Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН



Pdf көрінісі
бет40/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80
Түйсіну түрлері. 
1. Көру түйсігі. Көру түйсігінің екі үлкен тобы: Ахроматикалық түйсіктер.
Хроматикалық түйсіктер. 
2. Есту түйсігі. Дистанттық түйсік. Есту түйсігі сөздік, музыкалық,- деп үшке бөлінеді. 
3. Дəм түйсіктері-контактылық түйсік негізгі дəмдік сапалары қышқыл, тəтті, ащы,
тұзды. 
4. Иіс түйсігі – иіс түйсігінің рецепторы да дистанттыққа жатады. 
5. Тері түйсіктері. Тері қабықтарында тактиль (жанасқанда түйсіну) температура(суық 
пен жылыны түйсіну) тəрізді бірнеше талдағыш жүйе болады. 
6.Статикалық түйсіктер. Статикалық немесе гравитациялық сезгіштік адам денесінің 
кеңістікте орналасу қалпын бейнелейді. 
7.Кинестезиялық түйсіктер. Кинестезиялық деп дененің жеке бөлімдерінің қимылы мен 
қалпын түйсіну. 
8.Органикалық түйсіктер. Рецептор ұштарының көбі ішкі мүшелерде орналасқан. 
Түйсіктің жалпы заңдылықтары. 
Түйсік заңдылықтарын мынандай екі бөлікке бөліп қарастырады. 
1 – түйсіктер мен тітіркендіргіштер арасындағы сандық қатынасқа байланысты. 
2 - түйсіктер мен сезім мүшелерінің қалпына тəуелді психофизиологиялық заңдылықтар. 
Түйсіну табалдырығы шегі – абсолюттік табалдырық. Түйсіктің абсолюттік 
табалдырығы дегеніміз сезім мүшелерінің өте əлсіз тітіркендіргіштерді де түйсіне алуы 
немесе сезе білуі.Абсолюттік табалдырықтан басқа тағы бір табалдырығы айыру 
табалдырығы. Айырма табалдырығы дегеніміз – сезім мүшелерінің болар болмас 
айырмашылығында сезіне білуі. 
Талдағыштардың өзара ықпалды əсерінен сезгіштің артуы – сенсибилизация деп 
аталады. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына
сол сəтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды, яғни қосарласқан түйсік 
пайда болады. Бұл құбылыс синестезия деп аталады. 
 Қабылдау процесі. 
Қабылдау дегеніміз заттар мен құбылыстардың қасиеттері, бөлшектері, құрамы, 
формасы т.б. қосылып сезім мүшелеріне тікелей əсер етіп адам миында тұтас бейнеленуі. 
Қабылдаудың алғы шарты түйсік процесі. Қабылдаудың құрамына түйсіктен басқа 
адамның өткен тəжірибелері, елес жəне білім кіреді жəне психикалық процестермен 
байланыста жүзеге асады. 
Айналадағы заттар мен құбылыстардың сезім мүшелерімізге əсері нəтижесінде 
қабылдаудың заттылығы қалыптасады.Қабылдаудың бейнесі сыртқы дүниенің белгілі 
затына қатысты болады. Бұл ара – қатынас біздің мінез құлқымыз бен іс - əрекетіміздің 
бағдарлау қызметінің негізі болып есептеледі.Қабылдаудың толықтығы мен дəлдігі 
қоғамдық тəжірибе мен адамның тəжірибесіне, заттардың белгілері мен қасиеттері жайлы 
жинақталған білімдерге тəуелді. Қабылдау бейнесінің өзі де оны құрастыратын 
бөлшектердің ерекшеліктеріне тəуелді болып келеді. 
Қабылдау физиологиясы – талдағыштар жүйесінің комплекстік қызметі болып 
табылады.Қабылдау адамның өткен тəжірибесіне немесе психикалық əрекеттер 
мазмұнына байланысты. Бұл ерекшелік апперцепция деп аталады.Апперцепция 
құбылысы қабылдау мазмұны мен бағыт – бағдарының, адамның тəжірибесіне, мүддесіне, 
өмірге қатысына, біліміне байланысты. Апперцепция жеке адамның қабылдауына 
белсенділк сипат береді. 
Білім жүйесін қалыптастыру, тəжірибені молайту, сезім, қажеттілік дағды жəне 
адамгершілік, мінез – құлық əдеттерін тəрбиелеу, болмысты мазмұндырақ қабылдауға 
көмектеседі. 
Қабылдау түрлері Қабылдау классификациясының бірнеше түрі бар. Алғашқы 
классификация рецепторлардың ерекшілігіне байланысты. Олар: есту, көру, сипап сезу 
т.б. 
Екіншісі материяның тіршілік ету формаларына негізделген. Заттарды уақытты 
қабылдау, қатынастары, қозғалысты, кеңістікті, адамды қабылдау. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет