлігі аса маңызды қоғамдық 


36 
конфликтілерді көркемдік тұрғыдан қарастырады және оларды қаламгер 
жасаған біртұтас өмір көрінісінің ішінде бейнелейді. 
«Сюжет» нақты бір заттық мәнге ие бола алады. Яғни сюжет – авторлық 
мақсат та, фабула-сол мақсатқа жетудің құралы. Егер фабуланы әңгімелеп 
беруге болатын болса, сюжеттің көркемдік мәнін шығармада көрінетін 
авторлық баяндау ерекшеліктері ғана жеткізе алады. Кейде жазушы 
пайдаланған даяр фабула сюжетке айналған кезде көркемдік өңдеуге 
ұшырайды. Біріншіден, мұндай даяр фабулалар өмірдегі, нақты оқиғаларға 
негізделген шығармаларда жиі кездесуі мүмкін. Екіншіден, бір жазушының 
жасаған фабуласы екінші жазушының шығармасында мүлде жаңасападағы 
сюжетке ұласып жатуы да ықтимал. Бір ғана фабула әр жазушының 
шеберлігіне байланысты әр түрлі сюжеттік сипатқа ие бола береді. Сюжет 
шығарма стилімен, көркем дүние құрылымның ортақ заңдылықтарымен тығыз 
байланысты. Демек, шығарманың көркемдік маңызы фабулаға емес, фабуланың 
шығармашылықпен игерілген көркемдік сипатының сюжетте тереңдетіле 
бейнеленуіне қатысты. 
Сюжетті шығармалардың мазмұнында көбіне күрделі қайшылықтар, 
өмірлік тартыстар желі, тартып жату себебі де соған байланысты. Тартыс - 
(латынша конфликтус) –қақтығыс, айқас деген мағына білдіреді. Ол өмірдегі 
қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-
қарсылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, 
нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереғар құбылыстардың өнер 
туындысында жинақталып, суреттелуі. Өнердегі өмірлік тартыс – көркем 
шығарманың идеялық мазмұнындағы үзілмес желі, арқау, керек десеңіз күллі 
өнер туындысына тіршілік беріп тұрған жүйке, дейді З.Қабдолов, олай болса, 
әдеби шығармадағы табиғи тартыс, оның сюжеті мен композиясын өрбітер, 
қозғаушы күш. Сюжетте қоғамдық тартысты қозғалыс үстінде, яғни дамуы, 
шешілуі 
арқылы 
көрсету 
қоғамдық 
даму 
тенденцияларын, 
оның 
заңдылықтарын түсінуге ықпал етеді. 
Шығармаларға өзек болған қоғамдық тартыс өткен дәуірлерден де 
алынуы ықтимал. Алайда, тартыстың түпкі мәні қаламгер өмір сүрген кезеңдегі 
қоғамдық талап-тілектермен орайласып жатады. Сонымен бірге қаламгер өз 
бейнелеп отырған характерлер мен жағдайлар, адамдар арасындағы 
байланыстар мен қарама-қайшылықтардың шынайы сипатын ашып танытуда 
сюжеттің мүмкіндігіне сүйенеді. Осылардың бәрін бейнелеу шығармада алға 
тартылған проблемалардың мәнін ашуға, идеяға ықпал етеді. Сюжет 
желісіндегі образ-характерлер негізгі идеяға, негізгі оқиғаға байланысты бола 
отырып, өзіндік даралығын да сақтап қалуы да шарт.
Классикалық үлгідегі туындыларда күрделі де тұтастық сипатта көрінетін 
сюжеттің басталуы (экспозиция), байланысы (завязка), дамуы (ситуатция), 
шарықтау шегі (кульминация), шешімі (развязка) сияқты бөлшектерден тұрады. 
Кей шығармаларда пролог пен эпилогта кездеседі. 
Сюжеттің басталуы – оның кіріспесі іспетті мұнда әдеби қаһармандар 
өзара қарым-қатынасқа көшпестен бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық 
орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның 


37 
бір ерекшелігі – ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей 
ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге мегзеу, дерек, дәйек ретінде ғана 
қалады. Экспозиция үнемі шығарма басында кездесе бермей, кейде шығарма 
соңында да беріледі. 
Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың 
басталуы, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі. 
Байланыс, экспозициядай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік 
тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады. 
Сюжеттік даму шығарма мазмұнында аса үлкен мәнге ие. Бұнда 
адамдар арасындағы байланыстар мен қарама-қайшылықтар анықталады, адам 
м-інезінің түрлі қырлары ашылады, кейіпкерлердің қалыптасуы мен өсу тарихы 
беріледі.
Шарықтау шегі - шығармада суреттелген сюжеттік дамудың ең жоғарғы 
шиеленіс биігіне жеткен тұсы. Бұл тұста образдар да айрықша танылып, адам 
мінездері жан-жақты ашылады. Шығарма сюжеттің күллі кезеңімен 
тұтастырып, белгілі бір бүтіндікке әкеліп тұрған композицияның аса жауапты 
тұсы да – осы. 
Шешім – шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі. Суреткердің 
өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», адамдар арасындағы 
қарама-қарсы тай-таластардың, күрделі күрестердің бітуі, түрліше тағдырлар 
тартысынан туған нақты нәтиже, оқиға ға қатысушылардың ең ақырғы хал-
күші, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы. 
Сюжеттің құрамдас бөлшектері қатарында пролог пен эпилог аталады. 
Бұлар – кейбір шығармаларда ұшырасатын бөлшектер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет