Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері


Білім беру ұйымдарының құқықтық мәртебесі



Pdf көрінісі
бет13/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

Білім беру ұйымдарының құқықтық мәртебесі 
Орта білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының 
Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, тиісті үлгідегі білім беру 
ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 Бұйрығы), жалпы білім беру ұйымдарының 
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік 
қағидаларын (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 
қыркүйектегі №375 бұйрығы) және білім беру ұйымының Жарғысын басшылыққа алады. 
Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік 
қағидалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 
қыркүйектегі №375 бұйрығына 1-қосымша) мынадай бөлімдерді қамтиды: 
1. Жалпы ережелер. 
2. Мектеп қызметінің тәртібі. 
3. Мектептердің қызметін қаржылық қамтамасыз ету. 
4. Мектепті басқару. 
Бұл құжат меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан 
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын 
жалпы білім беретін мектептер (бұдан әрі – мектептер) қызметінің тәртібін айқындайды. 
Бірінші бөлімде осы Үлгілік қағидаларда қолданылған ұғымдар көрсетіледі. Сондай-ақ 
мұнда мектептердің негізгі міндеттері айқындалды. Мұнда мектептің үздіксіз білім беру 
жүйесінің негізгі буыны болып табылатындығы және Қазақстан Республикасының барлық 
азаматтарына тегін жалпы орта білім алуға мемлекеттің кепілдік беретіні атап көрсетіледі. 
Екінші бөлім мектеп қызметіне қатысты мәселелерді қамтиды. Атап айтқанда, Мектепке 
қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 
қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің 


жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға 
қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады; Мектеп персоналын жинақтау 
тәртібі оның жарғысымен және Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасымен 
реттеледі.
Мемлекеттік мектептерде штат саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 
қаңтардағы №77 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің 
үлгілік штаттарына сәйкес белгіленеді. Сонымен қатар педагог лауазымына тұлғаларды 
қабылдау тәртібі; оқушыларды оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету 
және т.б. қарастырылады. 
Бұл бөлім мектепте білім беру процесін жүзеге асыру негіздерін анықтайды. Мектепте 
білім берудiң мазмұны МЖМБС-ға сәйкес әзiрленетiн және iске асырылатын жұмыс 
бағдарламаларымен және оқу жоспарларымен айқындалады. Негізгі оқу жоспарының 
вариативтік бөлiгiнiң құрамына кiретiн және нақты ұйымның ерекшелігін көрсететiн оқу 
пәндерi бойынша оқу жұмыс жоспарын және бағдарламаларын әзiрлеудi мектептер дербес 
жүзеге асырады. Сонымен қатар бұл жерде сабақтардың ұзақтығы, сабақтар арасындағы 
үзілістер туралы айтылады. 
Қажет болған жағдайда мектептерде мектепке дейiнгі шағын орталықтар және бір 
жылдық мектепалды сыныптар, гимназия, лицей және бейінді сыныптар ашылады, мектепке 
дейінгі шағын орталықтарда және мектепалды сыныптарда білім беру процесі мектепке 
дейінгі жастағы балалар үшін ерекше қызмет түрлерін: ойын, құрастыру, сурет салу, музыка, 
театрландыру және басқа да қызметтерді ескере отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ 
балалармен тіл табысуды, олардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып 
түрлі топтардағы жұмысты іске асыруды қарастырады. 
Бастауыш мектеп негізгі және орта мектептің құрамында немесе қажетті материалдық-
техникалық, ғылыми-әдістемелік және кадрлық ресурстары болған жағдайда жеке мектеп 
ретінде жұмыс істейді және Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамаларында 
белгіленген тәртіппен тіркеледі. 
Бастауыш білім берудің жалпы білім беруге арналған оқу бағдарламалары (1-деңгей) 
баланың тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқуға ынтасы мен дағдыларын: 
негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті оқу, жазу, есептеу, тілдік 
қарым-қатынас, өзінің шығармашылық қабілетін жүзеге асыру, мінез-құлық мәдениетінің 
берік дағдыларын дамытуға бағытталған. 
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беруге арналған оқу бағдарламалары (2-деңгей) 
білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында 
тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, тұлға 
ретінде бағыт-бағдарын және кәсіптік бағдарын айқындауға бағытталады. 
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беруге арналған оқу бағдарламалары (3-деңгей) 
жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік 
оқытуды енгізе отырып білім беру мазмұнын саралау, интеграциялау және кәсіптік бағдарлау 
негізінде әзірленеді. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар, сондай-ақ үйде оқитын балалардың 
қажеттіліктеріне сәйкес «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу 
жоспарлары негізінде жеке оқу жоспарлары мен «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған 
жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу 
бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 
2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламаларының 
негізінде жеке оқу бағдарламалары әзірленеді. 
Жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларын білім беру ұйымының басшысы бекітеді. 


«Мектептердің қызметін қаржылық қамтамасыз ету» бөлімінде мектептердің қызметін 
қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексінде белгіленген тәртіпте 
жүзеге асырылатындығы және мектеп педагогтеріне «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 
27 
желтоқсандағы 
Қазақстан 
Республикасы 
Заңының 
8-бабының 

және
5-тармақтарына сәйкес қосымша ақы белгіленетіндігі атап көрсетіледі. 
Оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептерге әр сыныпқа 4 сағат есебінен 
факультативтерді және оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыруға 
қаржы бөлінеді. 
Мемлекеттік мектептерде ақылы білім беру қызметі бюджеттен қаржыландырылатын 
негізгі білім беру қызметі шеңберінде және оның орнына көрсетіледі. 
Төртінші бөлім мектепті басқаруды анықтайды. Мектеп өз қызметінде Қазақстан 
Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы қағидалар 
мен мектептің жарғысын басшылыққа алады.
Мектепті тікелей басқаруды конкурстық негізде тағайындалған директор жүзеге 
асырады.
Мектептерде алқалы басқару органдары құрылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет