61
Мамандыққа бейімдеудің
әдістемелік ұсынысы
бірнеше
кезеңдерден
тұратын
жұмыстар
жүйесін
ұсынады.
Педагогикалық
практиканың
алғашқы
аптасында «Мамандықты бағала» сауалнамасы өткізіледі.
Сауалнамаға қазіргі заманға лайықты 10-15 танымал, және
танымал емес (мысалы, ұшқыш, инженер, әртіс, дәрігер,
сатушы, фермер, темір ұстасы, мұғалім, менеджер, заңгер,
журналист, аспазшы, даяшы және т.б.) мамандықтардың
атауы кіреді. Оқушыларға мамандықтарды он балдық жүйе
бойынша бағалау беріледі.
Сауалнама нәтижесі бойынша «Ұнайтын мамандық»
тақырыбы жайлы әңгіме жүргізеді. Әртүрлі
саланың
мамандары шақырылуы мүмкін.
Екінші кезеңде оқушыларға «Кім болғың келеді»
сауалнамасы беріледі.
Сауалнама сұрақтарының үлгісі:
1.Қандай мамандықты таңдадың?
2.Таңдау себебі:
А) ата-аналардың кеңесі бойынша;
Б) мұғалімдердің кеңесі бойынша;
В)
достарымның кеңесі бойынша;
Г) мамандықтың қоғамдық мәнін түсінгендіктен;
Д) менің қызығушылығым мен қабілетіме сәйкес келеді;
Ж) мәртебелі мамандық.
Сауалнама нәтижесі бойынша «Мамандық таңдау өлшемі»
деген класс сағаты өткізіледі. Осы класс сағатында үшінші
сауалнаманы өткізуге болады. Оқушыларға келесі үш
сұраққа жауап беруге ұсынылады:
1. Сен таңдаған мамандыққа қандай білімділік, тапқырлық
және өзіндік қасиеттер қажет (атап өт)?
2. Өзіңнің ерекше қасиеттеріңді айт (атап өт)?
3. Кейін немен айналысасың (атап өт)?
62
Соңғы кезеңде «Шынайы мамандық иесі қандай болу
керек?» тақырыбында бұрынғы
жасалған жұмыс базасы
негізінде класс сағаты өтеді.
Класс сағаты аяқталған сәтте өзін-өзі тәрбиелеу және
өздігінен білім алу бағдарламасын құру бойынша кеңестер
беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: