58
тәсілдерімен жүргізіледі және сатып алушыға максималды баға
қоюдың талабы ұсынылады.
Қазақстанда кең көлемді жекешелендіру 1991 жылы басталды.
Бұл үдерістің негізгі бағыттары үш кезеңнен өтті. Үкіметтің
бағдарламалары бойынша 31 мың кәсіпорынды мемлекетсіздендіру
және жекешелендіру жоспарланды.
1991-1992 жылдарға арналған мемлекетсіздендіру мен жекеше-
лендірудің алғашқы ұлттық бағдарламасы
мемлекеттік меншікті
басқа нысандарға айналдыруды,
азаматтардың мемлекеттік
кәсіпорындардың мүліктерін (акцияларын) сатып алуды мақсат етіп
қойды.
1993-1995 жылдарға арналған екінші ұлттық бағдарлама кіші,
жаппай және жеке жобалар бойынша жекешелендірудің түрлерін
қарастырып, нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасауды мақсат
етті.
1996-1998 жылдарға арналған үшінші ұлттық бағдарлама негізінен
жекешелендіру үдерісін аяқтау арқылы экономикада жеке сектордың
басымдылығына
қол жеткізіп, оны бекітуді мақсат етті.
Достарыңызбен бөлісу: