Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН



Pdf көрінісі
бет48/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Сөйлеу анықтамасы. 
2. Сөйлеу түрлері. 
3. Сөйлеу қызметі. 
4. Сөйлеу ерекшеліктері. 
5. Сөйлеу физиологиясы. 
6. Афазиялық жағдайлар,олардың түрлері. 
7. Сөйлеудің даму стадиялары.. 
Əдебиеттер: 
1. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы.,2005 
2. Тəжібаев Т. Жалпы психология.-Алматы.,1993 
3. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М.,1981 
4. Лурия А.Н . Лекции по общей психологии.-М.,2002 
5. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003 
№ 10 дəріс. 
Тақырыбы; Сезім жəне эмоция. Ерік. 
Дəріс мазмұны: 
1. Сезім жəне эмоция анықтамасы жəне негізгі қызметтері. 
2. Сезім мен эмоцияның физиологиялық ерекщелігі. 
3. Сезім түрлері. 
4. Эмоциялық көңіл-күйлер. 
5. Ерік.Еріктің сапалық қасиеттері. 
Мақсаты: Сезім жəне эмоция қызметтерімен,физиологиялық ерекшеліктерімен,сезім 
түрлерімен жəне эмоцоиналдық көңіл-күй түрлерімен таныстыру.Еріктің сапалық 
қасиеттерінің ерекшеліктерін түсіндіру. Адамның өз сезім-эмоциясы мен ерік-жігерін 
басқара білуге,тəрбиелей білуге үйрету. 
Сезім жəне эмоция. 
Сезім жəне эмоция туралы түсінік. Эмоция мен сезім ерекшелігі адамның 
қажеттіліктерімен, талабымен, ниетімен, еркімен жəне мінез ерекшеліктерімен 
аныталады.Сезім 
мен 
эмоция 
екі 
түрлі 
қызмет 
атқарады:1.реттегіштік. 
2. 
сигналдық.Сезімнің реттегіштік қызметі көңіл-күйдің тұрақтылығы мен мінез-құлқымызға 


бағыт беріп, оны қолдап кездескен кедергілерді жеңуге көмектеседі.Эмоцияның реттегіш 
механизмі эмоциялық қозуды бəсеңдетеді. Мысал: сағыныш, торығу, қатты қуану, 
шаттану т.б.Міне бұлар сөз, күлкі немесе бұлшық ет қимылдары арқылы сыртқа шықпаса 
қауіпті болады.(жылау 15 мин.). 
Мəнді қимылдар эмоциялар мен сезімдердің сигналдық қызметін атқарады. Олар 
толғаныс, тебіреністі толықтырып айқындай түседі. Дауыстық жəне мимикалық 
сигналдар, сөз, ырғақтары, дауыс реакциялары қарым-қатынаста адамдар арасында 
байланысты бейнелейді. Мысалы: күлімсіреу, зілді, жасады, мұңды күйде қарау т.б. 
Адам өзіне, басқа адамдарға, айналасындағы дүниеге қатынасын білдіретін, оны 
бейнелейтін психикалық процесті сезім деп атайды. Сезім адамның психикалық əрекетінің 
қандай жақтарына да белгілі түрде реңін береді. Эмоциялар мен сезімдер адамның 
əрекетімен, оның мінез құлқымен, жүріс-тұрысымен біте қайнасып жатады, таным процесі 
де сезіммен ұштасады. Эмоция мен сезім дегеніміз бұл адамның айналадағы өмір 
шындығына жəне өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы. Сезімдер мен эмоциялардың
бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Осындай саналық ерекшеліктерінің бірі қарама-
қарсы, полярлық сапалық ерекшеліктер деп аталады. Мысалы: сүйсіну, сүйсінбеу, 
көңілдену, қажу т.б. 
Жоғары сезімдер. Жоғарғы сезімдер адамға ғана тəн. Осы топқа адамгершілік, 
эстетикалық, интелектік деп аталатын сезімдер кіреді.Қоғамдық өмірдің талабына сəйкес 
адам мінез құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдері.Жоғарғы 
сезімдердің бір түрі-эстетикалық сезімдер. Эстетикалық сезім дегеніміз адамның 
шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезіну.Жоғарғы сезімдердің бұдан басқа бір 
түрі – интеллектік сезімдер адамдардың таным процестерімен ақыл ой əрекетімен тығыз 
байланыста жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет