Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН



Pdf көрінісі
бет44/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80
Ойлау формалалары 
Ойлау формулалары: пікір, ұғым, ой қорытындысы. 
Ұғым - дегеніміз елеулі белгілердің бір тектестігі жағынан біріккен заттарды
жалпылама білу. 
Пікір - дегеніміз құбылыстар арасында байланыс орнату немесе белгілі бір зат, 
құбылыс туралы ойын айту, қатынасын білдіру. 
Ой қорытындысы – бар деректер негізінде жасалған тұжырымдар. Олар индуктивті
дедуктивті, традуктивті болады.Индуктивті – бірнеше жеке жағдайдан шығатын ой 
қорытындысы. Дедуктивті - жалпы заң ережеден жəке жағдайға ауысатын ой 
қорытындысы. Традукітивті (аналогиялық) – жекеден жекеге немесе жалпыдан жалпыға 
ұқсастықтарына қарай ой қорытындылары. 
Адамның мəселе шешудегі жеке тəсілі, ой əрекеті ой операциялары немесе ой 
процестері деп аталады. Талдау (анализ), біріктіру (синтез), салыстыру, жалпылау
нақтылау т.б. 
 Ойлау түрлері 
1. Ойлау түрлері түрлі ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. 
2. Таным ерекшелігіне қарай: теориялық, эмперикалық. 
3. Мазмұнына қарай: көрнекті əрекеті, көрнекті – бейнелік, сөздік – логикалық. 
4. Əрекетіне қарай: вербальды, көрнекілік. 
5. Қызметіне қарай: шығармашылық (творчестволық), сыншылдық (критика). 
6. Рефлексияға қарай: интуктивті, рациональды. 


7. Шешілетін мəселенің сипатына қарай: теориялық, тəжірибелік. 
Ойлаудың даму стадиялары 
1 .Ұғымға дейін ойлау – 5 жасқа дейін керек. Барлық құбылысты жалпы ойлайды, 
жекеден –жекеге немесе жалпыдан – жалпыға дейін байланыстырады. 
2. Ұғымдық ойлау. Ойлау процесі бірте –бірте одйлайды. Құбылыстардың қарапайым 
ұқсастығы мен айырмашылығы туралы өзіндік ұғымы, пікірі қалыптасады. Ойлаудың бұл 
стадиясы 16 – 17 жасқа дейін дамиды. 
 Қиял процесі туралы түсінік. 
Қиял туралы түсінік. Адам бұрын өзі көріп білмеген нəрселердің бейнесін көз 
алдына елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған 
бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, жаңа елестер мен идеалар туады.. Осындай 
жаңа бейнелер мен идеаларды қиял деп атайды. Қиял адамның еңбек əрекетімен дамитын 
психикалық қызмет. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім 
қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Қиял дегеніміз – бізді қоршаған 
сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңғыртып, оларды өңдеп 
бейнелеуден тұратын адамға тəн психикалық процесс. Адам қиялынан ерекшеліктерді 
былай топтастыруға болады: 
а) əрбір адамның қиялы оның жеке басының қызығуы мен ерекшелігіне, алдына қойған 
мақсат-мүдделеріне байланысты. 
ə) қиялдың мазмұн-мəнісі, түр-сипаты адамның жас ерекшелігіне, білім дəрежесі мен өмір 
тəжірибесіне, дара басының ерекшеліктеріне байланысты. 
б) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен тығыз ұштасып жатады. 
в) адамның қиялы еңбек процесінде іс-əрекет үстінде де дамып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет