Д. А. Ислам 1, Т. М. Ербай



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата22.11.2022
өлшемі0,77 Mb.
#51636
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Display Ideas Alash Studies Anthropology the Knowledge of Life in the Small Genre[#1163673]-2603126

 
 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2020
120 
нып, айналаны жез легендей жылтыратуында адамзаттық ой тербетіледі. «Күннің қызарып 
барып батқан суретін сол пері қызының жез тырнағынан қан саулап, көкжиекті тырнауы 
түрінде бейнелеу сәттік тіршіліктегі азапты арпалыстарды, қым-қиғаш тартыс пен 
кереғарлықты аңғарту тәсілі» [9, 114-б.] Ж. Әскербекқызының пікірін ескере қарастырсақ 
«Американың ұлттық байлығы» әңгімесі дискурсындағы суреткерлік шешім оқиға әлемінен 
метафоралық ойлау поэтикасымен тысқары тұр. Демек, табиғат көрінісінің бір тұсы (күннің 
қызара батуы, іңір – метафорасы) тіршіліктің күнделікті әрекеті райында күнде қайталанатын 
табиғи процесс секілді. Әңгімедегі суреткердің философиялық-дүниетанымдық концепциясы 
да уақыт өлшеміне бағынбай елдік мәселенің өзектілігі мен өміршеңдігіне жан бітірген.
«Жазушы – алдымен стиль» [10, 52-б.] демекші Р.Отарбаевтың «Қытайдан жеткен 
сәлемдеме» әңгімесі «Намаздыгер мен ақшамның ортасында күн күркіреп, көктемнің кіндігін 
кескен» [3, 23-б.] сөйлемімен басталады. Тіл мен ой өрнегі қосылып, күн күркірінің адами 
істі атқарған сәті суреттей басылған. Әңгіме сюжеті Өмірбай мен әйелі Базаркүлге Қытайдан 
көшіп келген Тоқайдың сәлемдемені жеткізуімен өрбиді. Өмірбайдың жан драмасы 
тартысына ойысады. Психологиялық тәсіл кезінде Қытайдан қашып келген Өмірбайдың жан 
түкпіріне қатқан сырын, Қытайдағы қазақ тарихы фонында алып қаузай түседі. Бақсақ, 
Өмірбай Қытайдағы қазақ азаттығын қорғаған Оспан батырдың жауынгері болған. Оспан 
батыр оққа байланып жеңіліс тапқаннан кейін, бертінде Өмірбай атамекенге өтіп кетеді. 
Әйелі Әсемай мен екі баласы Қытай шекарасында қалған. Өмірбай атамекенде тапқан бүгінгі 
әйелі Базаркүлмен отасып, қоңырқай тірлік кешкеннің бірі. Жазушы «Қытайдан жеткен 
сәлемдеме»-нің ішінде таспаға басылған Әсемайының дауысымен Қытайдағы қазақ тарихы 
трагедиясының адам тағдырына әсерін Өмірбайдың жан-күйзелісімен ашады. Қазіргі 
реалистік әңгіменің жаңашылдығы өмір шындығын өзгертпей көркем дүниетаныммен 
өрнектеп оқырман санасына қозғау салуында. Өмірбай өмірінің өксігі өзінің «Өзі үрейқуық, 
қорқақтау» [3, 27-б.] қателігінен тапқан сыйы. Өмірбайдың Оспан батырмен «Қыбырлаған 
жауға қарсы қару кезеніп, небір ойранның ортасында жүрген» [3, 28-б.] дегенге сенгің 
келмейді. Сонда жазушының айтпақ ойы не? Оспан батырдың қасында жүріп ысылды дейтін 
Өмірбай жоқ. Шекара бастығы жауапқа алдырғанда балам да, әйелім де жоқ, Оспанды 
ғұмырымда көрмегем. «Үкіметке қарсы соғысқаным жоқ» [3.33] – деп құты қашқан біреу ма 
дерсің. Өмірбай осылай жалтармағанда «Өмеке-ау. Иә соңымда Әсемай мен қос ұлым қалды, 
жібере көріңіз» десеңіз, бізді шекарадан әне-міне өткізгелі тұрған» [3, 33-б.]. Өмірбай өнеге 
берер жұрттан емес. Оқырман Өмірбай әрекетін түсіне қоймас. Бірақ жан дүниесіндегі дауыл 
оқырманды бей-жай қалдырмай, әрі-сәрі күйге салуының сыры неде? Жазушы жеңісі де осы 
емес пе? Өмірбай іс-әрекетін жақтырмай тұрып, бірге күйзелеміз. Өмірбайдың шекара 
бастығы алдында үрейленгені рас. Тіпті әйелі, баласы барын мойындағанда, Оспан батыр 
қасында болғаны қоса анықталса тірі қалар ма еді? – деп те ойланамыз. Жазушы Өмірбай 
тағдыры жолына бейтарап позициямен қарағандай, оқырманын кейіпкердің жеке тағдыры 
ойынына салып жіберді. Оқырман өз өміріне бойлап, өкінішті сәтінен сабақ алып, беймаза 
күйді бастан кешіруі мүмкін. Өмірбай да, оқырман да тағдырын өзгерткен қателігінен өзін 
ақтай алар ма?
Бәлкім, ақталудың да қажеті жоқ шығар. Себебі өмір ағысы пенде біткеннен сұрамайды 
ғой. Өз қателігін есіне алып, Өмірбайға айналған әр оқырман қанша ақталса да ар алдында 
тұтқын екен. Жазушы пәлсапасы осы. Түйін де осы оймен тарқатылады. Жазушы 
пәлсапасының тағы бір ұшқыны халықтың болмысындағы мінге тіреледі. Ол қандай мін? 
Өмірбайды шекара бастығы алдырғанда сол халық «Аттап баспа!... Оны айтасың, «Қол-
аяғына бірдей кісен салып, тілін көмекейден шорт кесіп алыңдар!» депті. – Мойныңа алма! 
Бала – белде, қатын – жолда» [3, 31-б.] – деген. Өлтірсе, Оспан батырдан әулие емессің. 
Қатын бала-шағаңды жәудіретпе демепті халық. Мінезі өзгеріпті халықтың. Әңгімедегі 
Базаркүл де халықтың бір өкілі. Бір қызымен Өмірбайға шыққан. Әңгіме сөзімен айтсақ 
Өмірбай «Базаркүлдің қолына кірген [3, 32-б.]. Базаркүлдің ісі де, азаматқа деген тілегі де бір




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет