Арнау – кейде арнайы шарықтау, кейде көлемді лиро-эпикалық
шығармаға беташар, кейде жеке адамдарға бағыштау түрінде жазылған өлең.
Ой – әр тақырыпта туған әр алуан философиялық толғау.
Канцонетта – бұрынғының серілік сезімдерін мадақтайтын көне әуен.
Романс – жалт еткен бір жақсы сезімді, көбінесе сүюді жырлау.
Пастораль – мадригал тәрізді малшы сазының бір түрі.
Элегия – бір мұң, бір сыр аралас назды сарын.
Эпиталама – жаңа қосылған жас жұбайлардың жарастығын
құттықтайтын көне өлең.
Эпитафия – дүниеден кеткен қадірлі кісі жайлы жоқтау.
Эпиграмма – жеке біреулерді мінеп, мысқылдайтын сықақ өлең.
Қазіргі әдебиет зерттеушілері шартты түрде болса, әрбір лирикалық
өлеңді тақырыбына қарай талдап, саяси лирика, философиялық лирика, табиғат
лирикасы, махаббат лирикасы деген сияқты санаулы салаларға бөліп тексереді.
Драма
Драма (грекше drama – қимыл, әрекет) – әдебиеттің үшінші тегі,
шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен
тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі
арқылы көрерменнің көз алдына қолма-қол көрсететін күрделі жанр.
Драматургияда шарттылық көп:
44
- Біріншіден, драматургиялық шығармаға көлем жағынан шек қойылады
(70-80 беттен аспауы шарт). Драматург барлық шындық пен образды
белгіленген мөлшерге қалай да сыйғызуға тиіс.
- Екіншіден, драматургиялық шығарма тек қана қатысушылардың
сөздерінен құралады. Шындық пен образ тек қана диалог пен монологқа
негізделген. Сахнада сөйлейтін тек персонаж ғана; автор сахна сыртында, залда
қалады.
- Үшіншіден, қимыл, әрекет жоқ жерде драматургиялық шығарма да жоқ.
Көрерменнің сана-сезімін бірнеше сағат баурап, көзін сахнаға қадалтар қаракет
табу табу, оның жан дүниесін тебіреніске түсірер қақтығыс табу – қиынның
қиыны.
А. Чехов: «Алғашқы актіде мылтық ілулі тұрса, ақырғы актіде міндетті
түрде атылуға тиіс».
- Төртіншіден, драмадағы шындық көркемдік шешімін тек сахнада
табады, драмадағы образ тек сахнада жасалады.
Н. Гоголь: «Драма сахнада ғана тіршілік етеді, сахнасыз драма – денесіз
дем».
Пъесаны драматургтың жазып бітіруі, журналда жариялауы, кітап қып
бастырып шығаруы жеткіліксіз. Істі түгел тындыру үшін пъеса театрға көшуі
керек.
Драмадағы ең шешуші нәрсе – тартыс. Драмадағы тартыстың кезеңдері
(басталуы, байланысы, шиеленісі, шешімі) болады.
Драмадағы хал-күйдің басы (экспозиция) алғашқы актіде жатады. Оның
міндеті – көрерменді пъесаға қатынасатын адамдармен (персонаждармен)
таныстыру. Экспозиция екі түрлі (жағдай экспозициясы, мінез экспозициясы)
болуы мүмкін.
Байланыс (завязка) көрерменге қаһармандар арасындағы болашақ
қақтығыстардың себебін аңғартып, сахнадағы біртұтас қимылды бастайды.
Біртұтас қимыл – тартыстың ұлы арқауы, шығармадағы шиеленістер
оқиғаның дәл өзі.
Драмадағы хал-күйдің аяғы – пъесаның шешімі; шиеленіскен
оқиғалардың соңынан ақырғы актіде келеді. Тартыстардың немен тынғанын
көрсетеді.
Драманың да бірнеше жанрлық түрі бар.
Трагедия (грекше tragoidia – текенің әні) – құдіретті күш иесі, ер
тұлғалардың жаратылыстағы, жалпы өмір-тіршіліктегі адам жеңіп болмас
асыңқы, асқақ кедергілермен кескілесіне, оның жан дүниесіндегі терең
тебіреністерге, өзімен-өзінің іштей арпалыстарына құрылған күрделі сахналық
шығарма. Трагедиядағы оқиғалар әдетте қатерлі, қайғылы халден туындап
тұтасады да, бас қаһарманның қазасымен – мұңмен, зармен бітіп отырады.
Комедия (грекше komadia – күлкілі қызық ән) – өмірдегі келеңсіз,
керексіз құбылыстарды, адам бойындағы қасиетсіздікті, оспадарлықты,
мінездегі мінді сықақпен сынап, келекеге айналдыратын күлдіргі пъеса.
В. Белинский: «Комедия өмірдің биік поэзиялық сәттерін суреттемейді,
күнделік прозасын, ұсақ-түйегін, кездейсоқ жайттарын суреттейді».
45
Комедияның басы Дионис мейрамында жатыр: өлген «текенің» қайта
тірілуін көне гректер комедиямен (космос – көңілді топ, одэ – ән), яғни көңілді
әнмен, қызық бимен, күлдіргі ойындармен құттықтаған.
Комедияның тамаша үлгілері – көне Грециядағы «комедия атасы»
Аристофанның (б.э.б. Ү-ІҮ ғғ.) «Салтаттылар», «Бұлттар», «Бақалар» және
басқа шығармалары. Бұл комедияларда Аристофан өз кезіндегі қоғамның саяси-
әлеуметтік өміріндегі сорақылықтарды ащы сынға алып, мазақ етеді.
Аристофан дәстүрін Римде Плавт пен Теренций жалғастырып, комедияға
қоғам өмірімен қатар, семъя тұрмысын да тақырып етті.
Комедияның Батыс Еуропа әдебиетінде мықтап өрістеген тұсы –
классицизм кезі. Әсіресе, шетел әдебиетінде Мольердің «Сараң», «Тартюф»
комедияларын атауға болады.
Орыс әдебиетінде Фонвизиннің «Тоғышарлар», Грибоедовтың «Ақылдың
қойғысы», Гогольдің «Ревизор», «Женитьба» комедиялары – орыс
әдебиетіндегі комедияның айрықша үлгілері болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |