Д. А. Ислам 1, Т. М. Ербай



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата22.11.2022
өлшемі0,77 Mb.
#51636
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Display Ideas Alash Studies Anthropology the Knowledge of Life in the Small Genre[#1163673]-2603126

 
 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2020
121 
түрлі. Өмірбай құдды жалшысы дерсің. Бар қасиеті ұйқысы қатты, сөзі зәрден ащы. Мәселе 
Базаркүлде емес. Базаркүлдік тобырлық санада. Жалқылай айтсақ, топастықта. 
Базаркүлдерге өмір мәні тон мен жылтырақ матаға түйілген. Рухани азық ішер аузы бітеу, 
есесіне қарынға салар тесігі ашық. Базаркүлді мүсіркейсің. Мүсіркей отырып жиренесің. 
Жазушының да қалағаны осы. Оқырманды ойға қалдырды. Бойын тітіркендірді. Өмірде 
Базаркүлдер толып жүр. Өз бейнесін танып ойланса екен. Әңгіменің бастапқы сөйлеміне 
оралайық. Күн күркірі көктем кіндігін кескен. Ал өмір Өмірбайды жан арпалысына салды. 
Әсемайдың сәлемі найзағайдай түсті Өмірбай жүрегіне. Ойлан, адамзат! 
«Аспандағы ақ көбелектер» әңгімесі сюжеті де бүгінгі дәуір, дәл осы сәт шындығына 
негізделген. «Американың ұлттық байлығы» мен «Қытайдан жеткен сәлемдеме» 
әңгімелерінде де қазіргі өмірлік материал көркем шындыққа айналып, ұлттық характерлер 
ой-өрісі барынша табиғи қалпында танылды. «Аспандағы ақ көбелектер» әңгімесі өмір 
шындығын бейнелеуде драматизация тәсілімен жанрға соны жаңалық берген. Жаңалығы 
әңгіме оқиғасының драмалық тартысы сахналық көрініс жасауында. Әңгімеде театр 
сахнасын базар алмастырса, актерларын персонаждар атқарған. Әңгіме прологы 
Фирдаусидің «Құмырсқаға тимеңдерші, іздегені өмір ғой» дейтін қарапайым ойына 
адамзаттың бастан өткерер дәуренінің бүткіл философиясы барып тірелетіндігін меңзейді. 
Автордың адамзат есіне түсіріп отырған ұлы идеясы да әңгімедегі ұлттық дүниетаным 
аспектілерінің адамның өмір тіршілігінде санадан қалыс қалуы. Әрбір ұлт дүниетанымы 
ғасырлар тәжірибесінде қалыптасқан халық болмысын танытады. Ал халық болмысы қалай 
өзгерді. Адамзат неге санасыздануда. Маркестің «Жүз жылдық жалғыздығындағы, 
Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтарындағы» ұлы идея да Р. Отарбаев санада 
жаңғыртып отырған Фирдоусидің айтқан қарапайым өмір заңдылығымен қауышады. Ол 
бұзылған жерде қоғам да іріп-шіріп, адамзат құрдымға кетеді. Р. Отарбаев әңгімесінен туған 
суреткерлік шешім түйіні осы. Ал енді осы заңдылықты әлеумет санасына қалай сіңіру 
керек? Жаһандану тұсында бұрынғы роман жанрымен езіп бергеніңмен жұта қоятын сана 
бұлыңғыр. Жазушы адамзаттың уақыты жоқтығын ескерді ме, жоқ па, әйтеуір өмір 
шындығын қысқа әрі нұсқа беруге талап қоя білген. Сөйлеу, сөйлесу – тіршілік заңы. 
Сөйлескен жерде әңгіме де айтылады. Қызығы қазіргі адамзат қауымы әңгімеге әуес. 
Поэзияны сирек санаулылар тыңдайды. Әңгіме қайтсе әсерлендіреді? Адамзаттың да, 
әдебиеттің де алдында тұрған мәселе шешімін «Аспандағы ақ көбелектерден» таптық. 
Әңгіме сюжетінің өтетін орны базар. Базар қарапайым халықтың нәпақасын табатын ең 
қарапайым орын. Жұмыссыздардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына қолайлы әрі іс көзін тапса 
нарыққа тәуелсіздер қатарын көбейтетін мекеме. Демек, жазушы үшін базар-ақша адамзат 
санасы бұзылуына бірден-бір себепші, көркем шығармаға символикалық мағына 
үстемелейтін аймақ. Бастысы бүгінгі оқырманға, әлеуметке етене таныс орын болғандықтан 
өмір материалы көркем материалға ауыстырылса да шындыққа одан сайын жақындататын 
объект. Әңгіме кейіпкер Дәуреннің жынды боп қалған кездегі ахуалын суретті баяндаумен 
ашылады. «...батып-шығып, шығып-батып ұз-зақ жүрді. Беталысы базар-ды. Күндегісі осы. 
Шөл ғой шыдатпай жүрген...» [3, 35-б.]. Ал осы бір өмір сахнасын айнытпай суреттейтін 
ойлы сөйлемді жер бетіндегі әрбір жеке адам тірлігіне қатыстыра отырып елестетіңізші. Тек 
базар сөзінің тура мағынасын өмір базары деп ұғынсаңыз болды. Сонда жалқы Дәуреннің 
күйі жалпылық өмір күйін салыстыра бейнелеудегі ақиқатпен үйлеседі. Ақиқатты 
медиацияға түсіру автор еркінен тыс, шығармашылық концепциядан туындауы да мүмкін. 
Сонда қаламгер дүниетанымы философиясынан туындаған кейіпкер Дәуреннің орнында 
өзіңізді де, өзгені де көре аласыз. «Базарың тарқамасын» – дейтін ұғым ұлттық концептіде 
бар. Жалпыға қарата айтылған, түсінік-таным туындататын осы бір үзік сыр мәтіннің бес 
жерінде қайталанып беріліп отыруы пікірімізді дәйектей түседі. Бұған кейіпкер есімінің 
астарында адам өміріне қарата айтылатын өтер дәурен осылай-ды қосыңыз. Оны автордың 
өзі де «Ой, дәурен-ай! – деген дауысқа мойын бұрған» [3, 36-б.] деген сөйлем де растап бер- 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет