53
- әміршіл экономика мен нарықтық экономиканың ұштастырылуы;
- көптүрлі меншіктің болуы;
- күшті кәсіподақ
қозғалысының орын алуы;
- мемлекеттік реттеу мен түзету рөлі белсенді болып табылады.
3. Өнеркәсіптік төңкерістің және ғылыми-техникалық прогрестің
даму деңгейі бойынша:
3.1. Индустриалдыққа дейінгі жүйе – қол еңбегіне негізделген
натуралдық шаруашылық басым түрде орын алатын және ауыл
шаруашылығына негізделген жүйе.
3.2. Индустриалдық жүйе – тауар-ақша қатынастарының
дамуымен байланысты ірі машиналы өндіріске негізделген жүйе.
3.3. Постиндустриалдық жүйе – басты саласы – экономикалық-
өндірістік емес (қызмет көрсету) сала болып табылатын және ақпарат
басты ресурс ретінде саналатын жүйе.
3.2. Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары,
объектілері мен субъектілері
Меншік категориясы кез келген экономикалық жүйені ұйым-
дастырудың іргетасы болып табылады.
Меншік ұғымы тарихи
категория ретінде алдымен, жермен, содан соң өндіріс құрал-
жабдықтарын иемденумен, пайдаланумен және оларды жалға берумен
байланыстырылады.
Осы тұрғыда, меншікті молайтуда өндіруші
адамның еңбегіне және оның еңбек өнімділігінің басымдылық рөліне
ерекше мән беріледі, өйткені ол
барлық байлықтың және пайда
табудың қайнар көзі ретінде саналады.
Меншік теориясына сүбелі үлесті У. Петти, Ф. Кенэ, А. Смит,
Д. Рикардо, П. Прудон, К. Маркс, Р. Коуз және А. Алчиан сияқты
ғалымдар қосты.
Маркс бойынша, меншік – бұл өндіріс құрал-жабдықтарын
иемденумен байланысты қатынастар деп қарастырылады. Ал Коуздың
пікірінше, кез келген ресурстар өздігінен меншікке айнала алмайды,
тек ресурстарды қолдану арқылы ғана меншіктің кешенді құқықтарын
анықтауға болады. Бұл меншіктің мазмұнын білдіре отырып, осы
меншік құқығына қатыстылардың барлығы сол меншіктің кімге
қатысты екенін және өзара пайдалы іс-әрекетті орындауға қол жеткізу
үшін сол адамдардың бір-бірімен
қалайша келісе алатындығын
сипаттайды.
Осындай көзқарастарға қарап, меншікті меншік объектілерінің
қатыстылығы жөніндегі адамдар арасындағы экономикалық
54
қатынастар деп түсінуге болады.
Меншік нысаны меншік
объектілерінің кімге тиесілі екендігін көрсетеді.
Кейбір отандық әдебиеттерде,
меншік құқығы деп белгілі бір
тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілі-
гін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының
жиынтығын айтады. Экономиканың негізгі үш іргелі мәселесі – не,
қалай және кім үшін өндіреміз сұрақтарын
шешу экономикалық
агенттердің өндіріс құралдарына деген меншік құқығына тәуелді
болып табылады. Осыған байланысты, кез келген меншік иесі болып
табылатын тұлға өз қалауы бойынша меншік объектісін иемденеді,
пайдаланады және билік етеді. Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінде меншікке қатысты мынадай ұғымдар айтылады:
Достарыңызбен бөлісу: