55
11. Қалдықтық сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шараларын
қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.
Сонымен, меншіктің экономикалық категория ретіндегі мәні
мынаған келіп саяды, яғни
меншік – бұл адамдар арасындағы
материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және
тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.
Меншік қатынастары меншік объектілерін иемдену жөнінде
меншік субъектілерінің арасында қалыптасып отырады.
Меншік
субъектілері – бұл олардың арасында меншік қатынастары туындап
отыратын тұлғалар, оларға жеке индивидтер, отбасы, әлеуметтік
топтар, ұжым, халық, мемлекет және басқару органдары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: