Д. А. Ислам 1, Т. М. Ербай



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата22.11.2022
өлшемі0,77 Mb.
#51636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Display Ideas Alash Studies Anthropology the Knowledge of Life in the Small Genre[#1163673]-2603126

 
 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2020
116 
рінде қаншалықты құнды суреткер оқырманын осындай ойға шақырады. Сөз басында ақын 
Мағжан мен жазушы Несіпбектің суреткерлік концепциясының түйісер тұсы деп 
шығарманың сыртқы пішініне құндақталған идеяны айтып өткенбіз. Енді «Батыр Баян» 
поэмасы мен «Батыр» әңгімесіндегі оқиғаның мазмұн желісіндегі ұқсас тұстарына назар 
тіксек. Ақын М. Жұмабайұлының «Батыр Баян» поэмасында батыр Баян махаббат өртіне 
шарпылған інісі Ноянды ел намысы үшін оққа байлайтыны бар. Мұндай көркемдік шешім 
авторлық мақсатты орындаушы тірек нүктесіндей және суреткер концепциясын тудырушы 
басты фактор. Олай болса ақын Мағжан да авторлық концепцияны халық арманы мен 
мақсатынан жарақтап отырған болады. Мағжан шығармасының контрастын күшейтіп, 
шарықтау шегін танытатын осы фактор жазушы Н. Дәутайұлы әңгімесінде қайта жаңғыруы 
неліктен? Осыған жауап іздеп көрелік. Батыр кейіпкерлеріміздің інісі ауыл ағайынның 
иесіндегі жүйрігін қалап барғанында, тауы шағылып кектенген. Содан жер үстіне атын 
әйгілеп отырған жүйрігі ауыл малымен қоса түрікмендерге асырып жіберген. Бұл іс ағайын 
арасына түскен сызат. Әңгімеде қазақ пен түрікменнің жауласуының себебі желден жүйрік, 
қазақ ауылының ақ байталынан шыққаны айтылып өтілетін. Түрікмендер қалап келген-ақ 
байталды жылқы жанды қазақ бермейді. Кектескен, қызғанған түрікмендер жайлауда аңдып-
бағып бауыздап кетеді. Сонан «әншейінде он мың жылқысынан бір тайды қасқыр тартса, 
қайғыдан қан жұтып жатып алатын байлар тізіліп келіп суын ішсе, өзеннің ағысын тоқтатып 
тастайтын үйір-үйір жылқыларын ауыл-ауылдан айдатып әкеліп, «Ал, қане, азамат біткен 
атқа мін! Кек қайтар!» дескен ғой [2, 262-б.]. Екі ұлттың арасындағы соғыстың себебі «Әлде 
деп те қояды бір ойы, – жауласудың себебі басқада, тым тереңдегі ме екен? Кім білсін!? Кім 
білсін?» [2, 262-б.] – ақ байтал болса інісінің ісі қазақ үшін, әрі ағайын үшін қаншалықты 
ауыр тиетінін түсінеміз. Бір тайына қайғыдан қан жұтқан пенде, аты әйгілі жүйрігімен қоса 
малынан айрылса Батыр інісінің ісі намысты басқа тепкенмен бірдей болып шығады. 
Жазушы ұлттық символымызға айналған қазақ тұлпарының халық бостандығындай қасиетті 
екендігін арғы тарихтан әдейі қозғайды. Бұл Батыр мінезінің, інісінің ағат ісіне оң қабақ 
танытпауының себебін шындыққа жақындатудағы автор орайластырған оқиға да болуы 
мүмкін. Автор қиялынан қосқан оқиға болғанның өзінде, біріншіден; жылқы автор 
мақсатының орындалу тетігіне айналса, екіншіден өмір шындығына қайшы келмейді. Батыр 
інісінің өзі де батыр болғандықтан хас жүйрікті ұнатып, оны иесінен сұрауы, қолы жетпеген 
соң пенделікке салынып кек қайтаруы мүмкін жәйт. Бірақ кектенген кегі халық жауының 
мүддесін орындап жатса, ол енді сатқындыққа саналады. «Бүкіл ішкі сарайында жан азабы 
аңырап қоя берді. Япыр-ау, не нәрсеге душар болғалы отыр. Жаудан қайтпаған, өлімнен 
сескенбеген жүрегі... Алғаш рет кеуде сүйегін тесіп кетердей дір-дір етті. Өзегі өртеніп, 
өкпесі қабынып, өмірем қауып барады. Сүйекке таңба... Осыдан еді ғой бұлардың 
қорқатыны. Ағайынның ала жібін аттау... Атасына нәлет дегізетін, адам түгілі аруақ, 
құдайдың да қарғысына қалатын қараулық. Тұқым-тұяғында болмаған. Енді келіп, бұлардың 
атадан балаға жалғасып келе жатқан әйгілі батырлығында не абырой қалады. Бұлардың 
батырлығының түп атасы – Адалдық пен Әділдік еді ғой. Қайсы бабасы: «Адалдық пен 
Әділдіктен асқан батырлық болмайды»-деп кетпеп пе еді. «Аспан айналып жерге түссе де, 
ағайынға қол салма демеп пе еді. Ит-ай, ұзында кегі, қысқада өші кетсе де, қаны бір туыстың 
маңдайына басқаның қалай дәті барып, көзі қиып, қайдағы бір түрікмендерге асырып 
жіберді. Қайтіп? [2, 264-б.]. Жазушылық характер табиғатын ашық күндей танытуына 
психологиялық талдау жүргізген осы бір әдісі жетіп жатыр. Бұл кейіпкер жанын жеген 
мазасыз ойды бейнелеудегі автордың лиризмге тіркелген толғаулы сыры. Бұл кейіпкер Батыр 
психологиясының жаны күйзеліп, өзді-өзі контрасқа түсуін характерлі баяндау амалы. 
Әдебиеттану тұрғысынан қарағанда Батыр кейіпкеріміз белгілі бір уақыттың типі. Ендеше 
характерлі баяндаудан Батыр өмір сүрген кезеңнің тыныс-тіршілігі айқын бейнеленетіндей, 
ұлттық сана түйсігінде мейлінше ашық күй танытады. Ұлттық сана түйсігінде түйінделген 
қазаққа тән мінез ол сөзге тоқтау еді. Бұл Батыр кейіпкер өмір сүрген қоғам санасының




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет