7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы
органға Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою
туралы ұсыныстар енгізеді;
8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен
әңгімелесу
қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;
9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде
білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің
жұмсалуы және қазақстандық
азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды
орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;
10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге,
семинарларға қатысады;
11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және
тәрбиеленушілерге
жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологін
қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.
Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрағасы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің
жалпы санының үштен екісінің бастамасымен шақырады. Қамқоршылық кеңестің отырысы
қажеттілігіне қарай, кем дегенде тоқсанына бір рет өткізіледі.
Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысушы мүшелердің
басым даусымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда, Қамқоршылық кеңестің
төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының міндеттерін атқаратын
тұлға дауыс берген шешім қабылданады.
Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысқан
Қамқоршылық кеңестің барлық
мүшесі қол қойылған хаттамамен ресімделеді.
Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:
1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы
органдардың бастамасы бойынша;
2) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге
асырылады.
Қамқоршылық кеңестің мүшесі:
1) өз бастамасымен;
2) отырыстарға себепсіз қатарынан үш рет қатыспауына
байланысты Қамқоршылық
кеңестің құрамынан шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: