Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет44/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

Меншік объектісі – бұл осылар арқылы меншік қатынастары 
туындап отыратын қандай да бір заттар немесе құралдар, т.б. Меншік 
объектілеріне: жер, ғимараттар, табиғи ресурстар, өндіріс құрал-
жабдықтары, мүлік, ақшалар, бағалы заттар, ақпарат, жұмыс күші, 
білім, құнды қағаздар, ұлттық құндылықтар, т.б. жатады.
Меншіктің 2 түрі ажыратылады: жеке меншік және мемлекеттік 
меншік. Олардың әрқайсысының бірнеше нысандары бар.
Жеке меншік – бұл бір тұлғаның немесе отбасының мүліктің 
немесе ресурстың иесі болып табылуы. Жинақтау сипаты бойынша 
жеке меншік еңбектік және еңбектік емес болып бөлінеді. Еңбектік 
жеке меншік жалақы есебінен және кәсіпкерлік қызметтен келіп 
түсетін табыс арқылы анықталады. Еңбектік емес жеке меншік 
мүлікті мұраға қалдыру есебінен, бағалы қағаздардан, депозиттерден 
алынатын табыстар және басқа да табыс көздері арқылы анықталады. 
Жеке меншіктің ерекше нысаны болып ұжымдық меншік табылады. 
Ұжымдық меншіктің мысалына кооперативтік меншік және 
акционерлік меншік жатады. 1) Кооперативтік меншік деп бірігіп 
қызмет істеуі үшін сол кооператив иелерінің еңбегі мен өндіріс құрал-
жабдықтарын біріктіру жолымен қалыптасатын ұжымдық меншіктің 
бір түрін айтады. 2) Акционерлік меншік – бұл акцияларды сату 
нәтижесінде қалыптасатын меншік.
Мемлекеттік меншік – бұл субъектісі мемлекет болып табылатын 
меншіктің түрі. Меншіктің бұл түрін басқаруды және оған билік етуді 
мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктің 
басты ерекшелігі болып оның бөліске түспейтіндігі ретінде саналуы 
табылады.
Мемлекеттің меншіктің дамуы негізінен әміршіл-әкімшіл 
экономикалық жүйеде орын алады. Әдетте, оның үлесі меншік 


56
түрлерінің жалпы құрылымында 90%-ға дейін жетеді. Мәселен, 
бұрынғы КСРО-да мемлекеттік меншіктің үлесі 88%-дан асты. 
Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік 
меншіктің үлесі 5%-дан 30%-ға дейін ауытқып отырады. 
Экономикада мемлекеттік меншіктің басым болуы нақты өмірде 
жағымсыз жайттарға алып келуі мүмкін: мемлекеттік монополиялардың 
пайда болуы, мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға деген үстемдігінің 
орын алуы, арзан тауарлар түрлерінің жойылып кетуі, тауар 
тапшылығының пайда болуы, сұраныстың қанағаттандырылмауы. 
Осыдан барып мынадай тұжырым жасалады, яғни бұл жерде 
мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою 
туралы әңгіме қозғау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет