Байланысты: Display Ideas Alash Studies Anthropology the Knowledge of Life in the Small Genre[#1163673]-2603126
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2020 115
мойын түптен тиген семсердің өткір жүзінен қаза тапты. Ал бұған келгенде... Сондағысы ел
мен жердің намысы» [2, 255-б.]. Авторлық баяндау автор көзқарасымен түйінделіп отырады.
Қазақ батырына тән ұлы мұрат талай ғасырлар көшінен қалған емес. Мұны оқырман ел
аузында айтылатын батырлар ерлігінен өрілетін аңыздардан да, тарихи деректерден де естіп
білген. Бірақ естіп білу бар да, көзбен көру бар.
Біз үзіндіге алып отырған автор сөзінде, батыр мұратын жалпы ұғым түсінігінен
бөлектеп, бөлшек түрде, жалқының өмірлік арманы етіп, деректендіре ұсыну бар. Автор бір
батырдың әулетінің шежіресінен ұлы мұраттың («батыр ажалы жаудан») істе көрінуін (әкесі
мен атасының өлімі) заттандырып көзге көрсете айтады. Осы қам-қаракет қазақ даласын
қорғаған барлық батырдың өміріндегі ұлы мұраты болғандығынан байтақ жерімізге иелік
етуіміздің сырына бойлайсыз. Халық афоризміне айналған «Батырдың ажалы жаудан»,-
дейтін ұлт философиясының ішкі қабатындағы өмір әуені батырлардың ұлы мұратын осылай
танытады. Батыр әңгімесінде эпикалық уақытты реалистік уақытқа көшіретін ондағы
оқиғалардың тарихи шындыққа тұстасатыны. Қазақ пен түрікмендер арасындағы
жаугершілік тарих өткелінде бар. Қазақ пен түрікмен арасындағы соғыс, жазушы
Ә. Кекілбаев прозасының тақырыбында да баяндалды. Әңгіме арқауына алынған осы
соғыстың тарихи деректерінен батыр прототипіне жақындауға болады. Бірақ, батырдың түп-
тұлғасын айту жазушының көркемдік мақсаты емес. Ол оқырмандық қабылдауда да
нанымсыз шығар еді. Автор позициясы батыр есімін тұлғалайтын намыс ұғымын ел
санасынындағы тарихи жадыда сәулелендіру. Батыр атын естіген оқырман көңіліне намысты
ердің сойы, батыр тұлғасы көлбеңдесе, жазушы мақсатының орындалғаны. Батыр тұлғасын
оқырман көңіліне жан дүниесімен көшіру жазушы тілінің мәнеріне қатысты. Бүкіл әңгіменің
идеялық желісін құраушы басқы сюжетте Батырдың батыр ұғымына өз дүниетанымымен
баға беру тұсы бар. Батырдың жастау шағында жасамыс жау батырын жекпе-жекте жеңіп
шыққанда есінде қалып қойған жәйт, батырлық пен ездіктің бетпе-бет келіп, қайшылық
үстінде шынайы көрінгені. «Батыр-ай, жанымды қи!»,-демесін бе. «Оның не?-деген бұл. –
Жау қолынан мерт болу – батырдың мұраты емес пе-әй?!» «Бұл қай сөзің? Өлудің қай жері
мұрат?» «Найсап, батыр дүниеге елі мен жерінің құрбандығы болу үшін келмейтін бе еді!»
«Оны қайтесің. Жанымды қи, Жаугер»... Батыр оған енді қайта көз салмаған. Атын қатты
тебініп, жасақтарына қарай жөней берді. «Нәлетіні тірі қалдырып кеткенің қалай, Батыр?» –
дескендерге: «Ол өзі де өлген адам екен, – бұл, Батыр емес, қатын. Қатынды қалай өлтірем!»
[2, 256-б.]. Мұны жазушы шеберлігіндегі көркемдік тәсілдің бірі десек болады. Батыр
ұғымын ұлттық дүниетанымдық биігінде кейіпкер характерінен, сөзінен алып түсіндіреді.
Түсіндіру ғана емес батырлар сөзі, әрекеті осы деп кесіп-пішіп жеткізген. Автор ойы
кейіпкер сөзіне көшіріліп, батыр атынан батырлыққа баға бергізу ақиқатын айтудағы
суреткерліктің бір қыры. Бұған қарап суреткерлік концепция жазушы қиялында емес өмір
материалынан туындаған дей аламыз. «Ата-бабадан қалған даналы ойдың, мәйекті сөздің
төркіні ұлттық дүниетанымдық концепцияны қалыптастырушы тәжірибелік мектеп болса,
суреткер концепциясы сол мектептен ұшқан тастүлек идея. Батыр кейіпкеріміз батыр ұғымы
мен оған қарсы ездіктің де пәлсапасын «ол өзі де өлген адам екен»-деп бірақ кеседі. Батыр
тарихи жадымызда әуелі жаугершілік заманда өмір сүрген тұлға ретінде елестейтіні бар.
Яғни, батыр баяғыда өмір сүрген адам. Ал, баяғымыз жазушы ойымен айтқанда « ...Баяғы
деген ата-бабалар, ата-бабалардың кісілігі, түсінігі, қуаныш-шаттығы, азабы мен шері, жеңісі
мен жеңілісі, аққан қаны мен төккен терінің ұлы көші емес пе?» [2, 249-б.]. «Айғыркісі»
әңгімесіндегі Есқұлдың бұл сөздері де жазушы концепциясының ұлттық ой-санадан қанат
қаққандығын танытады. Суреткерлік мақсат «баяғыда» өмір сүрген батыр ата-
бабаларымыздың өмір сүру концепциясын бүгінгі адам санасына сіңіру. Өмірі қыл үстінде
жүрген батыр аталарымыз ұлы мұрат жолында жанын берсе, бүгінгі бейбіт күндегі пенде
«адам» атына лайық өмір сүруде ме? Кешегі батырлар жүрегіндегі намыс бүгінгі қазақ өмі-