137
жеке адамның кейбір ерекшеліктерін, оған мамандық
қоятын талаптарды жете білген жөн.
Осыған байланысты
күні бұрын професссиограмма жасалады.
Компетентность (құзыреттілік) - оқушының іс-әрекет
тәсілінің
жиынтығындағы
әлеуметтік
қажеттілігін
анықтайтын меңгерген білім беру нәтижесінің тікелей
көрсеткіші.
Компетенция (құзырлылық) - қойылған мақсат
жетістіктері үшін, ішкі және
сыртқы ресурстарды тиімді
ұйымдастырудағы субъект дайындығы.
Критерий - негізгі баға сәйкес белгі, бір нәрсені
анықтаудың және топтастырудың,
тексерудің әдісі,
теориядағы шындықтың немесе жалғандықтың жайы.
Метапәндік нәтиже - негізгі қалыптасқан құзыреттілікті
іс-әрекеттің әмбебап тәсілі ретінде, білім беру процесі мен
шынайы өмір жағдаятында мәселені шешу аймағында
қолдану.
Модерация - дескрипторлық мақсат негізінде объективті
бағалауды талқылау.
Профессиограмма - бұл белгілі бір мамандықтың
ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу (жазу).
Портфолио - оқу іс-әрекетінің танымдық объектілерінде
әртүрлі
технологиялармен
жұмысты
ұйымдастыру
процесін бір уақытта бағалау және көрсету.
Педагогикалық таксономия - педагогикалық жүйелер
мақсатымен ішкі категориялар деңгейінің бірізді нақты
құрылуы.
Педагогикалық парадигма - педагогикалық мәселені
шешуде жетекшілік жасаудың сапалы үлгісі, педагогика
дамуының әрбір кезеңінде ғылыми педагогикалық қоғам
қабылдаған
теориялық, әдіснамалық және басқа да
құрылымдар жиынтығы.
Рефлексия - ішкі психикалық акті, жағдайы мен
ерекшелігін,
сыртқы әлемін, қарым-қатынасын, мінез-
138
құлқының басқаларға әсерін,
яғни адамның өзін-өзі тану
процесі.
Достарыңызбен бөлісу: