К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет51/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   195
Байланысты:
foreign 745

62
 
(requirements management) білдіреді:
■ 
бағдарламалық қамсыздандыруға қойылатын талаптарды анықтауға, 
ұйымдастыруға және құжаттауға жүйелік тәсіл;
■ 
тапсырыс 
берушілер 
мен 
әзірлеушілердің 
арасындағы 
бағдарламалық қамсыздандыруға қойылатын талаптарға қатысты 
келісімді белгілейтін процесс. 
Бағдарламалық қамсыздандыруға қойылатын талаптарды басқару 
келесі мақсаттарды көздейді:
■ 
тапсырыс беруші мен пайдаланушының бағдарламалық өнім не істеу 
керектігі туралы келісімге жету; 
■ 
әзірлеушілердің тарапынан бағдарламалық қамсыздандыруға 
қойылатын талаптарды түсінуді жақсарту; 
■ 
бағдарламалық қамсыздандыру шекараларын белгілеу, яғни 
компьютер 
аппаратурасына, 
операциялық 
ортаға 
және 
бағдарламалық қамсыздандырудың мүмкіндіктеріне қойылатын 
техникалық талаптарды анықтау; 
■ 
жоспарлау үшін базисті анықтау. 
Басқару мүмкіндігі әзірлеу кезінде басымдықтарды белгілеу керек 
болады, ол барлық талаптарды үш санатқа бөледі: 1) «орындау қажет»; 
2) «орындау керек»; 3) «орындауға болады». 
Функционалды және функционалды емес талаптар бар. 
Функционалды талаптар бағдарламалық қамсыздандыру орны іске 
асырумен байланысты шектеулерді ескерусіз орындауға болатын 
әрекеттерді анықтайды. Басқаша айтар болсақ, олар бағдарламалық 
өнімнің ақпаратты өңдеу процесіндегі әрекетін анықтайды.
Функционалдық емес талаптар бағдарламалық өнімнің әрекетін 
анықтамайды, бірақ оның атрибуттарын немесе жүйелік ортаның 
атрибуттарын сипаттайды. Функционалдық емес талаптардың келесі 
түрлерін ажыратуға болады:
■ 
қолдануға қойылатын талаптар пайдаланушы интерфейсінің, 
құжаттама мен оқу курстарының сапасын анықтайды; 
■ 
өнімділікке қойылатын талаптар функционалдық талаптарға 
шектеулерді қояды, ресурстарды пайдаланудың қажетті тиімділігін, 
өткізу қабілеті мен әрекет ету уақытын береді; 
■ 
іске асыруға қойылатын талаптар белгілі бір стандарттарды, 
бағдарламалау 
тілінің, 
операциялық 
ортаның 
және 
т.б. 
қолданылуына алғышарт болады; 
■ 
сенімділікке қойылатын талаптар рауалы жиілікті негіздейді және 
бағдарламалық қамсыздандырудың жұмысына істен шығудың 
әсеріне негіз болады, сондай-ақ істен шығудан кейін БҚ қалпына 
келу мүмкіндіктерін негіздейді; 


63
■ 
интерфейске қойылатын талаптар сыртқы мәнін анықтайды (яғни, 
пайдаланушылардың және кез келген сыртқы құрылғының), жүйе 
өзара әрекет ететін және осы өзара әрекет етудің регламенті. 
Талаптарды қалыптастыру сатысын болашақ бағдарламалық 
қамсыздандырудың сәулетінің қалыпты емес анықтамасының сатысы 
деп атауға болады. Бұл саты біршама күрделі және жауапты болып 
табылады. Жобамен жұмыс істеу процесінде тапсырыс берушіде де, 
орындаушыда да бағдарламалық қамсыздандыру туралы түсінік 
өзгереді. Сол себепті ең алғашқы сатыларында құрылатын 
бағдарламалық қамсыздандыру қандай сипаттамаларға ие болуын 
анықтау қиын. Талаптарды қалыптастыру сатысы тапсырыс берушінің 
алғашқы талаптарын, талаптарды құрылымдауды және бәлкім, 
прототипті салуды талдауды қамтиды.
Талаптарды құру циклды процесс болып табылады. Егер талап 
қорытындысында құрылған және бекітілген болса, онда әзірлеу 
бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік циклының келесі фазасы - 
жобалауға өтеді. Әйтпесе, алғашқы талаптарға талдау қайта өткізіледі. 
Әрбір циклде бағдарламалық қамсыздандырудың сипаттамасындағы 
семантикалық қателер анықталып, жойылады. Бұл ретте талаптарды 
құру процесінің аяқталу сәтін анықтау мүмкін емес. Ол аяқталуы үшін 
қадамдардың бірінде саналы түрде жеткіліктілік принципін 
басшылыққа ала отырып, құрылған талаптардың семантикалық қателері 
жоқ және бағдарламалық қамсыздандыру нені сипаттау керектігі жайлы 
шешім қабылдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет