Сангвиник - жылдам және тез қозғыш, көңіл-күйі
жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады. Бәрін біліп
алуға тырысады, бірақ, біреу бағыттап отырмаса, тез
айнып кетуі ықтимал. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп
отырады. Сөзі жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен
интонацияларды жақсы сақтайды. Сөзді мәнерлеп айтуға
тырысады. Сөйлегенде ым-ишара жағы басым келеді.
Көбінесе, эмоциялы, қозу жағдайында тұрады. Олардың
мінез-құлқынан қажырлылық, белсенділік, сияқты кейбір
жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан олар өмірге
икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ типті болып
саналады.
в)
Флегматик – сабырлы, орынсыз асып-саспайды.
Сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді. Дауыс екпіні баяу,
асықпай-аптықпай
сөйлейді,
сөзі
ым-ишарамен
ерекшеленіп тұрмайды. Ұқыпты, парастты, ақылды. Зейіні
тұрақты. Қызығушылықтары да тұрақты. Жаңа іске жай
қосылады, бір істен екінші іске ауысуы баяу.
г)
Меланхолик – ұялшақ, тартыншақ, тұйық
болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді.
Барлық эмоциялары ішінде, өте сезімтал, жасқаншақ, өз
күшіне сенбейді. Жалғыздық пен тұйықтыққа бейім,
байланысқа түсуі қиын. Қызығушылықтары тұрақты, жаңа
ортада кей жағдайларда қысылмайды.
Жеке оқушыға психологиялық-педагогикалық
мінездеме берудің үлгісі
І түрі
1. Оқушы туралы жалпы мағлұмат:
- Фамилиясы, аты, әкесінің аты;
- туған жылы;
68
- класы;
- денсаулық жағдайы;
- жалпы шынығуы;
- жанұядағы тұрмыс жағдайы.
2. Оқу тәртібі:
- сабақ үлгерімі; алып жүрген бағалары барлық пәндерден
бірдей ме? Әртүрлі ме?
- сөйлеу қабілеті (ана тіліндегі сөйлеу мәдениеті), сөз
байлығы, өз ойын жазбаша және ауызша түрде жеткізе
білуі;
3. Оқуға қабілеті:
- оқу материалдарын есте қалдыру (оқушының қиялдау
дәрежесі);
- естің қалыптасуы (есте сақтау қабілеті, есте сақтау тездігі
мен тұрақтылығы);
- ойлаудың дамуы (қорытындылары, жеке, не күрделі
шешімдерді қабылдауы, салыстыра алуы, оның тездігі);
- сөз қорының дамуы;
4. Оқуға ынталылығы.
5. Оқуға қызығуы және қатысы (қызығып, қызықпай оқуы,
қандай оқу пәндерін қызығып оқиды).
6. Бағаға көзқарасы, мұғалім мен ата-анасының мақтауына
немесе теріс көзқарастарына деген қарым-қатынасы. Оқу
әрекетінің негізгі мотивтері.
7. Оқи білуі (күн тәртібін сақтау, ұйымшылдық, кітаппен
өзбетінше жұмыс істей білу, материалдарды жаттау, өзін-
өзі бақылау, жоспар құру, конспектілер т.б.).
8. Еңбегі (сабақ үстінде, қоғамдық жұмыста, мектепте
және үйде).
- жұмысқа көзқарасы (еңбекті жақсы көре ме, әлде оған
салғырт қарай ма?). Әсіресе не қызықтырады (жұмыс
процесі, жасалған нәрсе, жоқ жұмыс әдісін білуі ме?)
- еңбек әдісі (ептілігі) және білімі бар ма? Оны қалай оңай
жасай ала ма?
69
- жұмысты ұйымдастыру, оған педагогикалық басшылық
ету.
- ұзақ жұмыс істеуге әдеттенген бе?
- еңбектің қандай түрін қалайды?
9. Қоғамдық қызмет және белсенділігі.
- ұжымдық қоғамда өмірге көзқарасы (Құрметтей ме?
Жайбарақат па? Әлде теріс көзқараста ма?)
- елдің қоғамдық өміріне қызыға ма? (Ақпараттық
басылымдарды оқи ма? Әлемде болып жатқан жаңалықтар
мен
жағдайлар
туралы
мұғалімдермен
және
жолдастарымен сөйлесе ме?)
- қандай қоғамдық жұмыстар атқарады. (Тұрақты ма?
Тұрақсыз ба? Оларды қалай атқарады?)
10.
Оқушының жеке басының бағытталуы және
қабілеттері.
- қызығушылығы (оқушының қызығатын істерін түгел
айтып шығу: кітап, сурет салу, музыка, спорт, бір заттарды
жинау т.б.)
- Кітап оқығанды жақсы көре ме? Қандай әдебиетті оқиды:
көркем әдебиет, ғылыми әдебиеттерді ме? т.б. - оқушының
қызығуының тереңдігін және белсенділігін көрсету керек.
- егер оқушы тек қызықтап қана қоймай, ол іспен тұрақты
айналысса толық көрсету.
- бір өнерге ерекше қабілеті бар ма? (музыкаға, суретке,
артистік қабілетке т.б. Олар қалай көрінеді?).
- нені армандайды, келешекте не істеуге талпынады, қай
кластан бастап қиялдай бастады.
11. Тәртіптілік.
- оқушы тәртібіне жалпы мінездеме (өзін сабырлы ұстауы,
ұстамауы немесе мазасыздануы, тынышсыздануы).
- мектеп ішінің тәртіп ережесін сақтауы.
- мұғалімдердің тапсырмасын орындау (ынтамен істеуі,
немесе қажеттілікпен істеуі, мұғалімдердің тапсырмасын
жиі орындамай қоюы).
70
12. Кластастарымен қарым-қатынасы (класс оқушыларын
жақсы көре ме? Беделі бар ма? Жоқ па? Бар екенін қалай
байқадың. Жолдастық қарым-қатынасы қалай?).
13. Мектеп оқушыларымен қарым-қатынасы (Балалармен
қақтығысы бар ма, оған не себеп?)
14. Класс жетекшісі, пән мұғалімдерімен қарым-қатынасы
(Сыйлай ма? Қайшылықтар бола ма? Болса не себепті?)
15. Өзінің ұжымдағы алатын орны ұнай ма, ұнамаса қандай
орын алғысы келеді?
16. Мектепте болған уақытын бағалай ма?
17. Мінез және темперамент ерекшеліктері.
- мінезінің айқын көрінетін дұрыс және теріс жақтары.
- жеке басындағы көрініс (оқуда, ұжымда, еңбектегі
қарым-қатынасы, мейірімділігі, қаталдығы, тиянақтылығы,
қарапайымдылығы).
- ерік қасиеттері (жігерлілігі, өз беттілігі, қайсарлығы т.б.)
- темперамент ерекшеліктерінің көрінуі (эмоциялық
сезімдері, қимылы, тіл табысуы)
- көңіл-күйі (көңілділігі, уайымшылдығы, жасқаншақтығы,
көңіл-күй тұрақтылығының қандай себептерден өзгеруі).
18. Оқушыға қатысты студент-практиканттың
ұсыныстары, пікірі, тілектері.
Достарыңызбен бөлісу: |