Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері


Білім беру процесін реттеудің нормативтік құқықтық негіздері



Pdf көрінісі
бет9/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

Білім беру процесін реттеудің нормативтік құқықтық негіздері. 
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Қазақстан Республикасында
білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы 
 
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті 
білім беру стандарттарының және білім беру бағдарламаларының; 
2) үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім 
беру ұйымдарының
3) білім беруді басқару органдары мен тиісті инфрақұрылымдардың, оның ішінде білім 
беру мониторингін жүзеге асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз 
ету ұйымдарының; 
4) білім беру қызметінің субъектілерінің өзара байланысты жиынтығы болып табылады 
(«Білім туралы» Заңның 10-бабы). 
Білім беру жүйесінің міндеттері
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері 
негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби тұрғыдан шыңдауға бағытталған 
сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау
2) тұлғаның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, 
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту 
үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту; 
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, 
мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, 
Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу («Білім 
туралы» Заңның 11-бабы). 
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі жалпы білім беретін оқу және білім 
беру бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде жеті білім беру 
деңгейін: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды; бастауыш білім беруді; негізгі орта білім 
беруді; орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді); 
орта білімнен кейінгі білім беруді; жоғары білім беруді; жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
беруді қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет