Қабылдауқасиеттері Заттылығы – айналадағы заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне əсер нəтижесінде
қалыптасады.
Құрылымдылығы – қабылдау түйсінудің жай қосындысы емес ол жалпы тұтас құрылымы.
Мағыналылығы – қабылданған объект тұтас болады, мағынасы сөзбен беріледі.
Тұтастығы – қабылдау əрқашанда тұтастық бейнесі. Сыртқы жағдайдың өзгеруіне
қарамастан, заттар сол қалпында қабылданды.
Константтылығы – қоршаған заттар формалары, түстері, көлемі салыстырмалы түрде
қабылданды.
Таңдамалылығы –басқалармен салыстырғанда кейбір объектілерді ерекше бөліп
көрсетуімен байланысты.
Физиологиялық немесе ақыл – ой əрекетінен жəне эмоцияналдық шаршау кезінде адам
қабылдауында өзгерістер байқалады. Олардың түрлері ерекшеліктеріне қарай мынадай
түрлері болады:
Гиперстезиялық қабылдауда – сыртқы құбылыстың барлығын жоғары қабылдайды.
Гипостезиялық қабылдауда керсінше қабылдау нашарлауы, төмендеуі.
Галлюцинациялық құбылыс дегеніміз жүйке жүйесінің ауруға шалдығуынан жалған,
теріс, бұрмаланған бейнелердің пайда болуы. Галлюцинация қиялдану, шатасу деген
мағынаны білдіреді.
Иллюзия дегеніміз қабылданған нəрсе мен заттар өзіне сəйкес келмей бұрмаланып
қабылданады.Аффектілік иллюзия – қорқыныш, үрей жəне мазасызданған, көңіл – күйі
түскен адамға байқалады.Вербалды иллюзия айналадағы немесе қасындағы адамдардың
сөзін, əңгімесінің мағынасынан басқаша қабылдау.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Түйсіну дегеніміз қандай процесс.
2. Түйсіну процесінің түрлері.
3. Түйсіну ерекшеліктері қандай.
4. Қабылдау дегеніміз қандай процесс.
5. Қабылдау түрлері.
6. Қабылдау қасиеттері.
7. Қабылдаудағы ерекшеліктер.
8. Иллюзия,галлюцинация қандай құбылыстар.
Əдебиеттер: 1. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы.,2005
2. Немов Р.С.Психология (3 кн.) кн.1.-М.,1995
3. Лурия А. Р. Лекция по общей психологии.-Питер.,2004
4. Радугина А.А. Психология и педагогика.-М.,1999
5. Ілешова Р. Медициналық психология.-Алматы.,1994,
6. Кон И.С .В поисках себя.-М.,1984