Байланысты: Display Ideas Alash Studies Anthropology the Knowledge of Life in the Small Genre[#1163673]-2603126
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2020 119
тегі» Аспан [5, 66-б.], А. Мантайдың «Жүрекке оралуындағы» Нарратор (Мен) [6, 66-б.]
бүгінгі заман адамы психологиясын дендеген тоғышарлық сана қалыптаған бейнелер.
Жазушының Қошалақ пен Африканы, Зәңгі мен Қапардың тағдыр тәлейін салыстыра
суреттеуінде философиялық тереңдік бар. Оқырман санасына құлдық пен еркіндік арасын
ажыратарлықтай салмақты ой тастайды. Ел болашағы жайлы саналы әр оқырман көкейінде,
жазушы дүниетанымы концепциясынан туған сұрақтың шешіміне ұмтылған жан драмасы
туындайды. Саяси сатиралық сипаты мен эпикалық тынысы кең «Американың ұлттық
байлығы» әңгімесіндегі Қапардың әкесі «ақ шұнақ шалдың» мінез-құлқын даралаудағы
жазушымен келісе қоймас күмәнді тұс та бар. «Ақ шұнақ шал» Қапар ойымен айтсаң аяулы
әке. «Қасқырдың бөлтірігін алмас бұрын арланы мен қаншығын құрт. Әйтпесе аяқ жетер
жердегі малшыларды ұлардай шулатып бітеді... дейтіндей» [3, 4-б.] тәжірбиелі аңшы. «Ақ
шұнақ шалды» анасы да қадір тұтқан. Анасы «...имек бас жез құман мен легенді алдына
тосып, ақ сүлгіні тізесіне тастап, жылы суды сыздықтатып құйып» [3, 4-б.] күтіп алған.
Дәулет жинаймын деп дүниебоқтың соңына да түспеген. Шегір көзінің сұғымен шаншып–ақ
дегенін істетер, айтқанын болдыртар кісі. Сөйткен «ақ шұнақ шалымыз» жалғыз баласы
үйленер шақта «тұлыптай боп ісініп, сырт терісі сөгіліп» болмашыға ашулануы нанымсыздау
шыққан. Әлде «мал ашуы жан ашуы» дейтін этнопсихологиялық күйдің табиғатын ашқысы
келді ме? Қалай дегенде де кесек болмысты кісінің майдаланып шыға келгеніне сенгің
келмейді. Әйтпесе жалғыз баланың тойына сарқылар ақ шұнақ шал «Жатқан жатырың жұқа
ғой. Жағаласа кетер жерде жапырыла қалуын. Қамшы ұстап дауға түсері жоқ өңшең
ынжыққа тартып» [3, 11-б.] дегенді айтар болар ма? Жаңа ғасыр тоғысында елдің егемендік
алып, иен даланың иесі менмін деп айтарлық шағында да, алдынан сан түрлі кедергі шығып
бақты. Тәуелсіздік тарихында жасап, «ақ шұнақ шалдай» өткеннің өнегесін ұрпақтың
рухында жанып жүрген, ірі бейнені әдебиетке суреткерлікпен сомдаудың өзі шеберлік пен
жаңалық емес пе? Ақ шұнақ шалдың ішкі сырын ашатын психологиялық тебіреністен,
ұлттық иіс пен дүниетанымдық даралық бой көтеріп, типтік образды танытады. Әңгімедегі
жаңалықтай сүйсіндіретін осы «ақ шұнақ шалдың» типажы. Автор «ақ шұнақ шалды»
оқиғаға етене араластырмайды,портреттеуге де ұмтылмайды. «Ақ шұнақ шалдың» образын
күрделендіре ашуда психологиялық тәсілге жүгінеді. Әңгімеде Қапардың Астанадағы
балдызынан алған хаты шағын эпизодпен беріледі. Жазушы Жетеске туыстас «желқабар
тұқым» метафорасымен-ақ ұрпақ бойындағы ұлттық болмысқа жат сананың белең
алып,мінезге көшкенін аңдатады. «Көшеде тіпті шетелдіктердің өзі тұра қалып, қылшығын
алақан жүгіртіп сипап,бас шайқап бітеді» [3, 14-б.] деуінің астарында қаншама ұлтқа төнген
қауіп-қатер ой ағымы, санаңды сілкіп өтеді. Оқырман санасын қозғап, ойды ширықтыра
суреттеу жазушы стиліне айналған. Мұндай стильде бүгінгі қазақ әдебиетіндегі шағын жанр,
эпикалық құлашымен, психологиялық анализдеумен, астарлы ой символикасымен, драмалық
тартысымен философиялық көркем шығарма жасады. Бұл тәуелсіздік дәуірі қазақ
прозасындағы шағын жанр, романның жүгін бойына жинақтап кейіпкерін типаждай алды
деген сөз. Осы орайда, қазақ әңгімесіндегі жаңалықтың бір қырын жапон жазушысы Харуки
Муракамидің (аударған – Д. Рамазан) «Лексингтондағы елестер» әңгімесіндегі хронотоппен
сабақтастыра өтсек. Х.Мураками әңгіме дискурсындағы уақыт пен кеңістік өлшемін оқиға
әлемінен тыс екендігін ескертсе [7, 21-б.] Р.Отарбаев «Американың ұлттық байлығы»
әңгімесі оқиғасы әлемін метафоралық оймен суреткерлік шешім бере отырып түйіндейді.
«Батар күн фәни дүниенің қашты-қуды қызығын қимағандай бір құлағын
қылтитып,айналаны жез легендей жылтыратып тұр» [7, 22-б.]. Осындағы батар күн табиғат
пен өмір құбылысының пейзаждық және мифопоэтикалық қырын аша түскен. Өмір
құбылысын ұлттық дүниетаным философиясына салып суреттеген. «Себебі, мифті,
мифологияны зерттеудің әдістемелік, дүниетанымдық тұғыры философия» [8, 114-б.].
Суреткер рухани тұтқындағы хәл мен заманаға наразылықты көңіл күйзелісін «заттандыра»
отырып, өмір шындығын түйреп өтеді. Күннің бір құлағының қылтиюы деталь ретінде алы-