С) Жалпы психологиялық-педагогикалық
қорытындылар
1. Оқушы жеке тұлғасын қалыптастырудағы негізгі
жетістіктер мен кемшіліктер. Кемшіліктердің (ішкі және
сыртқы себептері). Жанұя тәрбиесі, жағдайы, ауруы,
белгілі бір қабілеттіліктің, дағдының болмауы және т.б.).
2. Оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізудегі мұғалімнің
алдына қойылған маңызды психологиялық-педагогикалық
міндеттерді шешуі.
Темпераментті анықтау әдістемесі
Тест
Мына берілген төрт қасиеттердің қайсысы сізге тән:
1. а) ұшқалақ, жеңілтек, абыржығыш, тынышсызбын
б) көңілді, шат, жарқын жүздімін
в) салмақты, сабырлы, байсалдымын
64
г) ұялшақ, жасқаншақ, именгішпін.
2. а) ұстамсыз, ашушаңмын
б) жігерлі, қайратты, іскермін
в) жүйелі, бірізді, байсалды, тыңғылықтымын
г) жаңа ортада сасу, абыржу маған тән.
3. а) шыдамсыз, сабырсызбын
б) бастаған ісімді аяғына дейін жеткізбеймін
в) ұқыпты, сақ, есті, парасаттымын
г) жаңа адамдармен байланысқа түсу маған қиын
4. а) тік мінезді, ашық, турашылмын
б) өзімді асыра бағалауға бейіммін
в) күте білмеймін
г) өз күшіме сенбеймін.
5. а) батыл, ынталымын
б) жаңаны тез ұғып алатын қабілет менде бар
в) тұйық, сараң, босқа сөйлегенді ұнатпаймын
г) жалғыздыққа қайғырмаймын.
6. а) қисық, қыңыр, қиқармын
б) қызығушылықтарым тұрақсыз
в) сөйлегенде жай ырғақпен, бір қалыпты,
тоқталыстармен сөйлеймін
г) сәтсіздіктерге кездескенде сасып қалу және
жабырқаушылық болып тұрады.
7. а) талас, дауда тапқырлық танытамын
б) сәтсіздіктер мен ұнамсыз жағдайларды қайғырамын
в) ұстамды, шыдамдымын
г) өзімен-өзім болғанды ұнатамын.
8. а) тәуекел істерге бейіммін
б) түрлі жағдайларға тез үйренемін
в) бастаған істі аяғына дейін жеткіземін.
г) тез шаршаймын, әлсізбін.
9. а) жұмысты, істі жұлқынып істеймін
б) жаңа іске қызығушылықпен кірісемін
в) босқа күш жұмсамаймын
65
г) бәсең, жай сөйлеймін, кейде тіпті баяумын.
10. а) кек сақтамаймын және үрейшіл, жасқаншақпын
б) егер бір нәрсе қызықтырмаса тез суимын
в) қатал күн тәртібін, жұмыста белгілі бір жүйені
ұстаймын
г) еріксіз әңгімелесушінің мінезіне көнемін.
11. а) өте тез және қызба, іркіліспен сөйлеймін
б) жаңа іске тез кірісіп кетемін және бір істен екінші
іске тез ауысамын
в) кенет ұмтылысымды жеңіл ұстап қаламын
г) көзден жас шыққанша әсершілмін.
12. а) ұшқалақ, қызбалыққа бейіммін
б) күнделікті біріңғай жұмысты қайғырып,
азаптанамын
в) қолдағанды және ұялтқандыкөп қайғырмаймын
г) қоршаған ортадағы адамдарға, өзіме талаптарым
жоғары.
13. а) агрессивті, төбелесуге әзірмін
б) көпшіл, қайырымды, ықыластымын
в) жылы жүзді жуас, өзіне бағытталған өткір орынды-
орынсыз сындарды кішіпейілділікпен қабылдаймын
г) күдікшіл, күмәншілмін
14. а) сынға шыдамсызбын
б) шыдамды, жұмысқа қабілеттімін
в) қызығушылықтарым тұрақты
г) сезімтал, тез жараланғышпын.
15. а) айқын ымдауға қабілетім бар
б) анық және нақты дене қимылдарыммен қабаттас
жүретін сөйлеуге бейіммін
в) іске өте жай қосыламын және бір істен екінші іске
ауыса беремін
г) шектен тыс өкпешілмін.
16. а) тез шешім қабылауға және істі тез істейтін қабілетім
бар
66
б) қандай жағдайға да сабырлымын
в) қарым-қатынаста бәріне бірдей қараймын
г) тұйық, көппен араласпаймын
17. а) әрқашан жаңаға ұмтыламын
б) көңіл-күйім әрқашан сергек
в) барлық істерде ұқыптылықты ұнатамын
г) белсенділігі аз, ұялшақ, жасқаншақпын.
18. а) қызу, тез қимылдар иесімін
б) тез ұйықтап кетемін, тез оянамын
в) жаңа ортаға үйренуім қиын
г) көнгіш, тіл алғышпын.
19. а) жинақы емеспін, шешім қабылдауға асығыстаумын
б) қойған мақсатыма жеткенше өжеттілік танытамын
в) селсоқ, жігерсіз, қозғалыстарым аз, көңілсіз,
босаңмын
г) бастаған ісімді аяғына жеткізбеймін
20. а) көңіл-күйім тез ауысып отырады
б) кейде алаңдап, іске үстүрт қарауға бейіммін
в) зор табандылық танытып, төзімдімін
г) қолдау мен ұялтуға өте сезімталмын.
Қанша рет «а», «б», «в», «г» нұсқаларын таңдап алдық,
солардың әрқайсысын 5-ке көбейтіңіз. Содан шыққанның
қайсысы басым болса, онда, сіз сол типке жатасыз.
а)
Холерик – ұстамсыз, ұшқалақ тип. Қимыл-әрекетті
сүйеді. Оның қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол
қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып
орындайды. Ой-әрекеттің белсенділігі оқу тапсырмаларын
орындауынан
көрінеді.
Спорт,
әсіресе
қозғалыс
ойындарына бар ықыласымен қатысады. Мінездері сотқар,
ашушаң келеді. Өз эмоциялары мен қимыл-қозғалыстарын
билей алмай, қабынып, күйіп-пісуге дайын тұрады.
Бұлардың сөзі жылдам, интонациялары толқымалы, кейде
қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді тез ұйытады. Олар өте
67
сезімтал, түрлі әсерлерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ
келеді. Оның мұндай мінез ерекшеліктері өткір көзінен, тез
және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
б)
Достарыңызбен бөлісу: |