Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері


Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құқықтық



Pdf көрінісі
бет6/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

 
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құқықтық 
актілердің түрлері 
Акт — заңды жағдайды анықтау немесе дәлелдеу үшін қажет жазбаша құжат. 
Құжат — сақтауға және қоғамдық пайдалануға арналған мәтін, дыбыс жазбасы немесе 
сурет түріндегі ақпарат тіркелген материалдық объект. 
Құқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкілетті органдар 
қабылдаған, құқық нормаларын немесе жеке-дара билік ететін құқықтық нұсқамаларды 
қамтитын, белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат; 
Нормативтік емес құқықтық акт – құқық нормаларын қамтымайтын, уәкілетті орган 
өз құзыреті шегінде шығарған (қабылдаған), жеке-дара айқындалған тұлғалардың заңнамада 
белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын не нормативтік құқықтық актіде 
қамтылған нормаларға түсіндірме беретін жазбаша ресми құжат, сондай-ақ мемлекеттік 
жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілер. 
Нормативтiк құқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкiлеттi 
орган қабылдаған, құқық нормаларын белгiлейтiн, өзгертетiн, толықтыратын, олардың 
қолданысын тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгiленген нысандағы, қағаз жеткізгіштегі 
жазбаша ресми құжат және сонымен бірдей электрондық құжат. 
Нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi – нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк 
құқықтық актiлер сатысында өзiнiң заңдық күшiне қарай алатын орны. 
Білім беру мекемесінің құжаттамасы – білім беру мекемесінің қызметі туралы 
ақпарат көзі. Ол оқу-педагогикалық, статистикалық, қаржы-шаруашылық болып бөлінеді. 
Бұл локальді нормативтік акт болып табылады. 
Нормативтік құқықтық актілердің түрлері: 
Заң – аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының 
Конституциясында көзделген негізге алынатын қағидаттар мен нормаларды белгiлейтiн 
нормативтiк құқықтық акт. 
Кодекс – Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 8-бабында 
көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары 
бiрiктiрiлген және жүйеге келтiрiлген заң. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет