39
туралы арнаулы бөлім жазып енгізген ғалым-жазушы М. Әуезов ертегілерді үш
салаға (қиял-ғажайып, хайуанат жайындағы, салт) бөліп, мінездеме берген.
Ертегінің көлемі қысқа, сюжеті ықшам, композициясы жинақы, тілі қарапайым,
бірақ образдары өткір, дәл, мазмұны тартымды, идеясы бүкпесіз, ашық.
Кейіпкерлері санаулы, олардың мінез-құлқы көбіне бір-ақ қырынан,
ең елеулі
ерекшелігімен ғана көзге түседі. Іс-әрекеті де өлшеулі. Ертегілер ауыз
әдебиетінде ғана емес, жазба әдебиетте де мол (А. Пушкин «Золотой петушок»,
М.Е.
Салтыков-Щедрин
«Премудрый
пескарь»,
А.Н.
Островский
«Снегурочка») және т.б.
Мысал – эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Сатиралық
сипатта жазылады, адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге,
келекеге, мазаққа айналдырылып сыналады. Мазмұны бүкпелі болғанымен,
идеясы астарсыз, ашық, тура. Тілі өткір, шымшыма, шымыр. Мысал көбіне
өлеңмен жазылады. Әлем әдебиетіндегі атақты мысалшылар: Ежелгі Грецияда
Эзоп, Италияда Федр,
Францияда Лафонтен, Германияда Геллерт, Англияда
Мур, Ресейде Крылов.
Новелла (итальянша novella – жаңалық, соны сөз) – феодализм мен
капитализм тұсында жаңадан туған түр. Гетенің анықтамасы бойынша, бұрын-
сонды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сыйымды
әңгіме.
Новелланың алғашқы белгілері грек әдебиетінде біздің дәуірдің бас
жағында көріне бастаған, алайда шағын эпикалық түр ретінде ол Еуропадағы
Қайта өрлеу дәуірінде туып қалыптасты.
Бұл тұста қоғам назары жеке
адамдарға ауа бастады. Адамның дара тіршілігне, іс-әрекетіне, басынан өтетін
оқшау оқиғаларға көбірек көңіл бөлінді. Итальян жазушысы Боккаччоның
әйгілі «Декамероны» - сондай новеллалар циклі. Дүниежүзі әдебиетінде жұртқа
мәлім шебер новеллистер – Н. Гоголь мен А. Чехов (Ресей), П. Мериме мен Г.
Мопассан (Франция), Эдгар По мен О`Генри (Америка) және т.б.
Қазіргі уақытта новелла көркем әңгімемен ұласып, екеуінің ара жіктері
жойылып бара жатыр. Әңгіме новелладан кейінірек туған ұғым болғанмен,
екеуінің табиғаты бір екені даусыз.
Әңгіме – шағын көлемді эпикалық түрдің әсем үлгісі. Әңгіменің сыр-
сипаты
біржола кесіп-пішуге көнбейді, бірыңғай анықтама шеңберіне
сыймайды. Әңгімменің жанрлық табиғаты құбылмалы.
Әңгіме – қиын жанр. Біріншіден, көлемі шағын. Ол – жазушыдан
барынша жинақы болуды талап етеді. Екіншіден, тартымды, сюжет желісі
қызғылықты болуға тиіс. Ол үшін жазушы өмірді терең білумен қатар, нағыз
шебер, білімді және жоғары болуға тиіс. Қаламгер
қауым әңгіме жазуды
шеберлік шыңдау деп ұғады. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ
прозасының басым бөлігі әңгімеден құралды.
Сомерсот Моэм: «Әңгіме – ұзын-қысқалығына қарай он минуттан бір
сағатқа дейін оқып бітіруге болатын, әбден аршылып алынған бір-ақ нәрсе, бір
ғана оқиға немесе бірігіп кеткен бірнеше оқиғалар тізбегі туралы жазылған
шағын шығарма. Әңгімені еш нәрсе қосуға да, алуға да болмайтын етіп жазу
керек».
40
А. Пушкин: «Ең парасатты проза – дәл және қысқа жазылған проза».
К. Паустовский: «Нағыз күшті, нағыз құдіретті проза – жинақы проза;
одан басы артық, айтпауға болатын жайдың бәрі алынып тасталған да, тек
айтпауға болмайтын шындық қана қалған...».
З. Қабдолов: «... осы айтылғандардан әріге барып, бәріне бірдей ортақ
анықтама жасамақ болу – онша өнімді әрекет емес».
Очерк – шағын эпостың әңгімеге жақын бір түрі. Қысқа көлемді көркем
шығарма. Очерктің әңгімеден бірнеше өзгешелігі бар: очеркте суреттелетін
шындық – ойдан шығарылған нәрсе емес, өмірде болған не бар ақиқат; очерктің
қаһарманы - ойдан жасалған бейне емес,
өмірде болған не бар адам; очерк
өткен шақтың көне шындығынан емес, осы шақтың жаңа шындығынан ғана
туады. Очерк – өз кезінің үні, жаңаның жаршысы. Очеркте беллетристиканың
да, публицистиканың да сипаттары бар. Очеркті тегі жағынан алып қарасақ әрі
әдеби жанр, әрі газет жанры екенін аңғаруға болады.
Фельетон (французша: feuilleton – парақ) – негізінен газет-журналдарда
жарық көретін сатиралық көсемсөз жанры. Өлеңмен де, қара сөзбен де жазыла
береді. Т. Қожакеев бұл жанрға келесі анықтама береді: «Фельетон дегеніміз
шағын көлемді, публицистикалық үнді, көркем тілді,
сын-сықаққа бай, күлкі
шақыратын әдеби шығарма».
Кейбір әдебиет зерттеушілері мемуар, памфлет, эссе сияқты әдеби-
публицистикалық жазбаларды шағын көлемді эпикалық түрге жатқызады. Бұл –
даулы пікір, себебі, біріншіден, баспасөз жанрларының бәрін көркем әдебиетке
қоса беру қате, екіншіден, С. Сейфуллиннің «Тар жол - тайғақ кешу» тәрізді
мемуарлық шығармасын шағын көлемді эпикалық түрге жатқызу мүмкін емес.
Ол – ұзақ әңгіме.
Достарыңызбен бөлісу: