Әдебиеттануға кіріспе



Pdf көрінісі
бет19/50
Дата19.11.2022
өлшемі1,3 Mb.
#51227
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50
 
 
?!
Тапсырмалар
 
1) 2 шағын, 1 орта көлемді эпикалық шығарманы сюжеттің өрбу кезеңдері 
бойынша талдаңыздар. 
2) «Фабула және сюжет» тақырыбына презентация әзірлеңіздер. 
 
 
10 Әдебиеттегі тек пен түр 
 
Әдеби жанр (французша genre – тек, түр) термин ретінде шартты, екі 
мағынада қолданылады: 
1) Әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма;
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық 
шығармада өмір шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың 
өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылады; 
лирикада адамның жеке басына тән көңіл-күйі, нәзік және терең психологиялық 
тебіреністері суреттеледі; драмалық шығарма көбіне адамдардың қимыл-
әрекетіне, қақтығыстарына, тағдырлар тартысына құрылады. 


38 
Сөз өнерінің осы үш түрін кейде бейнелеу өнерінің үш түрімен 
(живопись, орнамент, графика) салыстыруға болады. 
Әрбір әдеби шығарма – белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. 
Әр дәуірдің өз шындығы бар. Әр дәуірдің шындығын сәулелендірген 
шығармалар да бірін-бірі қайталамайды: тектері мен түрлері ұқсас болғанымен 
Шекспир трагедиясы Мүсірепов жазған трагедиядан, Бальзак романы Әуезов 
романынан, Абай поэзиясы Жансүгіров поэзиясынан өзге екені даусыз. 
 
Эпос
Эпос– (грекше: epos –баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту) – көркем 
әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, өмір шындығын мейлінше мол 
қамтып кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты 
танытатын іргелі, күрделі жанр. 
Эпостың лирика мен драмадан айырмасы – шындық кең көлемдегі 
баяндау, әңгімелеу арқылы жинақталады. Эпикалық шығармадағы авторлық 
суреттеу мен қаһармандардың диалог-монологтары – эпостық баяндауды 
жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана. 
Белинскийдің пікірінше, драмадағы басты нәрсе - адам болса, эпостағы 
басты нәрсе – оқиға.
Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай 
эпикалық жанр үш түрге бөлінеді: шағын, орта және кең көлемді.
Қандай эпостық шығарма болсын, осы үш түрдің біріне жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет