347
Өтімділік – ақшаның немесе тауардың өзінің сатып алушылық
қабілетін жоғалтпай басқа бір ақшаның немесе активтің түріне
жылдам, әрі оңай айнала алуы.
Пайда – табыстар мен шығындар арасындағы айырма; кәсіпкерлік
қабілеттіліктерін экономикаға
ұсынатындардың алатын таза
табыстары.
Пайдалылық – тауарлардың немесе
қызметтердің бір немесе
бірнеше қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қабілеті.
Пайыз мөлшерлемесі – ақшаны немесе капиталды пайдаланудың
бағасы.
Позитивтік экономика – нақты
деректер мен фактілерге
негізделген экономиканың дәл қазіргі жай-күйі.
Рейганомика – ұсынысқа баса назар аударатын, инфляция мен
жұмыссыздықты, яғни стагфляцияны төмендетуге бағытталған Рейган
әкімшілігінің саясаты.
Ренталық табыс – экономиканы жер ресурстарымен қамтамасыз
ететін тұлғалардың алатын табыстары.
Ресурстар нарығы – үй шаруашылықтары ресурстарды сататын
және фирмалар сол ресурстарды сатып алатын нарық.
Ресурстардың шектеулілігі – адамдардың шексіз қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік қабілет
сияқты факторлардың жетіспеушілігі.
Достарыңызбен бөлісу: