Білім беру процесін реттеудің нормативтік құқықтық негіздері.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы
тiл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін және білім берудің
бағыттары мен келешек дамуын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілерін қамтиды.
Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасының міндеттері:
- Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқықтарын
қамтамасыз ету және қорғау;
- Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің еркін жұмыс істеуі мен дамуы
үшін құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету;
- жеке және заңды тұлғалардың білім беру саласындағы құқықтарын, міндеттерін,
өкілеттіктері мен жауапкершілігін айқындау, сондай-ақ олардың осы саладағы
қатынастарын құқықтық реттеу.
Білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі және ажырамас
конституциялық құқықтарының бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: