35
Көркемдік аңдату – жазушы алда болатын оқиғаны барынша терең
түсіндіру үшін оны алдын-ала соған ұқсас көріністер арқылы аңғартатын
тәсілді айтамыз.
Пейзаж – шығармада табиғат көрінісінің бейнеленуі. Мұнда қандай да бір
көркем шығармадағы өзге де көркемдік құралдармен қатар өзіне тән көркемдік-
идеялық мән атқаруға тиісті пейзаж туралы. Пейзаж шығарманың тұтас
идеялық-көркемдік мәніне қызмет ету үшін де, сондай-ақ шығармадағы
жекелеген көріністерге, оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты да қолданылы
береді.
Интерьер – шығарма кейіпкерлерінің тұрмыс-тіршілігіне қатысты түрлі
заттар мен құрал-жабдықтардың бейнеленуі. Интерьер, көбінесе тар ауқымда,
яғни жекелеген кейіпкерлерге қатысты ғана қолданылады.
Сонымен қорыта айтар болсақ, композициялық бөлшектер мен сюжеттік
дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп тұратын нәрсе – шығарманың
композициясы. Ал, композициялық шеберлік - шығармадағы барлық бөлшекті
бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге- негізгі идеяға-бағындыру.
Фабула – бұл латынша-әңгімелеу, баяндау, тарихтап айтып беру-көркем
шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау. Біз
шығарманы алғаш оқығанда оның жалпы фабулалық желісін тез қабылдаймыз.
Ал, сол шығарманы қайтадан оқитын болсақ, шығарамадағы суреттелген әрбір
әрекеттің, оқиғаның, құбылыстың мәніне тереңдеп үңіле бастаймыз, соның
нәтижесінде санамызда сюжет жайлы түсінік пайда болады.
Фабула (лат.
Fabula — аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада
суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу. Фабула сюжетпен көптеген өзіндік
ерекшеліктерімен өзгешеленеді:
- оқиғаны мазмұндау, баяндау тәсілімен, яғни оны өмірде болып жатқан
рет-ретімен емес, авторлық шегіністер, орын ауыстырулар арқылы беру
(Ш.Айтматов, "
Боранды бекет'").
- болып жатқан окиғаға қатыстылығымен. Мұның бірнеше жолы бар:
алғашқысында автордың оқиғаға қатыстылығы сезілмейді (М.Әуезов, "
Қилы
Достарыңызбен бөлісу: