59
нұсқасы кезекті нұсқа ретінде пайдалануға түседі.
ХР негізгі мақсаттары тапсырыс берушінің
бағдарламалық өнімге
деген сенімін әзірлеу процесінің даму сәттілігін анық дәлелдермен беру
арқылы және өнімді әзірлеу мерзімдерін қысқартумен арттыру болып
табылады. Бұл ретте ХР әзірлеудің алғашқы сатыларында қателерді
азайтуға бағытталған. Бұл дайн өнімді шығарудың максимады
жылдамдығына қолжеткізуге мүмкіндік
береді және жұмыстың
болжамы туралы айтуға мүмкіндік береді. ХР барлығы дерлік тәсілдері
бағдарламалық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған.
ХР процесі белгілі тәртіпте болып табылмайды, бірақ өзіндік
тәртіптің жоғары деңгейін талап етеді. Егер бұл ереже орындалмайтын
болса, онда ХР бірден бейберекет және бақыланбайтын процеске
айналады.
ХР бағдарламашылардан көптеген есептерді жазуын және қаншама
модельдерді құруын қажет етпейді.
ХP әрбір бағдарламалаушы білікті қызметкер болып табылады, ол өз
жауапкершіліктеріне кәсіби түрде және үлкен
жауапкершілікпен
қарайды. Егер командада бұл болмаса, онда ХР енгізудің мәні де жоқ -
ең жақсысы алдымен команданы құрумен айналысу қажет. Әзірлеу
тәуекелі ХР керемет келетін командада ғана азаяды, ал басқа ХР
жағдайларында - бұл тәуекелдің біршама жоғары әзірлеу процесі, себебі
коммерциялық
тәуекелді азайту әдістері, адами фактордан басқа, ХР
жоқ.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ТАПСЫРМАЛАР
1. БҚ әзірлеудің базалық стратегияларын атаңыз.
2. БҚ әзірлеудің каскадты стратегиясының мәнін сипаттап
беріңіз.
3. БҚ әзірлеудің инкрементті стратегиясының мәнін сипаттап
беріңіз, осы стратегияны
қолдану артықшылықтарын,
кемшіліктері мен саласын атап беріңіз.
4. БҚ әзірлеудің эволюциялық стратегиясының мәнін сипаттап
беріңіз, осы стратегияны қолдану артықшылықтарын,
кемшіліктері мен саласын атап беріңіз.
5. БҚ әзірлеудің каскадты, инкрементті және эволюциялық
стратегиясының салыстырмалы сипаттамасын беріңіз.
6. Өмірлік циклдың каскадты модельдерінің жалпы қырларын
атаңыз.
7. Өмірлік циклдың классикалық
каскадты моделін бейнелеп,
сипаттап беріңіз.
8. Өмірлік циклдың каскадты моделін кері байланыстарымен
бейнелеп, сипаттап беріңіз. Классикалық каскадты
модельмен салыстырғанда оның артықшылықтары мен
кемшіліктері неде?
9. Өмірлік циклдың
V-тәрізді моделін бейнелеп, сипаттап
беріңіз. Классикалық каскадты модельмен салыстырғанда
оның ерекшеліктері, артықшылықтары
және кемшіліктері
неде?
10. ӨЦ базалық RAD-моделін бейнелеп, сипаттап беріңіз.
Классикалық каскадты модельмен салыстырғанда оның
ерекшеліктері, айырмашылықтары және кемшіліктері неде?
11. RAD-модельдердің
негізгі
артықшылықтарын,
кемшіліктерін және қолданылу саласын атаңыз.
12. Өмірлік циклдың инкрементті
модельдерінің жалпы қырын
атаңыз.
13. Өмірлік циклдың эволюциялық модельдерінің жалпы
қырларын атаңыз.
14. Шиыршықты модельді бейнелеңіз және сипаттап беріңіз.
Өмірлік циклдың осы моделінің артықшылықтары мен
кемшіліктерін атаңыз.