Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет7/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

Лицензия – белгіленген мерзімде көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыруға рұқсат 
беретін, сондай-ақ оны жүзеге асыру шарттарын айқындайтын ресми құжат. 
Шарт  азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы 
екі немесе одан да көп адамның өзара келісімі. 
Ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін
жұмыскерлердің өкілдері арқылы жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасында жасалатын 
жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт. 
Еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, оған 
сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек 
тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек 


функциясы бойынша жұмыс беруге, Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының 
заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде
ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, 
жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді. 
Ереже – белгілі бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын 
нормативтік құқықтық акт.
Қағидалар – белгілі бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін 
айқындайтын нормативтік құқықтық акт. 
Білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру 
процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқу нәтижелерін 
бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені. 
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты – әрбір білім беру деңгейі 
бойынша оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына, білім алушылар мен 
тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне, білім алушылардың даярлық 
деңгейіне, оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын құжат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет