Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет118/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«...Шәріп екеуміз іздеп барғанда Қаныш Иман тайұлы таңбалы 
тастың іргесінде көлеңкелеп отыр екен. Бізге жайраңдай қа-
рап: «Қане, жастар, мынаны қозғап кө ре лік. Алтыншоқыдан 
алтынға бергісіз қа 
зына таптық білем. Меніңше, өте қым-
бат дүние. Сірә, көне уақыттың бел гісі», – деп түсінік бергені 
есімде. Қым бат тығы рас болу керек. Геологтің шымыр бо ла ттан 
құйылған балғасымен түйгіш теп көріп едік, титтей де сызат 
түсіре алма 
дық. Үшеуіміз олай-бұлай ырғап қозғай алсақшы. 
Зілма уырлығы сонша! Қосқа келіп, шай ішіп, біраз дем алған соң 
қайта бардық. Мен «Фотокормен» бетіндегі таң басын сурет-
ке түсірдім. Таңбаның анық көрінуін ойлап, суретке түсірерден 
бұрын кәдімгі тіс ысатын ақ ұнтақпен әрбір әрпін мұқият 
ағартып шыққанмын. Осы тас туралы жарияланған еңбектерді 
безендірген айшықты сурет дүниеге осылай келді...»
Өзі тапқан белгі тастың фотосуретін Қа 
ныш Иман 
тайұлы 
Мәскеуге, КСРО ҒА-на жолдаған. Бірнеше айдан соң академияның 
хабаршы журналында «Ұлытау тасы» туралы хабар жариялан-
ды. Белгілі шығыс зерттеу шісі, профессор Поппэ тас бетіндегі 
жазуды ажы ратып, оның көне дәуір белгісі екендігін, Әмір Темір 
жорығынан қалғандығын, тіпті жазылған жылы мен мәтінін де 
анықтайды.
Бертінде қазақ ғалымы Ә.Х. Марғұлан оны қайыра зерттеп, бы-
лай деп түпнұсқаға жақындата тәржіма жасаған: «Тәңірі нісбет 
(несіп) бергей. Тарих йсты юз тоқсан екіде, қой іл, йазаның ара 
айы. Туранның сұлтаны Темір бек юз мың черік біла... Тоқтамыш 
хан біла санычмаққа йучді. Бұ иерден өтіп, белгү болсын деп бұ 
обаны қобарды. Іншалла, тәңірі бұл кішіге рах мат қылғай, бізні 
дұға біле йат қылғай».
...1936 жылдың күзінде Қарсақбайға, Қ.И. Сәтбаевтың атына 
Ленинградтан хат келеді. Хатты Эрмитаждың сол кездегі ди рек-
торы, академик И.А. Орбели жолдапты: академияның Ұлы тауға 
арнаулы ғылыми экспедиция жіберуге шешім алғанын, Темір-
дің жорық жолында қалдырып кеткен тас белгісі бұдан былай 
Эр ми тажда сақтала тын дығы жайлы ғылыми кеңестің қаулысы 
болғанын хабарлай келіп, экспедиция мүше лері нен таңбалы тас 
жатқан Алтыншоқыны көрсетуді өтініпті.


294
Медеу СӘРСЕКЕ
Сөйтіп, XIV ғасырдың көне белгісі сол күзде-ақ әлем асыл-
дарының ұлы ордасы – Эрми таждың 10-залына, екі терезе аралы-
ғындағы бірінші тағанға қойылыпты (1969 жылдың ақпан айында 
мен оны сол жерде көргем-ді. Тек тасты тұтас әкете алмай, жазу 
түскен бетін болат пышықпен қарыстай қалың етіп кесіп әкеткен).
ІІІ
Қаныш Имантайұлы «Ұлытау тасына» геологиялық сая-
хат кезінде кездейсоқ жолыққан. Тек оның тарихи ескерт кіш 
екендігін бірден болжамдап, КСРО ҒА-сына хабарлауын кездейсоқ 
қарекет деуге бола ма? Жоқ. Әрнеге әуестік, одан да гөрі ғылым 
сырына құмарлық оны жиыр ма жасында есеп жың ғылына қойып 
кетіп, «Қазақша алгебра» оқулығын жазуға баста 
ды. Тап сол 
ынтызарлық студент Сәтбаевты туған халқының ауыз әдебиеті 
үлгілерін жинауға әуей етіп, бұл істе де тыңға түрен салғандай, 
фольклор іздеушілердің бірі болғандығын аңғартты. Сол саладағы 
алғашқы еңбегі – Семейде шығатын «Қазақ тілі» газетінің 1923 
жылғы 13 желтоқсанда «Байшуақ» (Сәтбай ата сы ның есімінің 
шуақ ты, сәулелі, сәтті мағына сынан туған сөз) деген лақап атпен 
«Обаған» әнінің туу тари хын, сол әнді айтушы қартаң әйел мен 
тыңдаушы көптің әсерін жариялаушы былай сипаттайды:
«...Көз алдыңа Сарыарқа, сайран жер, нулы ел, сары қымыз, саф ауа, сан 
еркіндік тің ұшқындары елестейді. «Қызықты қайран дәурен, өттің-кеттің
қайыры лар күнің бар ма?» деген сияқты жүрекке біртүрлі тәтті уайым, май-
да сағыныш түскендей, жіңішке нәзік дауыс бір мезгіл де тіпті солқылдай зар-
лайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет