Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет15/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

 
Қамқоршылық кеңес 
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны 
сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан 
Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген және білім беру 
ұйымдарында Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін 
айқындайды. 
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, 
жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке 
және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді.
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге 
асырылады. 
 


Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі және құрамы 
Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы орган 
өзінің интернет қорында және/немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын 
мерзімді баспасөз басылымында Қамқоршылық кеңес құрылатындығы және оның құрамы 
бойынша ұсыныстар қабылданатындығы туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде 
орналастырады. 
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні 
ішінде жүзеге асырылады. 
Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің 
жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады және тиісті 
саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган 
ұсыныстарды қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бекітеді. 
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
1) жергілікті өкілдікті, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері; 
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) әрбір қатарлас сыныптан, курстан ата-аналар комитеті ұсынған сол білім беру 
ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).
Білім беру ұйымының жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім 
беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады. 
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының 
басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан 
құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. 
Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді. 
Тірек мектептерінде (ресурс орталығы) құрылған Қамқоршылық кеңес өкілеттігі оған 
бекітілген шағын жинақты мектептерге де таралады. 
Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес 
мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.
Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар 
басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің 
басшысы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет