57 2.6-сурет. Тәуекел деңгейінің әзірлеу уақытына тәуелділік
графикалары
Итерациялық тәсіл компоненттердің қайта пайдаланылуын
жеңілдетеді (бағдарламалауға компонентті тәсілді іске асырады). Бұл
жобаның жалпы бөлімдерін, олар жекелей әзірленгендігін анықтауға
қолайлы болу үшін (сәйкестендіру) қажет, оларды жобаның басында
белгілеп алуға қарағанда жеңіл. Бірнеше бастапқы итерация өткізуден
кейін жобаға талдау жасау жетілідірілетін келесі итерацияларда
қолданылатын компоненттерді бірнеше рет анықтауға мүмкіндік береді.
Шиыршықты модель едәуір сенімді және тұрақты жүйені алуға
мүмкіндік береді. Бұл жүйені дамытуға қарай қателер мен әлсіз
орындарды анықтауға және әрбір итерацияда түзетілуіне байланысты
бір уақытта тиімділіктің сыни параметрлері түзетілуі мүмкін, ол
каскадты модель жағдайында тек жүйеге енгізу алдында қолжетімді.
Итерациялық әдіс әзірлеу процесін жетілдіруге мүмкіндік береді -
әрбір итерацияның соңында өткізілетін талдау әзірлеуді ұйымдастыруда
не өзгертілуі тиіс және келесі итерацияда оны жақсарту қажеттілігіне
бағалауға мүмкіндік береді.
Шиыршықты модельдің кемшіліктері. Шиыршықты циклдың
негізгі проблемасы – келесі сатыға өту сәтін анықтау. Оны шешу үшін
өмірлік циклдың сатыларының әрқайсысына уақытша шектеу енгізу
қажет. Әйтпесе, әзірлеу процесі жасалғанның өзін үздіксіз шексіз
жетілдіруге айналып кетуі мүмкін. Итерациялық тәсіл кезінде «ең
жақсысы - жақсының қасы» деген принципті ұстанған дұрыс. Сол
себепті тіпті егер де барлық жоспарланған жұмыс аяқталған болса да,
итерацияны аяқтау тек жоспарға сәйкес қатаң жүргізілуі тиіс.
Жұмыстарды жоспарлау әдетте алдыңғы жобаларда алынған
статистикалық деректер мен әзірлеушілердің жеке тәжірибесі негізінде
өткізіледі.